Телефон, фото

Қазақстанда банк қосымшасы арқылы қылмыс жасаған полковник ұсталды - видео

310
(Жаңартылды 12:51 05.02.2020)
Күдікті Орал қалалық уақытша ұстау абақтысына қамауға алынды. Соңғы шешімді алдағы уақытта сот шығарады

НҰР-СҰЛТАН, 5 ақпан – Sputnik. Қорғаныс министрлігінің Батыс Қазақстан облысы бойынша қорғаныс істері жөніндегі департамент басшысы парамен ұсталды, деп хабарлады сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет.

Видеодан әскери шенеуніктің заңсыз сыйақысы алдымен танымал банк қосымшасы арқылы жіберілгенін көруге болады. Осы ақшаны алған кезде күдіктіні ұстау операциясы өткізілді.

Ресми мәліметке сәйкес, сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет қорғаныс министрлігімен бірлесіп, пара алғаны үшін күдікті болған полковник, "ҚР қорғаныс министрлігінің БҚО қорғаныс істері жөніндегі департаменті" РММ басшысын әшкереледі.

Ол қол астындағы қызметкерінен қызмет бабында көтермелеу және жеке қамқорлығы үшін қомақты көлемде пара алды деген күдікке ілінді.

"Күдікті ұсталып, Орал қалалық уақытша ұстау абақтысына қамалды. Оның кінәсінің деңгейі туралы түпкілікті шешімді сот қабылдайды", - делінген ресми хабарламада.

310
Кілт сөздер:
полковник, қылмыс, Қазақстан
Тақырып бойынша
Күйеуінен кредитті жасыру үшін қулыққа барған әйелдің басы бәлеге қалды
Алматыда бұрынғы аудан әкімі ұсталды
Елордада оңай олжаға кенелген таксист барлық айыппұлын жауып тастады
Кредитін уақытында төлемейтіндер үшін жаңа талап күшіне енді
Министр Нұрымбетов президент кеңесшісінің атышулы жазбасына жауап берді   
Сотталушы, архивтегі сурет

Тоңазытқыштағы бала өлімі: перзентхананың бұрынғы басшысы сотталып жатыр

337
(Жаңартылды 08:53 28.05.2020)
Сот алдында облыстық перинаталдық орталықтың бұрынғы бес қызметкері жауап беріп жатыр. Орталықтың экс-басшысы қоластындағыларға нәрестені тоңазытқышта қалдыруға тапсырма берген

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр - Sputnik. Атырауда қоғамдық резонанс тудырған, нәрестені тоңазытқышта қалдыруға тапсырма берген перзентхананың бұрынғы басшысына қатысты сот басталды.

Сот алдында облыстық перинаталдық орталықтың бұрынғы бес қызметкері жауап беруде, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Тергеудің мәліметіне сәйкес, перзентхананың бұрынғы басшысының тапсырмасы бойынша нәресте тоңазытышқа жатқызылған. Кейін шетінеп кетті.

Карантинге байланысты процесс онлайн-режимде өтіп жатыр. Сотталушылар байланысқа тергеу изоляторынан қосылды. 

Процеске қатысушылар саны көп болғандықтан, байланыс нашарлай түсті. Тараптар техникалық ақауға байланысты процесті кейінге шегеруді сұрады. Сот өтінішті қанағаттандырмады.

Перинаталдық орталықтың бұрынғы басшысы 8 бап бойынша сотталып жатыр. Олардың ішінде дәрсменсіз халдегі адамды өлтіру бар (бұл бап бойынша 20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған). Сондай-ақ, экс-басшының ісі біреудің мүлкін иемдену, алаяқтық, пара беру және алу баптары бойынша қарастырылып жатыр.

Тоңазытқыштағы бала өлімі

2019 жылдың 4 қазанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облыстық перинаталдық орталығының жетекшісіне жаңа туған нәрестенің өліміне қатысы бар деген айып тағылғанын хабарлады. 

Перзентханада сәби тірі туған. Алайда дәрігерлердің салғырттығынан құжатта өлі деп жазылады. Олар қатені түзетпеу үшін шақалақты тоңазытқыш камерасында қалдырып кеткен.

Бұл жағдай орталық жетекшісіне қатысты басқа істі тексеру кезінде анықталған. Бұған дейін медициналық мекеменің басшысы жемқорлыққа байланысты ұсталғаны хабарланған еді.

Баланың өліміне қатысты әйелді босандырған акушер-гинеколог та қамауға алынды.

