Аурухана, бала

Денесіне темекі сөндіріп, аязда қалдырды: Өскемендегі жантүршігерлік оқиғаның мән-жайы

3765
Дәрігерлер балалардың аш болғанын айтады. Бірнеше сағат далада болғандықтан, қатты тоңған. Оның үстіне денелерінде күйік іздері табылды

НҰР-СҰЛТАН, 21 желтоқсан - Sputnik. Өскемен қаласында денесі күйіп, әбден тоңған ағасы мен қарындасы ана мен бала орталығына түсті. Оларды аналары далада қалдырып кеткен. Ал денедегі күйіктері өгей әкелерінің ісі, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

9 жастағы Данил анасына қайта оралмайтынын айтқан. Бала ДЦП дертіне шалдыққан, жүре алмайды. Ал қарындасы бір жарым жаста. Балаларды туған анасы бірнеше сағат бойы далада ұмытып кеткен. Көршілері дабыл қағып, полиция шақырды. 

Тағы оқыңыз: Оралда туған баласын өлтірген әйел қылмыстық жауапкершіліктен құтылып кетті

Дәрігерлер балалардың аш болғанын айтады. Қатты тоңған. Алайда дәрігерлер балалардың денесіндегі күйік іздерін көріп бұдан бетер шошыған. Данилдың айтуынша, өгей әкелері темекісін балалардың денесіне сөндірген. Қазір балалар тамақтанып, жуынған. Ем қабылдап жатыр. Медициналық орталық дәрігерлері полицияға хабарласты. Іске қалалық қоғамдық кеңес те араласты. Олар балаларды отбасына қайтару қылмыс деп отыр. 

"Бұл расымен де жантүршігерлік оқиға. Әрине, біз тиісті шараны қолға аламыз. Балаларды мамандандырылған үйге тапсыру қатысты өтініш жазамыз", - деді Өскемен қаласы денсаулық сақтау жөніндегі қоғамдық кеңестің төрағасы Татьяна Чернышова.

3765
Кілт сөздер:
оқиға, балалар, аяз, темекі, Өскемен
Тақырып бойынша
Қыздарды азаптаған өгей шешенің абысыны бар шындықты жайып салды
Қыздарды азаптаған жетісайлық өгей шешенің туған баласы бөбектер үйіне жіберілді
20 рет пышақ салған: Ақтауда өгей баласын өлтірген әйел сотталды
Жауыздығымен елдің жағасын ұстатқан өгей әке: Кешірші, Әсел
Ата-анасы әдейі азаптаған балаға көршісі көмектесті: оқиғаның мән-жайы
Ан-2 ұшағы

Қазақстанның шығысында ұшақ өртенді

850
Семей – Үржар бағыты бойынша санитарлық рейс орындаған ұшақ әуежайға қонғаннан кейін жана бастаған

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Қазақстанның шығысында Үржар әуежайында Ан-2 ұшағы өртенді, деп хабарлайды азаматтық авиация комитеті.

Оқиға сағат 15:31-де, әуе кемесі қонғаннан кейін алты минуттан соң болды. Санитарлық рейс орындаған ұшақ Үржарға Семейден ұшып келген.

Өрт шыққан кезде ұшақ бортында адамдар болмаған. Сағат 15:50-де өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Ұшақ "Тараз Жаңа Әлем" жекеменшік әуе компаниясына тиесілі.

Тағы оқыңыз: Қарағанды түбінде апат: әскери ұшақтың құлаған сәтінің видеосы жарияланды

Бұл факті бойынша индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру басқармасы тергеу жүргізіп жатыр.

Жеңіл моторлы Ан-2 ұшақтары ауыл шаруашылығында, әдетте алқаптарға  тыңайтқыштар мен пестицидтер шашу үшін пайдаланылады.

850
Кілт сөздер:
өрт, ұшақ
Астанадағы жедел жәрдем автокөлігі

Атырау облысында жедел жәрдем бригадасы көз жұмды

4812
Исатай ауданы дәрігерлік амбулаториясының екі медицина қызметкері мен жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі мерт болды

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Атырау облысында жол апатынан жедел жәрдем бригадасы қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға Исатай ауданы Зинедин ауылының маңында болған.

Құрылысы былтыр басталған Астраханға баратын тас жолда жедел жәрдем әскери "КамАЗ"-бен соқтығысқан.

