Жас жігіт еденде отыр

Америкалық отбасы 17 жыл бұрын Қазақстаннан асырап алған бала көз жұмды

2012
Бала кезінде америкалықтар асырап алған жігіт биыл 1 қыркүйекте үйінде көз жұмды. Қайғылы оқиғаның себебі айтылмай отыр

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан – Sputnik. Америка Құрама Штаттарында сәби кезінде америкалық отбасы Қазақстаннан асырап алған жігіт көз жұмды. Бұл туралы The Martha's Vineyard Times жергілікті басылымы хабарлайды.

Он сегіз жастағы Дэвин Айсұлу Такабери Массачусетс штатының мектебінде 12 сыныпта оқып, Вест-Тисбери елді мекенінде тұрды. Оның достары көп болған, әрі қазақ диаспорасымен байланыс орнатқан екен.

Дэвин 2001 жылы 16 қазанда Қостанайда туған. Америкалықтар оны бір жас екі айында асырап алыпты.

Ол гимнастика, би және сурет салумен айналысқан. Фотография саласында да жетістіктерге жетті. Дэвин 2018 жылы екі алтын және бірнеше күміс награда иеленіп, Нью-Йоркке Scholastic Awards сыйлығын алуға шақырылды. Оның еңбектері Martha's Vineyard Times және Martha's Vineyard Gazette сияқты басылым беттерінде жарияланды.

Иностранец
Дэвин Такаберидің туындысы

Дэвин трансгендер болған. Ол ЛГБТК (лесбияндар, гейлер, бисексуалдар, трансгендерлер мен квирлер) қауымдастығы атынан мұғалімдер және студенттермен өтетін қоғамдық пікірталастарға қатысқан.

Жігіттің отбасы баласының құрметіне Дэвин атындағы шәкіртақы тағайындау үшін жәрдем жинауда. Олар стипендияны жергілікті мектептің оқушыларына фотография мен бейнелеу өнеріндегі жетістіктері үшін бермек.

2012
Кілт сөздер:
қазақ, бала, АҚШ
Тақырып бойынша
Қытайда 118 баланы асырап алған әйел қамауға алынды
"Кешірім сұрамаңыз": 42 жылдан кейін анасы мен қызы жылап қауышты — видео
Нұра өзені

Қазақстанда үш күнде 15 адам суға батып кетті 

58
(Жаңартылды 12:58 07.07.2020)
Суға батқандардың жартысынан көбі ересектердің қарауынсыз қалған балалар. Төтенше жағдайлар комитеті қауіпсіздік ережелерін сақтауды сұрайды

АЛМАТЫ,7 шілде – Sputnik. Қазақстанда 4-6 шілде аралығына 15 адам суға батып кетті. Оның ішінде жеті бала бар. Бұл жайында төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі хабарлады.

"Өткен демалыс және мереке күндері шомылуға болмайтын орындарда суға түскен 15 адам, соның ішінде 7 бала суға батып кетті. Балалардың барлығы ересек адамдардың қарауынсыз қалған", - делінген ресми ақпаратта.

Жеті балаға қатысты қайғылы жағдай Ақтөбе, Атырау, Алматы, Шығыс Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Қызылорда облыстарында болды.

Бұдан бөлек 4 шілдеде Павлодар облысы Шарбақты ауданының Есілбай ауылында ересек адамдардың қарауынсыз қалған 2018 жылы туған ер бала құдыққа құлап кетті. Жеке тұрғын үйге қарама-қарсы тұрған құдықтың тереңдігі үш метр, оның бір жарым метрінде су толы болған. Бала тұншығып қалды.

Тағы оқыңыз: Ыстықкөлде жоғалған қазақстандық не жағдай болғанын айтып берді 

Ішкі істер министрлігінің төтенше жағдай комитеті азаматтарды қауіпсіздік ережелерін сақтауға шақырады.

 

58
Кілт сөздер:
Қазақстан, адам, су
Тақырып бойынша
Атырау полициясы суға батып жатқан жасөспірімдер қалай құтқарылғанын көрсетті – видео
"Сіңіріңіз тартылса...": суға батпау үшін не істеу керек?
Полицей Қазақстанның туын алу үшін суға түсті – видео
Карантин кезінде суға шомылатындар нені ескеруі тиіс
Талдықорғанда суға батқан көлік жүргізушісін оқиға куәгері құтқарды
Күшік

Атырауда тоңазытқыш есігімен итті азаптаған видеоға қатысты іс тоқтатылды

236
(Жаңартылды 09:50 03.07.2020)
Облыстық полиция департаментінің өкілдері итке екі рет сараптама жасалып, ешқандай жарақат анықталмағанын айтады

НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде – Sputnik. Әлеуметтік желілерде тез таралып, қолданушылардың ашу-ызасын тудырған даулы видео қатысты қылмыстық  іс тоқтатылды.

