Девочка в лесу, иллюстративное фото

Батыс Қазақстанда екі кішкентай бала жоғалып кетті

439
(Жаңартылды 12:08 25.10.2019)
Іздеуге ауылдың және жақын маңдағы елді мекендердің екі жүзге жуық тұрғыны қосылды. Оралдан құтқарушылар жіберілді

НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан – Sputnik. Батыс Қазақстан облысының Ақжайық ауданындағы Жанама ауылында 2014 және 2017 жылы туған екі бала жоғалып кетті, деп хабарлады төтенше жағдайлар комитеті.

Бейсенбі күні сағат 16.00 шамасында балалар үйдің жанында ойнап жүріп, жоғалып кеткені белгілі болды. Ата-анасы құқық қорғау органдарынан тек 21.00-де көмек сұрады. Қазір іздеумен құтқарушылар, полицейлер және жергілікті тұрғындар айналысып жатыр.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Мой ГОРОД (@moigorodkz)

"Орал қаласынан іздеуге құтқарушылар мен кинологиялық топтар жіберілді. Жанама ауылы мен жақын елді мекендердің аумағын шолып шығу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аймақтағы орман алқаптары тексерілуде", - деді ведомство мамандары.

Қазіргі уақытта іздеуге 30-дан астам қызметкер жұмылдырылған.

439
Кілт сөздер:
Батыс Қазақстан, бала
Тақырып бойынша
ШҚО-да өз үйінің ауласынан жоғалып кеткен 2 жасар бала әлі табылған жоқ
Үйден қашып кеткен: Алматы облысында із-түзсіз жоғалған екі бала табылды
Астанада төрт күн бұрын із-түзсіз жоғалған баланың мәйіті табылды
"Қайда болғанын білмейді": Павлодарда жұмбақ жағдайда жоғалған жігіт табылды
Жиырма жыл бұрын жоғалған қыз ата-анасымен қауышты – видео
Загрузка...