Өңірлер

Шымкентте такси жүргізуші көлігінен секіріп түсіп, жолаушылардан қашып кетті

© Sputnik / Наталья Селиверстова / Медиабанкке өтуТакси
Такси - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Белгісіз екі жігіт такси жүргізушіні ұрып-соғып, 600 000 теңге талап еткен, ал жәбірленуші табан астында ондай ақшаны тауып бере алмаған

НҰР-СҰЛТАН, 29 қазан – Sputnik. Түркістан облысының полицейлері такси жүргізушіні қорқытып, көлігін тартып алған қылмыстық топты құрықтады, деп хабарлады облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазығұрт АПБ-ге Шымкент қаласындағы такси фирмаларының бірінде жұмыс істейтін Ордабасы ауданының тұрғыны арызданады. Ол белгісіз 2 жас жігіт өзін ұрып-соғып, өлтіремін деп қорқыту арқылы 600 000 теңге талап еткенін, табан астында ондай ақша тауып бере алмағаннан соң, қашып құтылғанын айтқан.

Көліктен қашып шыққан: Түркістан облысында таксисті өлтіріп кетті 

Полицейлердің анықтауынша, күдіктілер такси қызметін пайдаланып, Қазығұртқа апарып-әкелуге келіскен.

Жәбірленушінің айтуынша, түнде жолда жүрген көліктер мен адам аяғы саябырсыған соң, "жолаушылар" пышақпен қорқытып, ақша талап еткен. Ақша болмаған соң, жүргізушіні өлтіреміз деп күш қолдана бастайды. Осы сәтте жәбірленуші жүріп бара жатқан көліктен секіріп түскен. Дене жарақатын алған жүргізуші жолдан көлік тоқтатып, аудандық полиция бөліміне келген.

"Аудандық полицейлер дереу жедел-іздестіру шараларына кірісіп, жәбірленуші мен куәгерлерден жауап алды. Жәбірленушінің көлігі оқиға орнынан 50 шақырым жерден, Сарыағаш ауданынан табылды", - делінген хабарламада.

Күдіктілердің жеке басы анықталып, біреуі Нұр-Сұлтан қаласына қашып бара жатқан жерінен Қордайда ұсталды. Ал екіншісі Шымкент қаласындағы жалдамалы пәтерден құрықталды. Күдікті жас жігіттердің екеуі де Сарығаш ауданының жұмыссыз тұрғындары болып шықты.

Полицейлер табылған көлікті заңды иесіне қайтарды.

Жаңалықтар
0