сот

Түркістан облысында қыз алып қашқан жігіт 12 жылға сотталуы мүмкін - видео

163
(Жаңартылды 18:43 24.12.2019)
Видеосы тарап кеткен атышулы оқиға Түркістан облысы Арыс қаласында болған екен

НҰР-СҰЛТАН, 24 желтоқсан – Sputnik. Түркістан облысында жас жігіт өзімен бірге оқыған сыныптасын алып қашпақшы болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Әлеуметтік желіде бірнеше жігіттің жас қызды көлікке күштеп отырғызып, алып қашпақшы болған сәті түскен видео тарап кетті.

Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі оқиғаның Арыс қаласында болғанын нақтылады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от SPUTNIK|ҚАЗАҚСТАН (@sputnik_kz)

"Күдікті үйлену мақсатында мектептегі сыныптасын алып қашпақшы болған. Екеуі бір сыныпта оқыған. Олардың жасы 20-25 шамасында. Алайда қыз келісімін бермеген. Сондықтан жігіт қызды үйіне апарып тастаған. Кейін қыздың анасы Арыс аудандық полиция бөліміне арызданды", - деді баспасөз қызметінің өкілі Sputnik Қазақстан тілшісіне.

Қазіргі таңда бұл факт негізінде ҚР қылмыстық кодексінің "Адам ұрлау" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған.

"Бүгінде сотқа дейінгі тергеу амалдары жүріп жатыр. Оқиғаның мән-жайы тергеу барысында белгілі болады", - дейді Түркістан облысы полиция департаменті баспасөз қызметінің өкілі.

Егер сотта жігіттің кінәсі дәлелденсе, ол төрт жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Алайда күдікті зардап шегушіні өз еркімен босатса, ол қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.

163
Кілт сөздер:
сот, қыз алып қашу, Түркістан облысы
Тақырып бойынша
XXI ғасырдың қазағына оғаш көрінетін салт-дәстүрлер
Қалыңдығын алып қашпақ болған жігіт ел алдында ұятқа қалды - видео
Жамбыл облысынан қыз алып қашқан түркістандық төрт жігіт сотталып кетті
Қыз еңіреп жылады – алып қашу кезіндегі видео жұрттың ашуына тиді
Жауапсыз махаббаттан жалыққан Шу тұрғыны күтпеген әрекетке барды – видео
Аурухана, архивтегі сурет

Блок бекеттегі апат: үшінші полицей жансақтау бөлімінде жатыр

115
(Жаңартылды 16:39 25.05.2020)
Жол апаты кезінде Ербұлан Сейдазым блок бекетте планшетпен көлік жүргізушілерінің рұқсат қағаздарын тексеріп тұрған

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр - Sputnik. Алматы қаласының полициясы ауруханаға түскен құқық қорғаушының жағдайы туралы айтып берді. Ол мас жүргізуші блок бекетке соғылған кезде жарақат алды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбектің айтуынша, есірткі бизнесіне қарсы шұғыл уәкіл Ербұлан Сейдазым жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайы өте ауыр.

"Ол карантин енгізілген бірінші күннен бастап блок бекетте жұмыс істеді. Бүгін түнгі кезекшілікте болды. Дәл қазір оның қалай жарақат алғанын айта алмаймыз. Бірақ бетон плитасынан ұшқан бір кесек тастан жарақат алды деген болжам бар. Енді бір нұсқа бойынша көлік жүргізушісі алдымен оны соққан, сосын барып, патрульдік көлікке соғылған", - дейді Әзірбек.

Машина протаранила полицейское авто на блокпосту в Алматы
© Photo : Polisia.kz
Оқиға орнында түсірілген суреттер

Оның сөзіне қарағанда, жол апаты кезінде жедел уәкіл Сейдазым блок бекетте планшетпен көлік жүргізушілерінің рұқсат қағаздарын тексеріп тұрған. 

"Тергеу шаралары жүргізіліп жатыр. Құқық қорғаушылар осы оқиғаның хронологиясын анықтайды. Барлық қажетті сараптама жасалады. Қазіргі кезде ауыр жарақат алған полицей №7 қалалық клиникалық аурухананың жансақтау бөлімінде жатыр. Бас сүйегінің самай мен желке бөлігі сынған. Жағдайы өте ауыр", - деп атап көрсетті Әзірбек.

