Архивтегі фото

Қарағанды облысында әйелдің өртенген мәйіті табылды

943
(Жаңартылды 15:24 14.11.2019)
21 жастағы досымен бірге әйелдің денесін далаға апарып, өртеп жіберген жігіт ұсталды. Тергеу жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 14 қараша – Sputnik. Қарағанды облысында ауыл тұрғындары даладан әйелдің өртенген мәйітін тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Ресми ақпаратқа сәйкес, әйелдің денесі Новая Дубовка ауылынан екі шақырым қашықтықта табылған. Мәйіт толығымен өртелмеген. Тергеушілер әйелдің Абай ауданының 42 жастағы тұрғыны екенін анықтады. Шұғыл іздестіру шаралары барысында күдікті ұсталды. Ол әйелдің танысы болып шықты.  

"21 жастағы ер адам өз кінәсін мойындады. Әйелмен ұрсысып қалғасын оған жарақат салған. Артынан мәйіттен құтылмақшы болған. Сөйтіп, 21 жастағы досымен бірге әйелдің денесін далаға апарып, өртеп жіберген", - дейді облыстық полиция мамандары.

Күдіктілердің мәйітті қай көлікпен тасымалдағаны анықталды. Көлік құралы тәркіленді. Күдіктінің жолдасына қатысты бұлтартпау шарасын қабылдау мәселесі қаралып жатыр. 

Нұр-Сұлтанда күйеуі өртеп жіберген әйел көз жұмды

Оқиға Қылмыстық кодекстің 99-бабы, 1-бөлігі (адам өлтіру) бойынша тергеліп жатыр. Онда 8 жылдан 15 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

943
Кілт сөздер:
Қарағанды облысы, әйел, өртеу
Тақырып бойынша
"Өлтіремін дейді": Күйеуі өртеген әйелдің анасы трагедияға не себеп болғанын айтты
"Қызымды қалай өртеді, солай өртесін" Қаратаудағы сұмдықтың мән-жайы анықталды
Шыбын жанын шырқыратқан: табиғат аясына шыққан үш жігіт жантүршігерлік қылмыс жасады
Қызын өлтіріп, мәйітін өртеген: жазадан жалтармақ болған ерлі-зайыпты ұсталды
Загрузка...