Оқиға

Алматыдағы алапат өрт: дүкен тып-типыл жанып кетті – фото

© Photo : pixabay.comӨрт, архивтегі сурет
Өрт, архивтегі сурет  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алдын ала мәлімет бойынша өрттің аумағы шамамен 400 шаршы метрге жуықтаған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ

АЛМАТЫ, 28 желтоқсан – Sputnik. Өрт Алматыдағы Шевченко – Радостовец көшелерінің қиылысында болды.

Оңтүстік мегаполисте электр құралдарының дүкені тып-типыл жанып кетті.

Өрт сөндірушілер жақын маңдағы дәмхана мен мемлекеттік емхананы қызыл жалыннан аман алып қалды.

© Sputnik / СтрингерАлматыдағы ірі өрт
Алматыдағы алапат өрт: дүкен тып-типыл жанып кетті – фото - Sputnik Қазақстан
Алматыдағы ірі өрт

Алдын ала мәлімет бойынша, өрттің жалпы аумағы 400 шаршы метрге жуықтаған. Қаза болғандар мен зардап шеккендер жоқ.

© Sputnik / СтрингерДүкен тып-типыл жанып кетті
Алматыдағы алапат өрт: дүкен тып-типыл жанып кетті – фото - Sputnik Қазақстан
Дүкен тып-типыл жанып кетті

Өрттің себептерін Алматы қалалық төтенше жағдайлар департаментінің мамандары анықтап жатыр.

© Sputnik / СтрингерОқиға орнындағы өрт сөндірушілер
Алматыдағы алапат өрт: дүкен тып-типыл жанып кетті – фото - Sputnik Қазақстан
Оқиға орнындағы өрт сөндірушілер

Бұған дейін Алматыда ерекше жануарларға арналған баспана басшысының үйі өртенгені туралы хабарланған болатын. Жеке үйде болған жантүршігерлік өртте сегіз мүгедек жануар өлді.

Жаңалықтар
0