Айта кетейік, трагедия бүгін таңғы сағат алтыда Алматыдағы Көксай шағын ауданында болды. BMW көлігін тізгіндеген 28 жастағы жүргізуші, алдымен, блок бекет қоршауына, содан кейін патрульдік көлікке соқтығысқан.

42 жастағы полицей Жарас Жанғазиев оқиға орнында қаза болды. Ал екінші полицей Дастан Әбдіқанов ауруханада есін жимастан көз жұмды.

"BMW" жүргізушісі қамауға алынды.

115
Кілт сөздер:
жансақтау бөлімі, полицей, бекет
Тақырып бойынша
Алматыдағы трагедия: ішкі істер министрі полицейлердің отбасына көңіл айтты
Алматы тұрғыны блок бекетті бұзып өтпек болды: полицей көз жұмды
Алматы блок бекетіндегі апат: екінші полицей көз жұмды
Полицейдің артында 4 айлық баласы қалды: Қостанай облысындағы қайғылы оқиғаның мән-жайы
Екібастұзда полицейдің денесі табылды - қылмыстық іс қозғалды
Автокөліктің жанама айнасы

Балаларды қауіпті жағдайда тасымалдаған павлодарлық жүргізушілер жазаланды видео

64
(Жаңартылды 16:09 25.05.2020)
Көлік жүргізушілері анықталып, тиісті заң шеңберінде жазаланды. Сондай-ақ, оларға түсіндіру жұмыстары жүргізілді

АЛМАТЫ, 25 мамыр – Sputnik. Әлеуметтік желілерде қозғалып бара жатқан көлік терезесінен басын шығарып алған балалар түсірілген видео тарады. Оқиға Павлодар облысында болған, деп хабарлайды Polisia.kz порталы.

Instagram желісіне жүктелген видео облыс полицейлерін бей-жай қалдырмады. Ол жерде балалар жүріп бара жатқан көліктің терезесінен басын шығарған.

Бұл жағдайдың бірі Ақсу қаласында болды. "BMB" автокөлігінің терезесінен балалардың басын шығарып отырғаны видеоға түсіп қалды, баланың бірі алдыңғы жолаушы орындығында отырған. 

Тағы бір дерек Павлодар қаласында тіркелді. Видеода "Тойота" автокөлігінің терезесінен кәмелетке толмаған екі қыздың шығып отырғаны көрінеді. Көлікті 39 жастағы әйел айдаған.

"Көлік жүргізушілеріне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 593-бабы 1-бөлімі ("Жолаушыларды және жүктердi тасымалдау қағидаларын сақтамау") бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды", – делінген хабарламада.

Оларға 5 айлық есептік көрсеткіш (13 890 теңге) көлемінде айыппұл салынып, жол ережесін сақтау бойынша профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтанда балаларды жанып жатқан көліктен құтқарған ер адам марапатталды

64
Кілт сөздер:
балалар, бала, автокөлік, Павлодар облысы
Тақырып бойынша
"Президент, далаға шығуға бола ма?": қостанайлық бала карантиннен шаршады  
"Бала-шағамды зейнетақымен асырап отырмын": Роза Рымбаева карантиндегі өмірі жайлы
Қазақстанда 1 сәуірден бастап айыппұл мөлшері өсті  
"Бала-шағам жейтін тамақ жоқ" дейді": полицейлер карантиндегі жұмысы туралы айтты
Аягөзде төрт бала көз жұмды: министр қандай тапсырма берді
Сағадат Нұрмағамбетов

Нұр-Сұлтанда Қазақстанның бірінші қорғаныс министрі Нұрмағамбетовті еске алды

0
Еске алу рәсімі дүйсенбі, 25 мамыр күні астанадағы "Жас ұлан" республикалық әскери мектебінде өтті

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Әскери қызметшілер Кеңес Одағының Батыры, Халық Қаһарманы, Қазақстанның бірінші Қорғаныс министрі, армия генералы Сағадат Нұрмағамбетовті еске алды.

