Оқиға

Өскеменде жүріп келе жатқан автобус өртенді

© PhotoСалон пасажирского автобуса
Салон пасажирского автобуса - Sputnik Қазақстан
Жазылу
"Поликлиника" аялдамасында "Кинг Лонг" маркалы №13 автобустың қозғалтқышы жанып кеткен. Зардап шеккендер жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 5 қаңтар - Sputnik. Бүгін Өскеменде жүріп келе жатқан бағдардағы автобус өртенді. Бұл туралы қалалық Төтенше жағдайлар қызметі хабарлады.

Оқиға бүгін таңертең, сағат 08:40 шамасында болған. Буров көшесінің бойындағы "Поликлиника" аялдамасында "Кинг Лонг" маркалы №13 автобустың қозғалтқышы жанып кеткен.

Алматыда жолаушылар автобусы түгі қалмай жанып кетті - видео

Өрттің жалпы аумағы – 1,5 шаршы метр. Зардап шеккендер жоқ.

Altaynews порталының мәліметінше, мамандар өрттің шығуына қауіптілігі жоғары агрегатты абайсыз қолдану себеп болды деген болжам жасаған.  

 

Жаңалықтар
0