Оқиға

Қоғамдық резонанс туғызды: Талдықорғанда әскери қызметшіні кім өлтіргені белгілі болды

© Sputnik / Руслан Кривобок / Медиабанкке өтуАрхивное фото вооруженного мужчины
Архивное фото вооруженного мужчины  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Өткен жылдың соңында қаланың дәл ортасында әскери қызметшіні өлтіріп кеткен болатын. Бұл оқиға қоғамдық резонанс туғызды. Күдікті анықталып, қамауға алынды

ТАЛДЫҚОРҒАН, 4 ақпан – Sputnik. Талдықорған қаласының 38 жастағы тұрғыны қылмыс жасағаны үшін қамауға алынды. Ол өз әріптесін атып тастады, деп хабарлады Алматы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Тергеу материалдарына сәйкес, өткен жылы 24 желтоқсанда қалалық полицияға "Қаратал" шағын ауданында әскеридің өлі денесі табылғаны туралы хабар түскен. Оқиға орнына барған шұғыл тергеу тобы "Мактуб" сауда орталығының жанында жатқан мәйітті зерделеп, ер адамды зорлықпен өлтіргенін бірден анықтады. Басына оқ тиген әскери қызметкер сол жерде тіл тартпай кетті.

36 жастағы Талдықорған тұрғыны облыс орталығына жақын әскери бөлімде жұмыс істеген. Тергеу кезінде оған жақын болған барлық адамнан жауап алынды. Сот-медициналық, баллистикалық және портретті сараптаманың нәтижесі зерделенді.

"Қорытындысы бойынша қылмыстың бір нұсқасы расталып, күдікті ер адам анықталды. Ол әскери қызметшінің әріптесі болып шықты. Сол әскери бөлімде жұмыс істейді. Күдікті ұсталып, уақытша изоляторға қамалды. Оған қатысты қылмыстық кодекстің 99-бабы ("адам өлтіру") бойынша іс қозғалды. Облыстық департаменттің басшылығы қылмыстық істі ерекше бақылауға алды", - дейді қалалық полиция басқармасының басшысы Асқар Нұрсапа.

Тағы оқыңыз: Әскери қызметші 8 әріптесін атып тастады: трагедияның мән-жайы

Полицейлер 16 калибрлік шолақ аңшы мылтығын да тапты. Күдікті оны Қаратал өзеніне лақтырып жіберген. Тәртіп сақшыдары қаруды алып шығып, тергеу материалдарына айғақ ретінде тіркеді.

Жаңалықтар
0