Мәжілістің пленарлық отырысы өтетін зал

Алматының қақ ортасында мәжіліс депутатын тонап кетті

3591
Алматы полициясы осы фактіге қатысты "ұрлық" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу бастады, күдікті әлі ұсталған жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар – Sputnik. Алматыда мәжіліс депутаты Ирина Смирнованың сөмкесі ұрланды. Бұл туралы ол әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

"Жақында мені тонап кетті. Алматының ортасында. Көліктің бүйір терезесін сындырды. Сөмкемді алып кетті", - деп жазды Смирнова фейсбукте.

Айтуынша, сөмкесінде бағалы заттар болмаған. Құжаттары басқа кішірек сөмкенің ішінде болған.

Депутат полицияға арыз жазғанмен, тергеудің жүріп жатқанына күмән келтірді.

Алматы полициясы департаментінің ақпаратынша, ұрлық фактісі осы жылдың 5 қаңтарында болған.

"Арыз Қылмыстық кодекстің 188-бабында көзделген қылмыс белгілері бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді", - делінген хабарламада.

Тағы оқыңыз: "Балталап тастадым": павлодарлық қанішердің өлер алдындағы ашық әңгімесі

Жедел тергеу тобы құрылды. Жедел және тергеу шараларының кешені осы қылмысты ашуға бағытталған, деп сендірді полициядан.

3591
Тақырып бойынша
"Айқайлама, айтқанымды істе!": Алматыда әншіге шабуыл жасалды
"Сатып алды": бұрынғы вице-министрдің адвокаты куәгерге қатысты мәлімдеме жасады
1424 нөміріне хабарласып, қалай ақша алуға болады – қазақстандықтар білуі тиіс ақпарат
ҰҚК қылмыстық топ мүшесі ұсталған сәттің видеосын жариялады
Алматыда бұрынғы әкімнің ұсталған сәтінің видеосы жарияланды
Ер адам қоғамдық көлікте 10 жастағы қызды зорлады
Загрузка...