Түрмедегі әйел

Қызылорда облысында майор әйелдің қылмысы видеоға түсіп қалды

13342
(Жаңартылды 12:40 20.11.2019)
Полиция майоры кәсіпкерден 75 мың теңге пара алды деген күдікке ілініп отыр, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі

НҰР-СҰЛТАН, 20 қараша – Sputnik. Қызылорда облысы Шиелі аудандық полиция бөлімі көші-қон қызметінің басшысы, полиция майорының пара алған сәті видеоға түсіп қалды, деп хабарлайды сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің баспасөз қызметі.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет пен ұлттық қауіпсіздік комитетінің Қызылорда облысы бойынша департаменті "сыбайлас жемқорлық қылмыс жасады" деген күдікпен майор әйелдің заңға қайшы іс-әрекетін әшкереледі.

"Ол Өзбекстан Республикасының он бес азаматына көші-қон картасын заңсыз тіркеу және беру үшін жеке кәсіпкерден 75 мың теңге сомасында пара алды деген күдікке ілініп отыр", - делінген хабарламада.

Күдіктіге қатысты шешімді алдағы уақытта сот шығарады.

Тағы оқыңыз: Қостанайда сотталған шенеуніктің камерасында болған жағдай видеоға түсіп қалды

13342
Кілт сөздер:
пара алу, әйел, полиция
Тақырып бойынша
130 км/сағат: Әйел алты жасар ұлын жүйткіген көлік рөліне отырғызды - видео
Тек әйелдерге беріледі: Қазақстанда жаңа ипотека пайда болды
Қазақстандық әйел жоғалып кеткен ұлын 25 жылдан соң тапты - видео
Үйде қан іздері қалып қойды: Алматы облысында болған қылмыстың мән-жайы
Загрузка...