Шымкент маңындағы жол апаты

Шымкент маңындағы апат: оқиғаға не себеп болғаны айтылды фото

7645
(Жаңартылды 17:37 24.11.2019)
"Қазавтожол" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі апаттан соң 15 адамның ауруханаға жеткізілгенін айтты

АЛМАТЫ, 24 қараша — Sputnik. Жексенбі, 24 қараша күні Түркістан облысында Алматы - Ташкент – Термез тас жолының 766-шы шақырымында жол апаты болды.  Hyundai Accent пен екі Daewoo Nexia көлігі соқтығысқан.

Крупное ДТП близ Шымкента
предоставлено "КазАвтоЖол"
Алдын ала мәліметке сәйкес, Hyundai көлігінің тежегіші істен шыққан

Алдын ала мәліметке сәйкес, Hyundai жүргізушісі Сарыағаш – Шымкент бағытымен жүріп келе жатқан.

"Көліктің тежегіші істен шықты деген болжам жасалып отыр. Салдарынан машина Daewoo Nexia маркалы көліктермен соқтығысты. Hyundai Accent өртенді", - деп хабарлады Sputnik Қазақстанға "Қазавтожол" ҰК" АҚ баспасөз қызметінің жетекшісі Маржан Ордабай.

Daewoo Gentra жүргізушісі көліктермен соқтығыспау үшін жолды бөгеп қойған қоршауға соғылды.

Тағы оқыңыз: Жол опырылып түсті: Алматыда жантүршігерлік апат болды

Жол апаты салдарынан 15 адам зардап шекті. Қаза болғандар жоқ.

7645
Кілт сөздер:
фото, оқиға, жол апаты, Шымкент
Тақырып бойынша
Оқиға орнында көз жұмды: актрисаның көліктен неге секіріп кеткені белгілі болды
Полицейдің артында екі баласы қалды: БҚО-да болған қайғылы оқиғаның мән-жайы
Қызылордадағы жол апаты: аялдамада тұрған бір үйдің екі баласы қаза болды
Аялдамадағы апат: қаза болғандардың отбасына қаржылай көмек көрсетіледі
Алматыда жантүршігерлік жол апаты болды: қаза болғандар бар
Загрузка...