Алматының Әл-Фараби даңғылында өртенген жолаушылар автобусы

Алматыда жолаушылар автобусы түгі қалмай жанып кетті - видео

596
(Жаңартылды 11:12 24.10.2019)
Төтенше жағдай болған жерге өрт сөндірушілер келді. Тілсіз жау ауыздықталды. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ

АЛМАТЫ, 24 қазан — Sputnik. Алматының Әл-Фараби даңғылында автобус түгі қалмай жанып кетті.

Төтенше жағдайлар департаменті оқиғаның мән-жайын айтып берді.

"Сағат 6.45-те Бостандық ауданы Әл-Фараби даңғылы мен Ходжанов көшесінің қиылысында автобустың өртенгені туралы ақпарат келіп түсті. Кейіннен "Yutong" маркалы №32 жолаушылар автобусының өртке оранғаны анықталды. Көлік жүргізушісі тілсіз жаумен өзі күресуге тырысқан", - деп хабарлады төтенше жағдайлар департаменті.

Өрт сағат 07.04-те сөндірілді. Оның аумағы - 25 шаршы метр.

Оқиға болған кезде автобуста жолаушылар болмаған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

Пожар в автобусе
© Sputnik / Стрингер.
Алматыда жолаушылар автобусы өртеніп кетті

Көктемде елордада осыған ұқсас жағдай болған еді. Ол кезде де №13-ші сәтсіз нөмірлі автобус түгі қалмай жанып кетті. Төтенше жағдай салдарынан ешкім зардап шеккен жоқ.

596
Кілт сөздер:
автобус, өрт, Алматы
Тақырып бойынша
Ақтөбе маңында 18 оқушы мінген автобус аударылып кетті   
Төрт адам жанып кетті: Ақтөбе облысындағы жантүршігерлік апаттың мән-жайы
Байқамай қалған: Алматыда он жеті жастағы қызды жеңіл көлік қағып өлтірді   
Қызылорда тұрғыны баласын құтқарамын деп ажал құшты – видео
Балаларды күтіп тұрған: Елордада аялдамада автобустар соқтығысты
Загрузка...