Автокөлік әйнегі, архив фото

Аялдамадағы апат: қаза болғандардың отбасына қаржылай көмек көрсетіледі

187
(Жаңартылды 19:20 22.11.2019)
Аймақ басшысы өз орынбасарларына жол апатынан қаза тапқандардың отбасыларына қажетті көмек көрсетуді тапсырды

НҰР-СҰЛТАН, 22 қараша – Sputnik. Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов жуырда Қызылордада болған жан түршігерлік апатқа түсініктеме берді. Бұл оқиға салдарынан төрт адам көз жұмды.

Тағы оқыңыз: Қызылордадағы жол апаты: аялдамада тұрған бір үйдің екі баласы қаза болды

"Бұл қайғылы оқиға біз Нұр-Сұлтанға ұшып бара жатқанда болды. Жүргізуші машинасын басқара алмай қалып, аялдамаға соғылды. Бес адамды қағып, оның үшеуі сол жерде тіл тартпай кетті. Тағы біреуі ауруханада қайтыс болды. Әрине, менің атымнан көңіл айтып, қара жамылып отырған жанұялардың үйлеріне барған өз орынбасарларыма, облыс аппараты басшыларына тапсырма бердім. Міндетті түрде қаржылай көмек көрсетіледі", - деп мәлімдеді Қуанышбек Ысқақов орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Еске салсақ, 21 қарашада Қызылордада жеңіл көлік жүргізушісі Назарбаев даңғылындағы автобус аялдамасында тұрған адамдарды қағып кетті. Оқиға орнында үш адам – ер адам мен екі бала (ағасы мен қарындасы) тіл тартпай кетті. Тағы екі тұрғын – анасы мен ұлы ауруханаға жатқызылды. Кейінірек он жастағы бала ауруханада көз жұмды.

187
Кілт сөздер:
материалдық көмек, жол апаты, Қызылорда
Тақырып бойынша
Айыппұлдан түрмеге дейін: қазақстандық жүргізушілер нені білуі тиіс?
Оқиға орнында көз жұмды: актрисаның көліктен неге секіріп кеткені белгілі болды
Оралдағы трагедия: қаза болған қыздың денесін бөтен адамдарға берді
Қызылордада Toyota Camry аялдамада тұрған адамдарды соқты: үшеуі көз жұмды
Загрузка...