Оқиға

"Есеңгіреп қалдық": Шымкентте зәресі ұшқан қыз көршілерді көмекке шақырды

© Sputnik / Владислав ВодневАвтомобиль скорой помощи
Автомобиль скорой помощи - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шымкентте отбасылық жанжал салдарынан ерлі-зайыпты ауруханаға түсті. Қанды қылмыстың нақты себебі тергеу барысында анықталмақ

НҰР-СҰЛТАН, 25 желтоқсан – Sputnik. Шымкентте отбасылық жанжал қантөгіспен аяқталды. Пышақталған ерлі-зайыптылар түрлі дене жарақатымен ауруханада жатыр.

Полицияның дерегінше, жанжал барысында жұбайы әйеліне пышақ жарақатын салып, кейін ол өзіне-өзі қол жұмсамақ болған. Ал бұған сенбейміз деген ер азаматтың туыстары жанжалға 70 мың теңгенің жоғалуы себеп болғанын айтты, деп хабарлады "Астана" арнасы.

Оқыс оқиға көпқабатты үйдің бірінші қабатындағы пәтерде болған. Оқиға куәгерлерінің сөзінше қанға боялған келіншек терезеден сыртқа секіріп кетіпті. Көршілерді үлкен қызы көмекке шақырған.

"Есеңгіреп қалдық, ондай да болады екен ау... Мұндай нәрсені көрмегенбіз, естімегенбіз. Қызы келіп "мамам, мамам..." деп айтқаннан кейін біз бардық", - дейді Байсапар Төлешов. 

Қансыраған ерлі-зайыптылар қазір ауруханада. Дәрігерлер 38 жастағы келіншектің денесіне оншақты жерден түскен пышақ жарақатының орнын тіккен. Оның жағдайы бірқалыпты деп отыр. Ал оның 48 жастағы күйеуіне операция жасауға тура келген. Жансақтау бөліміне жатқызылған ер азаматтың хәлі ауыр.

"Түскен кезде көптеген мойын аймағының жарақаты, яғни қалқанша безі және трахеяның зақымдануы деген диагноз қойылды. Осы ота бөліміне жатқызылып, дереу ота жасалды", - деп атап өтті Шымкент қаласы № 1 клиникалық ауруханасы бас дәрігерінің орынбасары Тайбек Садықов.

Нұр-Сұлтан тұрғыны әйелін атып өлтіріп, ұлын жарақаттады 

Қазір бұл іспен полиция айналысып жатыр. Құқық қорғаушылардың дерегінше, қантөгіске отбасылық-тұрмыстық жанжал себеп.

"Жанжал барысында жұбайы әйеліне пышақ жарақатын салып, кейін ол өзіне-өзі қол жұмсамақ болған. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары басталды. Тиісті сараптамалар да тағайындалды", - деп түсіндірді Шымкент қаласы полиция департаменті баспасөз қызметінің жетекшісі Әсел Сәденова.

Алайда өз әйелін пышақтап, кейін өзіне қол салды деген азаматтың ет жақындары бауырлары мұндай қатігездікке барды дегенге сенгісі жоқ.  Олар мұны үшінші бір адам жасады деген ойда. Туыстарының білуінше сол күні ішкілік қойылған дастарқан басында бірнеше адам болған көрінеді.

"Дәрігерлер үш жерден пышақ салынған деді. Адам олай істей алады деп ойламаймын. Сүйегіне дейін өткен деген әңгіме бар", - дейді туысы Бақыт Әбжаппаров.

Ерлі-зайыптының азаматтық некеден қыздары бар. Ал туыстарының айтуынша, жанжал 70 мың теңгенің жоғалуынан басталған.

"Жеңгем 70 мың ақша жоқ деп осы жанжалды көтеріп отыр. Мен жеңгем істеді деп отырмын, ашу үстінде барлық нәрсе болады", - дейді Әлия Әбжаппарова.

Қанды қылмыстың нақты себебі тергеу барысында мәлім болмақ. Әзірге ауруханада жатқандардың өміріне қауіп жоқ деп отыр дәрігерлер.

 

Жаңалықтар
0