Жол апаты, Алматы

Жетпіс бес адам Самара Шымкент тас жолында жантүршігерлік апатқа түсті

3915
(Жаңартылды 17:10 02.12.2019)
Апат кезінде автобуста Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтары болған. Түрлі жарақат алған екі адам оқиға орнынан ауруханаға жеткізілді

НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан — Sputnik. Қазақстандағы Самара – Шымкент республикалық тас жолында автобус пен жүк көлігі бір-бірімен соқтығысып қалды, деп хабарлайды «Қазавтожол» ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.

Алдын ала мәліметке сәйкес, Neoplan маркалы автобус жүргізушісі Daf маркалы жүк машинасымен соқтығысып қалған.

Жол апаты бүгін, 2 желтоқсан күні Қызылорда облысы Шижаға ауылының маңында болды.

«72 адам – Өзбекстан мен Тәжікстан азаматтары эвакуацияланды. Оларға барлық қажетті көмек көрсетілді. Жедел жәрдем дәрігерлері екі зардап шеккен азаматты Арал аудандық орталық ауруханаға алып кетті. Болжам бойынша, олардың аяқтары сынған. Алдын ала ақпаратқа сай, жапа шеккендердің екеуі де – автобус жүргізушілері», – деп хабарлады «Қазавтожол» баспасөз қызметінің басшысы Маржан Ордабай.

Оның айтуынша, жүк көлігін тізгіндеген Өзбекстан азаматы зардап шекпеген. Қазір жол апатының мән-жайы анықталып жатыр.

Тағы оқыңыз: Ресейде автобус көпірден құлады: қаза тапқандар саны 15 адамға жетті

3915
Кілт сөздер:
зардап шеккендер, Самара-Шымкент жолы, жол апаты
Тақырып бойынша
Шымкент маңындағы жол апаты: оқиға орнында түсірілген видео жарияланды
Шамалғандағы трагедия: қайтыс болған жүргізушінің әйелі өз шындығын айтты – видео
Ішкі істер министрлігі тұрғындарға үндеу жасады
Солтүстік Қазақстанда жолаушылар автобусы апатқа ұшырады
Батыс Қазақстанда жантүршігерлік жол апатынан 12 адам зардап шекті
Кісен, архивтегі сурет

Полиция Шымкентте болған қылмысқа қатысты ақпарат жариялады - видео

1076
(Жаңартылды 09:02 04.08.2020)
63 жастағы ер адам қатыгездікпен өлтірілді. Оқиға Алматы шоссесі мен Әл-Фараби көшелерінің қиылысында болған

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз — Sputnik. Шымкент полициясы ер адамды ұрып өлтірген Түркістан облысының тұрғынын ұстады.

Қылмыс 26 шілде күні жасалған, деп хабарлайды Рolisia.kz. Полция ақпарат 21.30-да түсті. Оқиға Алматы шоссесі мен Әл-Фараби көшелерінің қиылысында болған. Ер адам жергілікті тұрғынды соққыға жығып, сол жерде қан-жоса етіп қалдырып кеткен. 

Төтенше оқиға орнына жеткен тәртіп сақшылары 63 жастағы ер адам зардап шеккенін анықтады. Күдікті ізін суытқан.

Бұл жағдай Қылмыстық кодекстің 106-бабы 3-бөлігіне сәйкес ("Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтiру") сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіміне  енгізілді. 

Кейін ер адам алған жарақатынан көз жұмды. Іс Қылмыстық кодекстің 99-бап 1-бөлігіне ("адам өлтіру") өзгертілді.

Жергілікті полиция мен автоэкипаж бірлесе, 41 жастағы күдіктіні ұстады. 

Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Шымкенттің мамандандырылған тергеу соты күдіктіні қамауға алу туралы шешім шығарды.

Тағы оқыңыз: Шымкентте түсірілген видео жұрттың жағасын ұстатты - полиция түсініктемесі

1076
Кілт сөздер:
полиция, видео, қылмыс, Шымкент
Тақырып бойынша
Жүздеген адам жиылды - Ақтауда болған жағдайдың видеосы тарап кетті
Шымкентте қандықол қылмыскер бір үйдің төрт бірдей адамын не үшін өлтірді 
Шымкентте лифтінің ішінде әйелді қатыгездікпен өлтіріп кетті
Полковникті ұстау операциясының видеосы жарияланды
ҰҚК Алматы тұрғынын қылмыс үстінде ұстады
Бала, ойыншық

Алматыда полицейлер екі баланы түні бойы іздеді

208
Балалар дүйсенбі күні таңертең табылды. Олар түнді шағын дәмхананың қасында өткізгені белгілі болды. Екеуі де үйден кету себебін айтқысы келмеді

НҰР-СҰЛТАН, 3 тамыз – Sputnik. Алматыда 11 және 8 жастағы екі ағайынды үйден кетіп, қайта оралмаған. Балаларды 30 полицей мен 15 кинолог іздеді. Алты сағаттан кейін балалар аман-сау табылды.

