Алматыда рөлге мас күйінде отырған қыз жаяу жүргіншіні басып өлтірді

Алматыда мас күйінде көлік жүргізген қыз жаяу жүргіншіні басып өлтірді

3738
(Жаңартылды 13:44 17.11.2019)
Жол апатынан көз жұмған ер адамның құжаттары болмаған, енді полиция оның кім екенін анықтауы тиіс

АЛМАТЫ, 17 қараша — Sputnik. Алматыда мас күйінде көлік жүргізген 27 жастағы қыз ер адамды қағып өлтірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жол апаты Розыбақиев көшесінде, MEGA Alma-Ata сауда орталығына қарама-қарсы жерде болды.

Куәгерлердің айтуынша, Hyundai көлігі Розыбақиев көшесімен оңтүстік бағытта келе жатқан. Сауда орталығының жанында 27 жастағы қыз рөлге ие бола алмай қалып, көлігі жаяу жүргіншілер жүретін жолға шығып кетіп, ер адамды соққан. Ол алған жарақаттарынан сол жерде көз жұмды.

Машина сбила пешехода
© Sputnik / Стрингер.
Алматыда рөлге мас күйінде отырған қыз ер адамды қағып өлтірді

Қазіргі уақытта ер адамның кім екені анықталып жатыр.

Медициналық тексерістен кейін адам қағып өлтірген қыздың қанында ішімдік болғаны анықталды.

Апат орнында оқиғаның мән-жайын білу үшін криминалистер, жол полициясының қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.

3738
Кілт сөздер:
жол апаты, Алматы
Тақырып бойынша
Мас болған: Баян Алагөзованың қызы мен күйеубаласы жауапқа тартылды
Әйел "мас" нәресте босанды – дәрігерлер сәбидің жағдайы туралы айтты
Мас адам әйелі екен деп 15 жастағы қызын зорлап тастады
Мас әйел көлікпен 17 жастағы қыздарды екі рет басып өтті – видео
Мас жігіт терезеден тастап жіберген 3 айлық баланы куәгер қағып алды  
Алматы облысында 14 бала мас күйінде ұсталды
Загрузка...