Ал желіде қызу талқыланған видеода ер азамат иттің мойнын мұздатқыш есігіне қыстырып, азаптаған. Оның осы әрекетіне байланысты құқық қорғау органдарының өкілдері қылмыстық іс қозғаған болатын.

Атырау облыстық полиция басқармасы өкілдерінің түсіндіруінше, күдіктінің іс-әрекетінде Қылмыстық кодекстің 316-бабы (жануарларды азаптау) бойынша қылмыс белгілері болған.

"Алайда, қазір қылмыстық істің тоқтатылғандығы белгілі болды", - деп хабарлайды "Мой город" порталы.

Полицейлердің мәліметінше, азаптаудан кейін итке екі рет сараптама жүргізілгенімен ешқандай жарақат байқалмаған.

"Осы сараптама негізінде қылмыстық іс тоқтатылды", - делінген Атырау облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында итті тірідей өртегендер ұсталды
Айта кетейік, итті азаптаған Еркінқала ауылының тұрғыны Марғұлан Жұматаев өз әрекеті үшін көпшіліктен кешірім сұрады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от kris_p_brothers (@kris_p_brothers_official)

236
Кілт сөздер:
ит, Атырау облысы
Тақырып бойынша
Жасөспірім қызға тиіспек болған педофил итке талана жаздады
Петропавл тұрғыны итті төртінші қабаттан лақтырып жіберді
Сүйіктісін итке жегізген: түрмеге қамалған атақты спортшылар
Итке шалынып құлаған әйел саусақтарынан айырылды
Қаршыға итке бас салды: соңында ешкім күтпеген оқиға болды – видео
Жайылымда жүрген сиырлар, архивтегі сурет

Моңғолия мен Қытайда өршіген оба Қазақстанға қауіп төндіре ме

0
Қазақстан азаматтары Моңғолия мен Қытайда обаның өршуіне байланысты алаңдаушылық танытып, әлеуметтік желілерде ақпарат таратуда

НҰР-СҰЛТАН, 9 шілде – Sputnik. Моңғолия мен Қытайда оба өршіді. Арнайы түсініктеме берген ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринарлық шаралар мен азық-түлік қауіпсіздігін ұйымдастыру басқармасының жетекшісі Салтанат Әбілқасымова Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдай обаның өршуіне әкелуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Тарихи аумақ тұрғысынан алғанда Қазақстан жануарлар обасының таралуы үшін қолайлы болып тұр. Сондай-ақ, Дүниежүзілік жануарлар денсаулығын сақтау ұйымы бүкіл әлемде ірі қара обасының жағдайын қауіпсіз деп таныды. Барлық елдерде мұндай мәртебе бар",– деді Әбілқасымова.

Сонымен қатар, Қазақстан африкалық шошқа обасы бойынша қауіпсіз ел мәртебесіне ие болғанын атап өтті.

"Мемлекеттік ветеринарлық инспекция бірқатар бақылау және қадағалау функцияларын, сондай-ақ профилактикалық шаралар мен диагностикалық сынақтарды жүргізеді. Аурудың алғашқы белгісі анықталғаннан бері жағдай бақылауда",– деп түйіндеді Әбілқасымова.

Оқи отырыңыз: Қостанай облысында ауыл тұрғындарының сиырын ауру деп әкетіп жатыр

Бұған дейін Қытай билігі Ішкі Моңғолия автономиялық аймағында қойшының бубон обасымен ауырғаны туралы хабарлады. Ал Моңғолияда аталған ауруға күдіктенген үш жағдай анықталды.

Айта кетейік, бубон обасы бактериядан туындайды және антибиотиктермен тиімді емделеді.

0
Кілт сөздер:
Қытай, Моңғолия
Тақырып бойынша
ЕАЭО мен Қытай шекарасы арқылы тыйым салынған тауарларды өткізуге бақылау күшейеді
Моңғолия президенті барлық зейнеткердің кредитін жауып берді
Ірі қара малдың 2 мың терісі тиелген жүк көлік Қырғызстан шекарасында тоқтатылды
Ақтөбе облысында асыл тұқымды ірі қара мал неден қырылып қалды?
Байқоңыр маңында оба анықталған жоқ