Оқиға

Қостанай облысындағы трагедияның мән-жайы айтылды

© PhotoРука ребенка, иллюстративное фото
Рука ребенка, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қызыл жалын шарпыған үйде барлығы он адам тұрған. Трагедия салдарынан олардың төртеуі көз жұмғаны белгілі болды

НҰР-СҰЛТАН, 18 желтоқсан – Sputnik. Қостанай облысы Торғай ауылында ірі өрт болып, 4 адам көз жұмды. Оның екеуі нәресте, деп хабарлайды Qostanai.media.

Қайғылы оқиға 15 желтоқсанда болған. Қызыл жалын шарпыған үйде 10 адам тұрған: 5 ересек және 5 бала.

Отбасы кешкі асқа отырған кезде өрт басталған. Ал 20 минуттан соң, үйдің төбесі құлапты.
Ауруханаға түрлі дене жарақатымен 33 жастағы ер адам, 22 жастағы әйел жеткізілген. Олардың денесінің 45 және 40%-ін күйік шалды.

2009, 2011 және 2014 жылы туған балалар екінші деңгейлі күйік алып, Арқалық қаласының ауруханасына жатқызылған.

Тағы оқыңыз: "Хан Шатырдан" өрт шықты

Оқиға орнынан өрт сөндірушілер 1938 және 1985 жылы туған әйелдердің денесін тапты. Сондай-ақ, өрттен 2 нәресте (ұл мен қыз) көз жұмды. Олар бір жасқа да толмаған. Қайғылы оқиға кезінде бір адам жұмыста болған. 

Қостанай облысы төтенше жағдай департаментінің мамандары өрттің неден шыққанын анықтап жатыр.

Жаңалықтар
0