Адамның денесі, архивтегі сурет

Испаниядағы қазақстандық бизнесменнің өлімі: министрлік ақпарат берді

246
(Жаңартылды 17:29 24.01.2020)
Өткен аптада Испания полициясы Қазақстан азаматының қайтыс болғанын хабарлаған болатын. Ал қазақстандық консул мән-жайды анықтау үшін жол жүріп кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 24 қаңтар – Sputnik. Сыртқы істер министрлігі қазақстандық бизнесмен Марат Сабалақовтың өліміне қатысты ақпаратты жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрліктің ресми өкілі Айбек Смадияровтың айтуынша, ақпарат түскен бойда консул қазақстандық бизнесменнің вилласына аттанды. Оның үйі Мадрид қаласынан 500 шақырым шалғай жерде орналасқан.

"Испан полицейлері тергеу шараларын өткізді. Бұл зорлықпен өлтіру фактісі емес. Ол, шынымен де, ауырып жүрді. Содан қайтыс болған. Оның жақын туыстарына хабар берілді. Шамамен, екі-үш күннің ішінде денесі Қазақстанға жеткізілетін шығар", - деді Смадияров бүгінгі баспасөз мәслихатында.

Бизнесменнің денесі қалай табылды

Өткен аптаның ортасында Испания полициясы Қазақстан азаматының қайтыс болғанын хабарлады. 53 жастағы Марат Сабалақовтың денесі вилла аумағынан табылды. Шетелдік бұқаралық ақпарат құралдарында ер адамның бұрын ауырғаны туралы жазылды.

Бастапқыда зорлықпен өлтірген деген де болжам жасалды, өйткені мәйіттің жанынан ғана емес, үйден де қан іздері табылған.

Дегенмен Сабалақов денсаулығына байланысты есінен танып құлап, басын жарып алуы әбден мүмкін, деп жазды жергілікті басылым. Қазаның нақты себебі сот-медициналық сараптамадан кейін белгілі болады.

Марат Сабалақов кім?

Ашық ақпарат көздеріне сүйенсек, Марат Сабалақов AS Invest Group компаниясының президенті болған. 2015 жылдың қараша айында Сабалақов Словакия Республикасының Алматыдағы құрметті консулы қызметіне тағайындалды. Ол "бұл қызметтегі басты мақсатым екі ел арасындағы экономика, сауда, мәдениет, ғылыми және білім саласындағы қатынастарды нығайту" деген болатын.

246
Кілт сөздер:
министрлік, Испания, белгілі бизнесмен
Тақырып бойынша
Елорда маңынан жас жігіттің денесі табылды – полиция мән-жайды айтты
Министр елшілік қызметкерінің денесі елге қашан жеткізілетінін айтты
Атырауда жоғалып кеткен екі баланың денесі табылды
Түркістан облысында із-түзсіз жоғалған жүргізушінің денесі табылды
Қазақстандық бизнесмен Испаниядағы вилласынан өлі табылды
Загрузка...