"Бүгінгі күні қарулы күштердің әскери қызметшілері мен республикалық әскери мектеп тәрбиеленушілері – болашақ Отан қорғаушылар үшін Сағадат Нұрмағамбетовтің өмір жолы отанға деген батылдық пен төзімділіктің үлгісі болып табылады. Біз ұлы батырлардың мұрагерлері олардың даңқты дәстүрлерін сақтап, әрі қарай жалғастырамыз деген сенімдемін", – деді орғаныс министрінің орынбасары генерал-лейтенант Тимур Дәндібаев.

 

В Нур-Султане почтили память Сагадата Нурмагамбетова
© Photo : Минобороны Казахстана
Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов 2013 жылы 89 жасында өмірден озды

 

Сағадат Нұрмағамбетов 1924 жылы 25 мамырда Ақмола облысы Алексеевка ауданы Еңбек ауылында дүниеге келген. Ол алғашқы Түркістан пулемет әскери училищесін, М.Фрунзе атындағы әскери академияны, КСРО қарулы күштері бас штабының әскери академиясы жанындағы жоғары академиялық курстарды бітірген.

1942 жылы әскер қатарына шақырылды, 1945 жылдың мамыр айына дейін соғыс даласында пулемет взводы командирі ретінде, содан кейін пулемет ротасын, атқыштар батальонын  басқарды. Краснодар өлкесін, Украина, Молдавияны, Батыс Белоруссияны, Польшаны азат етуге қатысқан.

1945-1946 жылдары Степной әскери округінің жоғары оқу орындары бөлімінің инспекторы болды. Содан кейін әскери академияда оқыды. 1950 жылдан 1984 жылға дейін Түркістан әскери округі жедел бөлімінің аға офицері, мотоатқыштар полкінің командирі, 201-ші мотоатқыштар дивизиясы штабының бастығы, Қазақ КСР азаматтық қорғаныс штабының бастығы, Орта Азия әскери округі әскерлері қолбасшысының орынбасары, Оңтүстік әскер тобы (Венгрия) қолбасшысының бірінші орынбасары болды.

1990-1992 жылдары соғыс, еңбек және Қарулы Күштер ардагерлері Қазақ республикалық кеңесінің төрағасы, ардагерлер, мүгедектер және әскери қызметшілер істері жөніндегі ҚР жоғарғы кеңесі комитетінің төрағасы, Мемлекеттік қорғаныс комитетінің төрағасы болды.

Тағы оқыңыз: Сағадат Нұрмағамбетовтің ұлы қайтыс болды

Тәуелсіз Қазақстанның Қарулы күштері құрыла бастаған жылдары, 1992-1995 жылдар аралығында Сағадат Нұрмағамбетов қорғаныс министрі болды. Дәл осы уақытта Қазақстан армиясында маңызды реформалар қабылданған, маңызды кез болды. 1993 жылдың мамыр айында оған "армия генералы" әскери атағы берілді. Бір жылдан кейін президент жарлығымен Нұрмағамбетовке "Алтын жұлдыз" сыйлығымен Халық Қаһарманы атағы берілді.

1995 жылдың қарашасында генерал отставкаға шықты, содан кейін президент кеңесшісі болып, бірнеше рет Жоғарғы кеңестің депутаты болып сайланды.

Армия генералы Сағадат Нұрмағамбетов 2013 жылы 89 жасында өмірден озды.

0
Кілт сөздер:
Сағадат Нұрмағамбетов, Нұр-Сұлтан
Тақырып бойынша
21 жасында Кеңес одағының батыры: Сағадат Нұрмағамбетов туралы не білеміз?
Назарбаев тәуелсіздік алған кезде әскер басқаратын жалғыз генерал тапқанын еске алды
"Не екенін де білмедік" Мұхтар Алтынбаев Қазақстан армиясының қалай құрылғанын еске алды
"Оның оралмайтынын білмедік". Депутат қазақ сарбазының ерлігін еске алды
Әйелінің хаты оқтан құтқарды - әнші атасының майдандағы оқиғасын еске алды