Портмоне

Алматыда судьяның пара алып жатқан сәті видеоға түсіп қалды

962
(Жаңартылды 12:12 23.01.2020)
Сот төрағасы азаматтан қомақты қаржы алған екен. Қазір тергеу амалдары жүргізіліп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар — Sputnik. Алматы қаласы Бостандық аудандық сотының төрағасы пара алды деген күдікке ілінді.

Алматы қаласының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес қызметі жоғарғы соттың ішкі қауіпсіздік және жемқорлықтың алдын алу бөлімімен бірлесіп, Алматы қаласы Бостандық аудандық соты төрағасының жемқорлық әрекетін әшекереледі.

Судья делдал, яғни сот отырысының хатшысы арқылы борышкерге Қазақстан Республикасынан шығуға рұқсат беру үшін одан үлкен көлемде пара алды деген күдікке ілінді.

2020 жылдың 22 қаңтарында қылмыстық қудалаудан қорғалған судьяға қатысты сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруға бас прокурордың келісімі берілді.

Күдіктің кінәлілігінің деңгейі туралы нақты шешімді сот қабылдайды.

962
Кілт сөздер:
пара алу, судья, Алматы
Тақырып бойынша
Тоқаевтың ұсынуымен 2 судья қызметінен босатылып, бесеуі жаңадан тағайындалды
Отыз жеті судья жұмыстан шығарылған: Тоқаев Жоғарғы сот төрағасын қабылдады
Қазақстандықтардың Германиядағы әрекеті видеоға түсті: желіні шулатқан оқиғаның мән-жайы
"Сатып алды": бұрынғы вице-министрдің адвокаты куәгерге қатысты мәлімдеме жасады
Болат Бақауов сотқа дейін қамауда болады
Загрузка...