Аттракцион

Көктөбедегі төтенше жағдай: жасөспірім аттракционда аяғын сындырып алды

395
(Жаңартылды 13:09 04.01.2020)
13 жастағы ұлдың халі тұрақты, қазір ол жедел жәрдем орталығында емделіп жатыр

АЛМАТЫ, 4 қаңтар — Sputnik. Жасөспірім Көктөбедегі аттракциондардың бірінде басын жарақаттап, аяғын сындырып алды. 

Бала ауруханаға жатқызылды, қазір оның халі тұрақты.

"Дәрігерлер пациентті Алматыдағы балаларға арналған жедел медициналық көмек орталығына жеткізді. Ұлдың халі тұрақты, ол толығымен көмек алып жатыр", - деп мәлімдеді Алматының денсаулық сақтау басқармасы.

Атап өтсек, бұған дейін Facebook әлеуметтік желісінің пайдаланушысы Тимур Жаркенов "Рогатка" аттракционынан адам құлады" деп жазған болатын.

Тағы оқыңыз: Адам толы аттракцион қақ бөлініп, жерге құлады – қорқынышты видео

Алматы қалалық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға екінші қаңтарда болған.

Тәртіп сақшылары төтенше жағдай баланың ағаттығынан болған дейді. Ал ата-анасы "ешкімге наразы емеспіз" депті.

395
Кілт сөздер:
аттракцион, жасөспірім, Алматы
Тақырып бойынша
Мадридте отыздан астам адам аттракционнан зардап шекті
Астаналық саябақ алғаш рет қыста жұмыс істей бастады
Қостанайда қыз бала аттракционда ауыр жарақат алды
Қыздың жан дауысы шықты: Циркте болған сұмдықтың видеосы таралып кетті
Астана саябағында бойжеткен аттракционнан құлап кетті
Спаниель

Петропавл тұрғыны итті төртінші қабаттан лақтырып жіберді

71
Ветеринарлар итті аман алып қала алмады. Жануарға қатыгездік көрсеткен әйел 27 мың теңге көлемінде айыппұл төлеуге міндеттелді

ПЕТРОПАВЛ, 2 маусым – Sputnik. Петропавлда әйел итті төртінші қабаттан лақтырып жіберді, сот оған жануарға қатыгездік көрсеткені үшін айыппұл салды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оқиға Хименко көшесіндегі үйде болды. 45 жастағы қала тұрғыны итті төртінші қабаттан лақтырған. Оқиғаға куә болған тұрғындар полиция шақырды. Келген полицейлер көпқабатты үйдің терезесінің астында шала-жансар күйде жатқан үй жануарын тауып алған.  

Ветеринарлар қанша тырысса да, спаниель тұқымдас итті құтқару мүмкін болмады.

"Бұл факті Қазақстан Қылмыстық кодексінің 316-бабы (жануарларға қатыгездік таныту) бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай тізіліміне енгізілді. Иттің иесі мас болғаны анықталды", - деді Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Еңбек Сембин.

1 маусымда Петропавл қаласының соты оған 10 айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салды, бұл 27 мың теңгеден асады (шамамен 69 доллар).  

Мас ер адам 10 айлық сәбиін терезеден лақтырып жіберді 

"Үкім күшіне енген сәттен бастап бір ай ішінде айыппұл төленбеген жағдайда ол жаза қоғамдық жұмысқа тарту немесе қамауға алумен ауыстырылады", - деп түсіндірді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

71
Кілт сөздер:
Петропавл, ит
Тақырып бойынша
Мас жігіт терезеден тастап жіберген 3 айлық баланы куәгер қағып алды  
Семейде анасы үш жасар баласын бесінші қабаттан лақтырып жіберді
Дәрігерлер әкесі терезеден лақтырып жіберген сәбидің хәлі туралы айтты
Перзентханада әйел екі сәбиді терезеден лақтырып жіберді
Жедел-жәрдем көлігі

Соққыға жығылған Бурабайдың бұрынғы әкімі көз жұмды

1189
(Жаңартылды 17:34 02.06.2020)
Бурабай кентінің бұрынғы әкімін ұрып-соғып, оның өліміне себепші болған күдіктіні полицейлер ұстап, қамауға алды

НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым – Sputnik. Ақмола облысындағы Щучинск қаласының тұрғыны ұрып-соғу салдарынан көз жұмды. Қазір осы оқиғаға байланысты қылмыстық іс қозғалды. Ал марқұм бұрын Бурабай кентінің әкімі болған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Оқиға 23 мамырда болған.

