Өңірлер

Ақтөбе облысында Жаңа жыл түні бозбала жоғалып кетті

© Photo : pixabay.comПарень в капюшоне, иллюстративное фото
Парень в капюшоне, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жоғалған оқушының ерекше белгісі бар: сол қолының артқы жағында ұзындығы үш сантиметрдей тыртық қалған

НҰР-СҰЛТАН, 3 қаңтар – Sputnik. Ақтөбе облысында 11-сынып оқушысы Анатолий Лебедев жоғалып кетті.

Бозбала 1 қаңтар күні таңғы сағат 4.30-да шығып кетіп, үйіне қайта оралмаған, қазір оны полиция іздеп жатыр.

Тағы оқыңыз: Қазақстандық әйел жоғалып кеткен ұлын 25 жылдан соң тапты - видео 

Оқушы 17 жаста. Алға ауданының Қарақұдық елді мекенінде тұрады.  

"Белгілері: бойы – 160-165 сантиметр, арық денелі, шашы қысқа, қара, қой көзді, жақ сақалы мен мұрты аздап өскен", - деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Сол қолының артқы жағында ұзындығы үш сантиметрдей тыртық бар.

Оқушының үстінде сұр түсті болон күртке, бас сүйегінің суреті салынған қара кеңжейде (толстовка), қара-сұр джинсы болған.

© Photo : пресс-служба департамента полиции Актюбинской областиАнатолий Лебедев Жаңа жыл түні Қарақұдық елді мекенінде жоғалып кетті
Ақтөбе облысында Жаңа жыл түні бозбала жоғалып кетті - Sputnik Қазақстан
Анатолий Лебедев Жаңа жыл түні Қарақұдық елді мекенінде жоғалып кетті

"Іздестіру жұмыстарына 30 полиция қызметкерінен тұратын бірнеше топ, төтенше жағдайлар департаментінің он қызметкері және екі арнайы техника жұмылдырылды", - деп хабарлады полиция.

Іздеуге ауыл әкімдігінің қызметкерлері мен жергілікті тұрғындар қосылды.

Облыс орталығы мен Қобда ауданынан қосымша 40 полицей мен кинологтар жіберілді.

Полиция жоғалған адамның қайда екенін білетін адамдардан 102, 936-232, 936- 325, 8 705 819 55 82 нөмірлеріне қоңырау шалуын сұрайды.

Жаңалықтар
0