овчарка, ит

Алматы облысында баланы өз иті талап өлтірді

405
(Жаңартылды 13:59 11.12.2019)
Ит ұлға ата-анасы жұмыста болған кезде шабуыл жасаған. Осыдан кейін үй жануары ұйықтатылған екен. Оқиға Алматы облысында болды

ТАЛДЫҚОРҒАН, 11 желтоқсан — Sputnik. Алматы облысының полициясы өз иті талап тастаған оқушының қазасына қатысты істі тергеп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Қайғылы оқиға 30 қараша күні Еңбекшіқазақ ауданында болған.

Неміс овчаркасы сегіз жасар ұлды талап өлтірген.

Тағы оқыңыз: Бір үйір қасқыр екі итті жарып кетті – видео

Баланың денесі Шелек ауылындағы жеке үйлердің бірінен табылды. Иттің балаға оның ата-анасы жұмыста болған кезде шабуылдағаны анықталды.

Аталған оқиғаға қатысты қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталды.

Бұл факт бойынша тергеу облыстық департамент бақылауында тұр. Бұған қоса, полиция арнайы қызметтердің жануарды ұйықтатып тастағанын хабарлады.

Тағы оқыңыз: Қаңғыбас ит тамақ сұрау үшін ешкім ойламаған қулыққа барды - видео

405
Кілт сөздер:
бала, талап өлтірді, ит
Тақырып бойынша
Әбжыланмен айқасқан ит өліп бара жатып баланы құтқарып қалды – видео
Итті пультпен басқара аласыз: инженерлер жаңа құрылғы ойлап тапты - видео
Туған күннен келе жатқан: Петропавлда мемқызметкер жұмбақ жағдайда жоғалып кетті
Итке шалынып құлаған әйел саусақтарынан айырылды
АҚШ-та автобус күтіп тұрған қазақстандық бүлдіршін ауруханадан бір-ақ шықты
Загрузка...