"Исатай ауданының дәрігерлік амбулаториясына тиесілі жедел жәрдем көлігінде жүргізуші мен екі медицина қызметкері болған. Олардың барлығы да ажал құшты", - мәлімдеді өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Тағы оқыңыз: Түркістан облысында жантүршігерлік жол апаты төрт адамның өмірін қиды

ІІМ Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы "КамАЗ" рөлінде мерзімді әскери борышын өтеп жүрген 20 жастағы сарбаз болғанын нақтылады.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

4812
Кілт сөздер:
жедел жәрдем, Атырау облысы, жол апаты
Тақырып бойынша
Көкшетау түбінде жол апатынан үш адам көз жұмды
Батыс Қазақстанда жантүршігерлік жол апатынан 12 адам зардап шекті
Тоқтап үлгермеген: 18 көлік соқтығысқан жол апатынан 29 адам зардап шекті – фото
Ақмола облысында жол апатынан екі адам қаза тапты, біреуі – сәби
Блокбекеттердегі полицейлер

"Оңай болған жоқ": министр блокбекеттерде жұмыс істеген полицейлерге алғыс айтты

8
Ішкі істер министрлігінің басшысы 1 маусымнан бастап блокбекеттер алынса да, санитарлық талаптар мен қауіпсіздік шаралары қатаң сақталуы тиіс екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Қазақстанның ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев блокбекеттерде жұмыс істеген полицейлерге ризашылығын білдірді, деп хабарлайды Polisia.kz.

"Бүкіл әлем коронавирус пандемиясымен күресуде. Қазақстан да қалыс қалған жоқ. Дер кезінде қабылданған шаралардың, дәрігерлер, полицейлер, әскерилер мен еріктілердің жанкештілігінің, сондай-ақ, халықтың жауапкершілігі мен тәртіптілігінің арқасында еліміз осы кезеңнен аз шығынмен өтуде", – деді ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев қызмет және бөлімше басшыларымен өткен селекторлық кеңесте.

Министр президенттің тапсырмасымен ішкі істер органдарының барлық күші қоғамдық тәртіп пен тұрғындардың қауіпсіздігін сақтауға, карантин шараларын қамтамасыз етуге бағытталғанын айтты.

52 мыңнан астам қызметкер блокбекеттерде үздіксіз қызмет атқарды. Олардың арасында полицейлер, құтқарушылар, әскери қызметшілер және ішкі істер органдарының медицина қызметкерлері бар.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда блокбекеттер алынып, қалааралық автобустар жолға шығады

Ішкі істер министрлігінің ақпаратынша, өзін-өзі оқшаулау және шектеу режимі кезеңінде қабылданған шаралардың арқасында елдегі қылмыс 26%–ке төмендеді. Полиция мен министрліктің басқа да күштері мұндай ерекше режимде алғаш рет жұмыс істеді.

"Оңай болған жоқ. Тәулік бойы жұмыс істеу, казармалық жағдай, үй мен отбасынан жырақта болу, кейбір азаматтардың түсінбеушілігі мен қарсылығы үлкен психологиялық және физикалық жүктемелер тудырды. Бірақ біздің қызметкерлеріміз 78 күн бойы ел басшылығы қойған міндеттерді нақты орындай отырып, қызмет өткеруді жалғастырды", – деді Тұрғымбаев.

Қызметтік міндеттерін адал орындағаны, блокбекеттерде коронавирустық инфекциямен күрес жөніндегі шараларға тікелей қатысқаны үшін министрдің бұйрығымен ерекше көзге түскен қызметкерлер грамоталармен және алғыс хаттармен марапатталды.

Тағы оқыңыз: "Ешқайда шықпайды": пойыздағы жаңа тәртіп туралы айтылды

Министр, сондай-ақ, қауіп-қатер аймағында жүрген полицейлерге маска мен  комбинезондар дайындаған сотталғандарға да алғыс айтты.

"Елді мекендер арасындағы блокбекеттер алынып тасталады. Бірақ бұл қауіп жоқ дегенді білдірмейді. Азаматтарға санитарлық талаптармен қатар сақтық шараларын қатаң сақтау керек", – деді Тұрғымбаев.

Еске салсақ, карантин режимі кезінде елде 400-ге жуық блокбекет жұмыс істеді, оған 6 мыңға жуық қызметкер тартылды. Осы кезең ішінде блокбекеттерде 3,2 миллионнан астам көлік және 5 миллион жолаушы тексерілді.

8
Кілт сөздер:
Ішкі істер министрлігі, коронавирус, төтенше жағдай
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин