Ситуация у СК РФ и Минэкономразвития в связи с задержанием А. Улюкаева

Ресейде Қазақстан ішкі істер министрлігінің подполковнигі өлі табылды

1697
Ресейдің тергеу комитеті ардагердің өліміне күдікті ретінде жасөспірімдер ұсталды деген ақпаратты жоққа шығарды

НҰР-СҰЛТАН, 22 қаңтар – Sputnik. Санкт-Петербург қаласында Қазақстан ішкі істер министрлігінің ардагері қаза болды деген ақпаратқа қатысты РФ тергеу комитеті түсініктеме берді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ресейлік бұқаралық ақпарат құралдарында кеше, 21 қаңтар күні сағат төрттер шамасында подполковникті өз үйінің жанында жасөспірімдер соққыға жығып, өлтірді деген ақпарат тарады. Шұғыл ауруханаға жеткізілген 62 жастағы ардагер бір сағаттан кейін көз жұмған.

РФ тергеу комитетінің Санкт-Петербург бойынша басқармасы осы оқиғаға қатысты ресми хабарлама жариялады. Оған сәйкес, тергеуге дейінгі тексеріс басталды. Алдын ала мәлімет бойынша ер адам жазатайым оқиға кезінде қатты жарақат алды. Ол өз пәтеріне кіріп бара жатқанда шалқасынан құлаған.

"Оқиға орнында тексеріс жүргізілді. Куәгерлерден жауап алынып жатыр. Сот-медициналық сараптама өткізіледі. Тергеу қызметінде оқушылардың ер адамды өлтіргені туралы ақпарат жоқ. Ал олардың қамалғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Тергеуге дейінгі тексерістің нәтижесі бойынша процессуалды шешім қабылданады", - деп хабарлады тергеу комитеті.

"Журналистік зерттеу" агенттігінің мәліметіне сәйкес, Вячеслав Жексенов Қазақстанның ішкі істер министрлігі төтенше жағдайлар комитетінде жұмыс істеген. Подполковник шенінде зейнетке шықты.

2014 жылы Жексенов Санкт-Петербург қаласына көшіп, кәсіпкерлерге кеңес беру бойынша шағын бизнес ашқан.

Тағы оқыңыз: Талдықорғанда бастығын атып өлтірген подполковник құпияның бетін ашты

1697
Кілт сөздер:
подполковник
Тақырып бойынша
Оңтүстік Кореяда 28 жастағы қазақстандық әйел өлі табылды
"Анашым, кешір": жүк көлігінде өлі табылған 39 адамның соңғы жазбалары жарияланды
Жүк көлігінен 39 адам өлі табылды: қайғылы оқиғаға қатысты тың дерек шықты
Жас әнші үйінде өлі табылды
Қостанайда полиция подполковнигі сотталды 
Қазақстандық бизнесмен Испаниядағы вилласынан өлі табылды
Күшік

Атырауда тоңазытқыш есігімен итті азаптаған видеоға қатысты іс тоқтатылды

230
(Жаңартылды 09:50 03.07.2020)
Облыстық полиция департаментінің өкілдері итке екі рет сараптама жасалып, ешқандай жарақат анықталмағанын айтады

НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде – Sputnik. Әлеуметтік желілерде тез таралып, қолданушылардың ашу-ызасын тудырған даулы видео қатысты қылмыстық  іс тоқтатылды.

Ал желіде қызу талқыланған видеода ер азамат иттің мойнын мұздатқыш есігіне қыстырып, азаптаған. Оның осы әрекетіне байланысты құқық қорғау органдарының өкілдері қылмыстық іс қозғаған болатын.

Атырау облыстық полиция басқармасы өкілдерінің түсіндіруінше, күдіктінің іс-әрекетінде Қылмыстық кодекстің 316-бабы (жануарларды азаптау) бойынша қылмыс белгілері болған.

"Алайда, қазір қылмыстық істің тоқтатылғандығы белгілі болды", - деп хабарлайды "Мой город" порталы.

Полицейлердің мәліметінше, азаптаудан кейін итке екі рет сараптама жүргізілгенімен ешқандай жарақат байқалмаған.

"Осы сараптама негізінде қылмыстық іс тоқтатылды", - делінген Атырау облыстық полиция департаментінің хабарламасында.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында итті тірідей өртегендер ұсталды
Айта кетейік, итті азаптаған Еркінқала ауылының тұрғыны Марғұлан Жұматаев өз әрекеті үшін көпшіліктен кешірім сұрады. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от kris_p_brothers (@kris_p_brothers_official)

230
Кілт сөздер:
ит, Атырау облысы
Тақырып бойынша
Жасөспірім қызға тиіспек болған педофил итке талана жаздады
Петропавл тұрғыны итті төртінші қабаттан лақтырып жіберді
Сүйіктісін итке жегізген: түрмеге қамалған атақты спортшылар
Итке шалынып құлаған әйел саусақтарынан айырылды
Қаршыға итке бас салды: соңында ешкім күтпеген оқиға болды – видео
Ержан Баяхметов марапатталған сәт

Талдықорғанда суға батқан көлік жүргізушісін оқиға куәгері құтқарды

54
(Жаңартылды 09:06 03.07.2020)
25 жастағы Ержан Баяхметов ерлік үлгісін көрсеткені үшін ведомстволық медальмен марапатталды

НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде – Sputnik. Талдықорған қаласында 25 жастағы жүргізушіні өзенге батып бара жатқан көліктен шығарып алған азаматқа ішкі істер министрлігі құрмет көрсетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жол апаты 22 наурызда Талдықорған қаласындағы "Қызыл тас" саяжай тұрғын алабының аумағында болған. Audi 100 көлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, Қаратал өзеніне көпір үстінен құлаған. Ер адам көліктен шығып, жағаға шығуға ұмтылғанымен, өзен ағысы оған мұрша бермеген.

"Оқиғаға куә болған жас жігіт батыл қадам жасап суық суға түседі де жүргізушіні жағаға шығарып, алғашқы медициналық көмек көрсеткен. Кейінірек жедел жәрдем дәрігерлері оқиға орнына жетіп, жәбірленушіні ауруханаға жатқызды", - делінген Алматы облыстық төтенше жағдайлар жөніндегі департамент хабарламасында.
Ержан Баяхметов - герой, спасший жизнь утопающему
© Photo : ДЧС Алматинской области
Ерлік көрсеткен Ержан Баяхметов марапатталды

Департамент қызметкерлері құтқарушы жігіттің 25 жастағы Ержан Баяхметов екенін анықтап, оған тиісті деңгейде құрмет көрсетті.

Ішкі істер министрінің бұйрығымен Баяхметов адамды құтқаруда көрсеткен ерлігі үшін ведомстволық "Суға батқандарды құтқарғаны үшін" медалімен марапатталды.

Оқи отырыңыз: Қостанайда ер адам терезеден құлай жаздаған баланы құтқарды – видео

Айта кетейік, бүгінгі таңда ержүрек Ержан Баяхметов жергілікті жердегі техникалық қызмет көрсету станциясында слесарь болып жұмыс істейді.

54
Кілт сөздер:
оқиға куәгерлері, ерлік
Тақырып бойынша
Видеоның арқасында 9 жасар бала әжесін өлімнен құтқарды
Тірідей жанып кетер еді: 72 жастағы қария мүгедек әйелін өлімнен құтқарды
Алматы тұрғыны екі адамды құтқарды - оқиға орнында түсірілген видео
Қазақстанда "медициналық оқыс оқиға" ұғымы енгізіледі
Қайғылы оқиға болған Аягөздегі интернатта коронавирус табылды
Зертхана қызметкері, архивтегі фото

Мәскеу дәрігерлері коронавируспен күресу үшін Қазақстанға келе жатыр

134
Топ құрамында Мәскеудің жетекші ауруханаларының 22 медициналық қызметкері бар, олар коронавирус жұқтырған науқастарды емдеп, бай тәжірибе жинақтаған

НҰР-СҰЛТАН, 6 шілде – Sputnik. Тәжірибелі мәскеулік дәрігерлер тобы Қазақстанға ұшып шықты. Дәрігерлер қазақстандық әріптестеріне көмектесуге дайын.

"22 дәрігерден құралған бригада COVID-19 науқастарын емдеуде жергілікті мамандарға көмек көрсету үшін Қазақстанға аттанды. Мультидисциплинарлы медициналық топты Мәскеу денсаулық сақтау департаменті бастығының орынбасары, нейрохирург Алексей Токарев және Мәскеу денсаулық сақтау департаментінің хирургия жөніндегі ұйымдастыру-әдістемелік бөлімінің басшысы Руслан Маер басқарады", - делінген Мәскеу денсаулық сақтау департаментінің хабарламасында.

Бұл Мәскеу денсаулық сақтау департаменті дәрігерлерінің коронавируспен күресуге көмектесу мақсатындағы алғашқы мемлекетаралық медициналық сапары.

Оқи отырыңыз: Қазақстанда коронавирусқа қарсы вакцина бірінші кезекте кімдерге егіледі 

Топ құрамына пульмонолог, кардиолог, эпидемиолог, КТ рентгенологы, жұқпалы аурулар жөніндегі мамандар, анестезиолог-реаниматологтар, КТ рентгенолог дәрігер және коронавируспен ауырған науқастарды емдеуде бай тәжірибесі бар басқа да мамандар кірген. Бұл мәскеулік жетекші ауруханалардың дәрігерлері.

"Мәскеулік мамандар жергілікті ауруханалардың дәрігерлеріне консультативті-диагностикалық көмек көрсетеді. Бригада COVID ауруханаларына барады, клиникаларды қайта бейіндеуге көмектеседі, пациенттерге қарайды және әртүрлі мамандықтағы дәрігерлер үшін оқу семинарларын өткізеді", - деп атап өтті баспасөз қызметі.

Еске сала кетейік, таяуда Қазақстан премьер-министрі Асқар Мамин Ресей үкімет басшысы Михаил Мишустинмен телефон арқылы сөйлесті, оның барысында Ресей Қазақстанға жұқпалы аурулар ауруханалары мен вирусологиялық зертханалар мамандарын жіберуге дайын екендігі белгілі болды.  

134
Кілт сөздер:
дәрігерлер, коронавирус
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы
Тақырып бойынша
Грузиядан Қазақстанға гуманитарлық көмек келді
5 шілдеден карантин басталады: ішкі істер министрі ескерту жасады
COVID-19: министр қандай дәрілер көмектеспейтінін айтты
Қазақстанда өткен тәулікте 1 403 адамнан коронавирус табылды
Пневмония эпидемиясы: коронавирус қайда кетті?