Екі ағайындының жоғалып кеткені туралы хабарлама полицияға түнгі сағат 01:45-те түсті, деп хабарлайды Polisia.kz порталы.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында үш бала тауда адасып кетті, біреуі жардан құлаған 

Ата-анасы балалар үйден кетіп, қайтып оралмағанын айтқан, бірақ бұған дейін ондай әрекет жасамаған.  

Дереу криминалдық полиция қызметкерлері, учаскелік инспекторлар, ювеналды полиция өкілдері мен тергеу-жедел тобының қызметкерлерінен арнайы іздеу тобы құрылды. Сондай-ақ, балаларды іздеуге 15 кинолог тартылды.

"Ең алдымен, үйдің жанындағы аумақты, жақын жерде орналасқан жыра-сайды тексердік, көршілерден сұрастырдық. Қалай болғанда да, біз жақсы нәтижеге қол жеткізуді көздедік", - дейді Алатау ауданы полиция басқармасының бастығы Ілияс Өмірсеріков.  

Ол балалар сағат 07:35-те табылғанын атап өтті. Ағайындылар түнді шағын дәмхананың қасында өткізгені белгілі болды. Балалар бір-бірін мықтап ұстап алыпты. Олар үйден неліктен кеткенін айтқысы келмеген.

Полиция қызметкерлері олардың тұрмысын, отбасылық тәрбиені міндетті түрде тексеріп, ата-анасымен жұмыс істейтіндерін жеткізді. Олар балалар себепсіз үйден кетіп қалмайды деп есептейді.  

208
Кілт сөздер:
балалар, Алматы
Тақырып бойынша
Атырауда үйдің ауласынан 6 жасар қыздың денесі табылды
Түлкібас ауданында 6 ай бұрын жоғалған оқушының не істеп жүргені анықталды
Алматыда әкім іздеу салған оқушы табылды
Атырауда бір жарым жасар сәби жоғалып кетті
Ақмола облысында жоғалған жасөспірімнің 9 жыл бойы қайда жүргені белгілі болды
Жүк көлігі

Жүк көлігі самокат мінген жігітті басып кете жаздады видео

0
Полицейлер жол-көлік апаты бойынша арыз түспегенін айтады. Ал әлеуметтік желі қолданушыларының басым бөлігі самокат мінген жігітті сынап жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 4 тамыз – Sputnik. Алматыда самокат мінген жігіт жүк көлігінің бүйіріне соғылып, доңғалақтың астына түсіп кете жаздады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Әлеуметтік желіде тараған видеоға қарағанда, жол-көлік оқиғасы Әйтиев пен Гоголь көшелеренің қиылысында болған. Самокат мінген жігіт қатты жылдамдықпен жаяу жүргіншілер жолағымен өтіп кетпекші болған.

Бірақ алдынан жүк көлігі шығып қалды. Осы кезде ол аяғын жерге тіреп, жылдамдықты барынша тежеуге әрекеттенеді. Бірақ тым кеш болды. Самокат мінген жігіт бетімен көліктің шанағына соғылып, бір айналып етбетімен құлады. Бірақ көп ұзамай, тұрып кетті. Ал самокаты көліктің астында қалып қойды. Жүк көлігінің жүргізушісі оны байқаған да жоқ, бұрылып кете берді. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от @kris_p_almaty +21 | kz 🇰🇿 (@kris_p_almaty)

Полиция осы жол-көлік апаты бойынша арыз түспегенін хабарлады. Ал әлеуметтік желілерде қолданушылардың басым бөлігі самокат мінген жігітті сынап жатыр. Себебі, жол ережесі бойынша жаяу жүргіншілер жолағынан жаяу өту керек.

"Самокат мінген жігіт тоқтап, түсуі керек. Сөйтіп, жаяу жүргіншілер жолағынан өтуі тиіс еді. Жалпы, самокат пен велосипед мінгендер жолда абай болыңдар! Жол жүру ережесі қанмен жазылған, бұл жолы сәттілік серік болды. Осыдан ой түю керек", – дейді желі қолданушыларының бірі.

Оқи отырыңыз: Батыс Қазақстанда жеті жүк көлігі соқтығысып қалды – видео

0
Кілт сөздер:
Алматы, оқиғалар
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтанда жүк көлігі мен микроавтобус соқтығысты: 11 адам зардап шекті  
Алматыда жүк көлігі қарт кісіні қағып, 300 метрге сүйреп әкетті - фото
Made in Russia: Ресейдің жүк көлігі Қазақстан нарығын қалай жаулап алды
Жүк көлігі бораннан қорықпайтын жүргізушілердің жолын бөгеді
Тежегіші істен шыққан: Алматыда жүк көлігі алты автокөлікті соғып кетті