Қыс, жолдағы автокөліктер

Полицейді капотында тасыған: шымкенттік жүргізушінің қылмысы видеоға түсіп қалды

2519
Жүргізушіге қатысты билік өкіліне қатысты күш қолдану бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 23 қаңтар – Sputnik. Шымкентте мас жүргізуші көлігімен полицейді қағып кетті. Бұл туралы Polisia.kz порталы хабарлайды.

"Mitsubishi Galant" автокөлігін тізгіндеген жүргізуші Рысқұлов көшесінде "Audi-80" көлігімен соқтығысқан. Анықталғандай, Mitsubishi Galant жүргізушісі мас болған.

Оқиға орнына полиция қызметкерлері келген.

Жол сақшысы "Mitsubishi Galant" жүргізушісінен құжаттарын көрсетуді сұрайды. Алайда ер адам бас тартып, оқиға орнынан ізін суытпақ болған.  Ол көліктің жүруін бөгеген полицейді қағып, капотында үш шақырымға тасыған.

Десе де, полиция заң бұзған 31 жастағы жүргізушіні қолға түсірді.

Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 380-бабы 2-бөлімі (билік өкіліне қатысты күш қолдану) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Сондай-ақ, әкімшілік хаттама толтырылды.

Қазір ол Шымкент қаласы полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторында қамауда отыр. Жүргізушінің көлігі айып тұрағына қойылды.

Полицей зардап шеккен жоқ.

2519
Кілт сөздер:
видео, полиция, жүргізуші, Шымкент
Тақырып бойынша
2020 жылы жүргізуші куәлігін алу қанша тұрады
Алматы облысында бірнеше полицей ұсталды
Алматыдағы апат: сәбиді құтқарған полицей оқиғаның мән-жайын айтты - видео
Түркістан облысында 26 экс-полицей сотталып кетті – олар қандай қылмыс жасады
Елімізде көлік тіркеу және жүргізуші куәлігін беру уақытша тоқтатылды
Алматыда троллейбус жас жігітті басып кетті: жүргізуші ес-түссіз болған
Қырғызстандық жүргізуші мен оның үш жолаушысы Қазақстан жолында қаза болды
Загрузка...