Оқиға

Таразда мектеп дәретханасында оқушы қызды зорлаған еркек видеоға түсіп қалды

© Photo : Hans KretzmannДевочка закрыла лицо руками, иллюстративное фото
Девочка закрыла лицо руками, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қылмыс мектеп маңындағы әжетханада жасалған. Педофил бейнебақылау камераларының таспасына түсіп қалыпты

НҰР-СҰЛТАН, 19 қараша – Sputnik. Он екі жастағы оқушы қыз мектепте жүргенде зорлық-зомбылыққа тап болды, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Телеарнаның хабарлауынша, мектепте тек бір дәретхана бар және ол жиі жабық тұрады екен. Сол себептен оқушыларға даладағы әжетханаға баруға тура келеді. Ал оған кез келген адам кіре алады.

Сырттағы дәретханаға жетінші сынып оқушысы да барған. География пәнінен сұранып барған ол педофилге тап болды.

Қыз болған жағдай жайлы сынып жетекшісіне хабарлаған. Екі сағаттан соң азғындық жасаған тұрғын ұсталды. Оқушы қыз оны бірден таныған.

Мектеп аумағы бейнебақылау камераларымен жабдықталған екен. Дегенмен қылмыскер видеоға түсіп қалса да, бұл жайт оған балаға азғындық жасауға еш кедергі келтірмейді.

Тағы оқыңыз: Сенат депутаты кімді өлім жазасына кесу керек екенін айтты

Осы оқиға жайлы белгілі болған соң ата-аналар мектеп әжетханасының дұрыс жұмыс істемегені және бөтен адамға ешкім назар аудармағаны үшін мектеп басшылығын жазалауды талап еткен.

Кейін ұсталған адамның бұрын ұрлық үшін істі болған 38 жастағы тұрғын екені анықталды.

Дәрігерлер зардап шеккен қыздың халі қанағаттанарлық жағдайда деп отыр. Мектептің психолог маманы оқушы сабаққа оралуға дайын екенін айтты, тек әлеуметтік желіде оны қудалау тоқтатылса болды дейді.

Жаңалықтар
0