Пойыз, архивтегі фото

Қарағанды ​​облысында боран кезінде жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті

1863
(Жаңартылды 09:17 24.01.2020)
"Қазақстан темір жолының" баспасөз қызметі оқыс оқиға боран соғып, жол мүлде көрінбей қалған кезде болғанын атап өтті    

НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Нұр-Сұлтаннан Жезқазғанға бара жатқан жолаушылар пойызының төрт вагоны рельстен шығып кетті. Зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының баспасөз қызметі.

Оқиға 23 қаңтар күні сағат 21:43-те Қарабас стансасында (Қарағанды ​​жол бөлімшесінің учаскесі) болды.

"Нұр-Сұлтан – Жезқазған бағытындағы №108 жолаушылар пойызының төрт вагоны жолдан шығып кетті. Пойыз құрамасында 16 вагон болды. Пойызда 683 жолаушы отырған, жарақаттанғандар жоқ", - деп жазылған "Қазақстан темір жолының" хабарламасында.

Оқиға орнында қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр, учаскеде пойыздар қозғалысы тоқтатылмады.

Ұлттық тасымалдаушының баспасөз қызметі атап өткендей, оқыс оқиға боран мен тоқаусыз жауған қардың салдарынан жол мүлде көрінбей қалған кезде болған.  

Оқи отырыңыз: Нұр-Сұлтан маңында пойыз апатқа ұшырады

Жолаушылар қосымша вагондарға орын ауыстырып отырды.

"Апаттың себебін тергеп, анықтау үшін "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясының арнайы комиссиясы жолға шығып кетті.

Тасымалдаушы – "Марал-Нұр" ЖШС.

 

1863
Кілт сөздер:
пойыз, боран
Тақырып бойынша
Төтенше оқиға: АҚШ-та бір қаланың халқы түгел көшірілді
Жамбыл облысында пойыз апатына кінәлілерге қатысты үкім шықты
Тоқаев Алматы облысындағы жантүршігерлік апатқа қатысты мәлімдеме жасады
Шамалғандағы трагедия: қайтыс болған жүргізушінің әйелі өз шындығын айтты – видео
Шығыс Қазақстанда он екі вагон рельстен шығып кетті
Шабуыл жасау, иллюстративті фото

"Әйелді жұмысынан алып кеткен": Қарағанды жолында болған сұмдықтың мән-жайы анықталды

183
(Жаңартылды 14:29 15.07.2020)
Күдікті бұрынғы әйелін қала сыртына алып кетіп жарақаттап, оны жол бойына тастап кеткен. Сол маңнан өтіп бара жатқан жүргізушілер полиция мен жедел жәрдем шақырған

АЛМАТЫ, 15 шілде – Sputnik. Астана тұрғыны бұрынғы жұбайына шабуыл жасап, сегіз рет пышақтаған. Әйел аман қалып, қазір ауруханада жатыр. Бұл жайында "НеМолчиKZ" зорлық-зомбылық құрбандарына көмек көрсету қорының жетекшісі Дина Смайылова (Таңсәрі) хабарлады.

Оның айтуынша, зардап шегуші ер адамның алдымен оны алыс жерге апарып, көлік ішіне қамап, соққы жасай бастағанын айтқан. Содан кейін оны жол бойына тастап кеткен.

"Ол бұрынғы әйелінің жұмысына барып, сыртқа шығуын бірнеше рет талап еткен. Ал әйел әріптестерінің алдында өзін ыңғайсыз сезініп, көшеге шыққан. Оны көлікке күштеп отырғызып, алып кеткен. Қарағанды тас жолында ол әйелді ұра бастайды, әйел қарсылық көрсетіп, көліктің терезесін сындыруға тырысады. Содан ер адам әйелге пышақ сұға бастайды, көлікті тоқтатып, сегіз рет пышақ жарақатын салған. Жарақат салғаннан кейін басқа көліктердің тоқтап жатқанын көріп, әйелді жолда тастап кетіп, жасырынып қалған", – деп жазды Смайылова Facebook парақшасында зардап шеккен әйелдің сөзіне сілтеме жасап.

Оқиға орнынан өтіп бара жатқан жүргізушілер полиция мен жедел жәрдем шақырған. Әйел ауруханаға жеткізілді.

Смайылованың айтуынша, тергеушілер әйелге қысым көрсетіп, жарақатының қорқынышты емес екенін айтқан. "НеМолчиKZ" басшысының айтуынша, оны ауруханадан тікелей жауап алуға алып кеткен.

Сонымен қатар ол полиция департаментінің басшысына болған оқиғаны анықтауды сұрап, істі қайта саралауды және тергеушіге қатысты шара қолдануды талап етті.

Кейін Смайылова полиция департаментінің бастығы Ержан Сәденовтің жауабын жариялады. Ол істі жеке бақылауына алғанын мәлімдеді.

Оқи отырыңыз: "Пакетпен қылқындырған": Шымкентте әлдекімдер екі баланың анасына шабуыл жасады

"Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 24-бабы 3-бөлімі ("қылмысқа дайындалу және қылмысқа оқталу") , 99-бабы 1-бөлімі ("адам өлтіруге оқталу") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Жәбірленушінің қатысуымен тергеу әрекеттері жүргізілуде. Күдікті қылмыстық іс жүргізу кодексінің 128-бабы бойынша ұсталды", – деп атап өтті Сәденов.

Сондай-ақ, қызметкерлердің кәсібилікке жат әрекеттері тексеріледі.

183
Кілт сөздер:
адам құқығы, құқық бұзу
Тақырып бойынша
Таксистке шабуыл жасаған жолаушы әйел видеоға түсіп қалды
Қордайда полицейлерге шабуыл жасаған ағайынды 3 жігіт қамауға алынды
Батыс Қазақстанда шенеунікке не үшін шабуыл жасалды?
Мойнына арқан салып, ақша талап етті: Қостанайда такси жүргізушісіне шабуыл жасалды
Қарағандыда инкассаторға қарулы шабуыл жасалды - видео
Жол белгісі, архивтегі фото

Түркістан облысында жол жиегінде көлігін жөндеп жатқан ер адам көз жұмды

1996
(Жаңартылды 10:28 15.07.2020)
Жол жиегінде бұзылып тұрған "VAN Hool" жолаушылар автобусының ақауын жүргізуші мен оның көмекшісі тексеріп тұрған

НҰР-СҰЛТАН, 15 шілде – Sputnik. Түркістан облысында полицейлер екі адамды қағып, оқиға орнынан қашып кеткен жүргізушіні ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Шардара ауданының тұрғыны түнгі уақытта Бәйдібек аудандық полиция бөліміне арызданып, Шымкент-Самара тасжолының бойында өздерін белгісіз көлік қағып кетіп, жанындағы серіктесі көз жұмғанын хабарлаған.

Шұғыл жеткен полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтады. Жол жиегінде бұзылып тұрған "VAN Hool" маркалы жолаушы тасымалдайтын автобустың ақауын жүргізуші мен оның көмекшісі тексеріп тұрған. Осы кезде "Газ-53" маркалы белгісіз жүк көлігі  автобустың жанынан соғып, одан кейін сол жерде тұрған марқұм мен көлік жүргізушісін қағып өтеді. Содан кінәлі жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен.

Салдарынан автобус жүргізушісі жеңіл дене жарақатын алса, оның көмекшісі оқиға орнында көз жұмған.

Оқи отырыңыз: Бурабайда терминалға жол ақысын төлемек болған жүргізуші көз жұмды

Жүк көлігінің жүргізушісін ұстау мақсатында Бәйдібек аудандық полиция бөлімі қызметкерлері жедел іздестіру шараларын бастады. Нәтижесінде жүк көлігі Сайрам ауданынан табылып, автокөлікті жөндеуге қалдырып кеткен күдіктінің жеке басы анықталды. Ол Сайрам ауданының тұрғыны болып шықты.

Тексеру барысында күдікті жол апатын жасап, оқиға орнынан бой тасалағанын толық мойындады. Күдікті қамауға алынып, оның жүк көлігі айып тұрағына қойылды. 

Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.​​​

1996
Кілт сөздер:
Түркістан облысы, жол апаты
Тақырып бойынша
Ақмола облысы әкімінің орынбасары жол апатынан қаза тапты
Нұр-Сұлтанда әйел мас күйде көлік айдап, үш қызды қағып кетті – фото
Нұр-Сұлтанда автокөлік бағанды құлатып, аялдамаға соғылды
Алматыда жаппай жол апаты болды
Жамбыл облысында жол жиегінде тұрған үш адамды "Камаз" қағып өлтірді
42 500 теңге жәрдемақы

42 500 теңгені қайта қарап, балалы отбасыларға қосымша ақша төлеу ұсынылды

0
(Жаңартылды 14:51 15.07.2020)
Балалар омбудсмені Аружан Саин мемлекет төлейтін жәрдемақы бірнеше баланы тамақтандыруға жетпейтінін айтты

АЛМАТЫ, 15 шілде – Sputnik. Балалар құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин қаржы министрлігі мен еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне карантин кезінде төленетін мемлекеттік төлемді қайта қарауды және баласы бар отбасыларға 42 500 емес, одан да көп төлеуді ұсынды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің брифингі кезінде балалар омбудсмені қазіргі таңда қазақстандық экономистер осы іске қосылып, карантин кезінде өмір сүруге қанша қаражат керек екенін есептеуі керек екенін атап өтті.

"42 500 теңгемен келіспеймін. Қолдау шаралары бала санына байланысты төленуі қажет деген ұсынысым бар. 42 500 теңгені бір адамға жеткізуге болады, алайда балалары бар отбасыларға бұлай жасау қиынға соғады", - деді Саин.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл карантин кезінде мемлекеттік төлемдерге жауапты мемлекеттік органдарға Ресей тәжірибесіне назар аударуды ұсынды. Ол Ресейде көмек балалар санына байланысты жасалғанын атап өтті.

"Жаңа карантин барлығы үшін күтпеген жағдай болды. Қаржы министрлігі мен еңбек министрлігі бұл шараларды шұғыл түрде қайта қарайды деп үміттенемін", - деп нақтылады Аружан Саин.

Оқи отырыңыз: Еңбек министрі 42 500 теңгені төлеу қашан басталатынын айтты 

14 шілдеде Қазақстан үкіметі карантинді күшейту кезінде жұмыссыз қалған қазақстандықтар үшін 42 500 теңге жәрдемақы төлеу туралы шешім қабылдады. Жәрдемақы жұмыс берушілердің, жеке кәсіпкерлердің, өзін-өзі жұмыспен қамтушылардың өтінімдері негізінде төленеді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі 17 шілдеге дейін қажетті төлем механизмін дайындайтынын айтты, ал 20 шілдеден ақша қазақстандықтардың шотына түсе бастайды.

0
Кілт сөздер:
жәрдемақы
Тақырып:
Коронавирус эпидемиясы