"Щучинск қаласының тұрғынына ауыр дене жарақатын салу фактісі бойынша 23 мамырда Қылмыстық кодекстің 106-бабы 1-бөлігі (қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 25 мамырда осы қылмысты жасаған күдікті Бурабай аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды", – делінген Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз хабарламасында.

27 мамырда Бурабай аудандық соты күдіктіні үй қамауына алу туралы шешім шығарды.

Ал сенбі, 30 мамырда ер адам қайтыс болды.

"Жәбірленушінің қайтыс болуына байланысты іс Қылмыстық кодекстің 106-бабының 3-бөлігіне ауыстырылды (абайсызда жәбірленушінің өліміне әкеп соққан қасақана жасалған дене жарақаты). Күдікті Бурабай аудандық полиция бөлімінің уақытша ұстау изоляторына қамалды", – деді баспасөз қызметі.

Айта кетейік, аталған бап бойынша сегіз жылдан он екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылады.

Құқық қорғау органдарының өкілдері бұл факт бойынша Бурабай ауданы полиция бөлімінің тергеу бөлімі мұқият және объективті тергеу жүргізетінін атап өтті. Қылмыстық іс департамент басшылығының жіті бақылауында.

Сонымен бірге, баспасөз қызметі марқұм Шыңғыс Темірбековтің бұрын Бурабай кентінің әкімі болғанын растады.

Оқи отырыңыз: Жұдырық ала жүгірді: Ақтаудағы төбелес видеоға түсіп қалды

1189
Кілт сөздер:
құқық бұзу, экс-әкім, Бурабай
Тақырып бойынша
Шымкентте жаппай төбелес кезінде ауыр жарақат алған жігіт қайтыс болды
Бурабай курортын шетелдік инвесторларға беруі мүмкін
Бурабай санаторийінің экс-басшысы пара алғаны үшін сотталды
Нұр-Сұлтандағы мемлекеттік мекемеде не үшін төбелес болды – видео
Алматылық адвокатты соққыға жығу бұзақылық ретінде квалификацияланды
Күн, архивтегі фото

Күн сәулесі коронавирусты өлтіре ме Бекшин жауап берді

0
Алматының бас санитар дәрігері қазір климаты ыстық елдерде ауру жұқтырып жатқандар саны өсіп жатқанын мысалға келтірді  

АЛМАТЫ, 3 маусым – Sputnik. Алматының бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшин күн сәулесі коронавирусты өлтіре ме деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның айтуынша, күн сәулесі вирусты өлтіретіні дәлелденбеген. Алайда ЖРВИ, тұмау секілді аурулар сәуірдің соңы мен мамырдың басында күннің ыстық болуына байланысты өршуін тоқтатады.

"Коронавирусқа келетін болсақ, қазір климаты ыстық елдерде ауру жұқтырып жатқандар саны өсіп жатыр. Мысал ретінде Бразилия, Перу, Үндістан, Пәкістанды айтуға болады. Осыдан-ақ вирустың күн сәулесіне қарсы тұра алатынын байқауға болады. Мысал ретінде қаламызда 30 градус ыстық болып тұр, алайда инфекция жұқтырғандар әлі де тіркеліп жатыр", - деді Бекшин.

Сонымен қатар қаланың бас санитар дәрігері жабық нысандардың қауіпті екенін тағы бір рет еске салды.

"Вирус адам ағзасында өмір сүреді, көбейіп, сыртқа шығады. Сондықтан нашар желдетілетін жабық нысандар өте қауіпті болып саналады", - деді ол.

Оқи отырыңыз: Бекшин Алматыда енгізілген шектеу шараларын түсіндірді 

Айта кетейік, Алматыда 2 715 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды, 1 627 адам жазылып шықты, 10 адам қайтыс болды.

0
Кілт сөздер:
коронавирус, Жандарбек Бекшин, күн
Тақырып бойынша
COVID-19 инфекциясын жұқтырған науқастар үшін қауіпті дәрілер аталды
Ер адамдар коронавирусты жиі жұқтырады – ғалымдар себебін анықтады
Ғалымдар коронавирусты кімдер жұқтырмайтынын айтты
Ғалымдар күн сәулесі коронавирусты қанша уақытта өлтіретінін анықтады
Ғалымдар коронавирус пандемиясы қашан аяқталатынын айтты