Жылу жолы, архивтегі фото

Тұншығып қалған: Петропавлда ер адам жазатайым оқиғадан көз жұмды

2359
(Жаңартылды 15:47 08.11.2019)
Қайғылы оқиға түнгі уақытта болған. Полиция қызметкерлерінің мәліметінше, ер адам орды байқамай қалуы мүмкін

ПЕТРОПАВЛ, 8 қараша – Sputnik. Петропавлда ер адам жылу жолын жөндеу үшін қазылған терең траншеяға құлап, көз жұмды, деп хабарлады Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оқиға түнгі уақытта болды. 35 жастағы ер адам орды байқамай қалса керек, оған құлап, шыға алмай, ішіндегі суға тұншығып қалды.

Тағы оқыңыз: Павлодар облысында бұқасын іздеп кеткен тұрғынның денесі ауыл шетінен табылды

Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаны растап, бұл істі қарау әлі жалғасып жатқанын, барлық мәлімет, атап айтқанда, жылу жолы қоршалған-қоршалмағаны анықталып жатыр.

"Петропавлда Крепостная көшесі, 152 мекенжайындағы үйге қарама-қарсы жылу жолының жанынан ер адамның мәйіті табылды. Оқиға орнына жедел тергеу тобы жіберілді. Мәйіт сот-медициналық сараптамаға жіберілді", - деді баспасөз қызметінің өкілі Динара Сағындықова.

Алдын ала болжам бойынша, 1984 жылы туған Петропавл қаласының тұрғыны жазатайым оқиғадан қайтыс болды деген қорытынды жасалып отыр.   

2359
Кілт сөздер:
Петропавл, жазатайым оқиға
Тақырып бойынша
Мектеп ауласында ойнап жүрген бала жазатайым оқиғадан екі қолынан айырылды
Ақмола облысында дәнекерлеуші 4-қабаттан құлап мерт болды
Павлодар облысында жұмысшы топырақ астында тұншығып қалды
Қарабұлақта болған қайғылы оқиға ауыл тұрғындарын дүрліктірді
Загрузка...