Реанимация автокөлігі

"Көз алдында өлді": Алматыдағы трагедияның қалай болғанын қала тұрғыны айтып берді

1087
Оқиға орнына жеткен екі жедел жәрдем бригадасының жасөспірімді тірілту әрекетінен еш нәтиже шықпады, ол қайтыс болды

АЛМАТЫ, 7 қараша – Sputnik. 6 қарашада Алматыда жаттығу кезінде оқушы кенеттен көз жұмды. Өлімнің себебі тергеу аясында тағайындалған сот-медициналық сараптама аяқталғаннан кейін анықталады.

Төтенше жағдай туралы Алматы тұрғыны Жібек Жолдасова өзінің Facebook парақшасында жазды.

"Кеше менің ұлым командадағы жолдастары секілді қатты күйзелісті бастан кешірді. Құрдасы көз алдында жан тапсырды. Бәрі жаттығу кезінде болған. Баламның айтуынша, бұл күні ағзаға анау айтқандай салмақ түспеген, денені ширатып, содан кейін ойнаған. Жігіт кенеттен жүрегін ұстап, құлап түсіп, көз жұмған. Екі жедел жәрдем бригадасы келген, бірақ ажалдан құтқара алмады", - деп жазды ол.

Жібек Жолдасованың айтуынша, балалар жаттыққан секцияда олардың денсаулығын бақылауға мұқият көңіл бөлінген. Алғашқы жаттығуға келмес бұрын 13-15 жас аралығындағы жасөспірімдерге жүрекке ультрадыбыстық зерттеу (УЗИ) жасатып, денсаулық жағдайы туралы анықтама ұсынуы қажет болған.

Түркістан облысында оқушы мектепте алған ауыр жарақатынан қайтыс болды 

"Аяқ астынан болған қаза, әсіресе, ата-аналар үшін өте қиын. Кешке жаттықтырушының өтінішімен барлығын полицияға куәлік етуге шақырды", - деп толықтырды әйел.

Алматы полиция департаменті оқушының қайтыс болғанын растады.

"15 жастағы жасөспірімнің кенеттен қаза болу фактісін қазіргі таңда Алмалы аудандық полиция басқармасы тергеп жатыр", - деп хабарлады қалалық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Трагедияның нақты себебі сот-медициналық сараптама барысында анықталады.

1087
Кілт сөздер:
трагедия, Алматы
Тақырып бойынша
Ақтауда ата-ана қызының өліміне мектеп мұғалімін кінәлап отыр
Полиция Ханшатырдағы трагедияның мән-жайын анықтады
Ақмола облысындағы сенбілік кезінде 14 жастағы оқушы мерт болды
Телефоннан тоқ соққан қыздың сынып жетекшісі: "Ақкөңіл, ақжарқын оқушы еді"  
Қыршын кетті: Алматы облысындағы жасөспірімнің қазасы желіні дүрліктірді
Загрузка...