Атырау облысында шыққан шудан кейін денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетіп, әкімнің орынбасарына қатаң сөгіс берілді.

 

337
Кілт сөздер:
сот, перзентхана, Атырау, бала, тоңазытқыш
Тақырып бойынша
Нәресте тоңазытқыштан табылды: атыраулық дәрігерлердің ауыр қылмысы ашылды
Қазақстанда дәрігерлердің жалақысы 550 мың теңге болады
Дәрігерлердің жаппай вирус жұқтыруына кінәлі басшылар жауапкершілікке тартылады
Перзентханадағы сұмдық: Ноғаев ауруханада қазір не болып жатқанын айтты
Тоңазытқыштағы бала өлімі: облыстық басқарма басшысы қызметінен кетті
Аурухана, архивтегі сурет

Блок бекеттегі апат: үшінші полицейдің жағдайы туралы ақпарат жарияланды

502
Жол апатына кінәлі азамат бұрын полицияда 6 жыл қызмет еткен. Бұл жайында қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов мәлімдеген болатын

АЛМАТЫ, 26 мамыр – Sputnik. Алматы қоғамдық денсаулық басқармасы блок бекеттегі жол апатында зардап шеккен үшінші полицейдің жағдайы туралы айтты.

Полиция департаментінің есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Ербұлан Сейдазым жарақат алғаннан кейін №7 қалалық клиникалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді.

"Науқас аралас жарақат алған, бас сүйек-мидың жабық жарақаты, ауыр дәрежедегі бас миының соғылуы, желкеге пластиналы эпидуральды қан құйылуы, желке сүйегінің сынуы, сол жақ бет қаңқасының сынуы, бастың, беттің, белдің жұмсақ тіндерінің соғылуы диагнозы қойылды", - деді Алматы денсаулық басқармасында.

Хирургтардың консилиумынан кейін зардап шеккен азаматқа бас сүйегінің резекциялы трепанациясы жасалды, сондай-ақ бас сүйегінің жіті гематомасын алып тастады.

"Жағдайы ауыр. Бүгін миына томография жүргізілді. Науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған", - деп атап өтті Алматы қоғамдық денсаулық басқармасы.

Реанимация бөлімінде қарқынды терапия жалғасып жатыр.

Алматыдағы блок бекетте болған трагедия

25 мамырда Көксай шағын ауданындағы Жаңа ғасыр мен Қожабеков көшелерінің қиылысындағы №4 блок бекетте BMW автокөлігінің жүргізушісі алдымен блок бекет қоршауына, содан кейін екі полицей отырған патрульдік көлікке соқтығысқан.

42 жастағы полицей Жарас Жанғазиев оқиға орнында қаза болды. Ал 26 жастағы екінші полицей Дастан Әбдіқанов ауруханада есін жимастан көз жұмды.

Ережеге бағынбаған азаматтың ішімдік ішкені расталды. Ол Алатау ауданының тұрғыны болып шықты. Оқиға салдарынан зардап шеккен тағы бір полиция қызметкері ауруханада ауыр халде жатыр.

Бұрын полицияда жұмыс істеген

Жол апатына кінәлі азамат бұрын полицияда 6 жыл қызмет еткен. Бұл жайында қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов мәлімдеді. Айтуынша, кінәлінің ішкі істер органдарында қызметінен босатылуына өз міндетін дұрыс атқармағаны үшін төрт рет сөгіс алғаны себеп болған.

1994 жылы туған кінәлінің үстінен екі және одан да көп адамды өлтіру фактісі бойынша қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (бұл бап бойынша 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру не өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады).

Күдікті қамауға алынды.

502
Кілт сөздер:
денсаулық, полицей, бекет, Алматы
Тақырып бойынша
Марқұм полицейдің әйелі мас жүргізуші туралы: ол күйеуіммен бірге істеді  
Алматыда екі полицейдің өмірін қиған апаттың куәгері: жедел жәрдем кеш келді
Алматы тұрғыны блок бекетті бұзып өтпек болды: полицей көз жұмды
Алматы блок бекетіндегі апат: екінші полицей көз жұмды
Блок бекеттегі апат: үшінші полицей жансақтау бөлімінде жатыр
Әскерилер, архивтегі сурет

Әскерге шақырылғандар он төрт күнге карантинге алынады 

5
(Жаңартылды 12:50 28.05.2020)
Әскери бөлімдерде сарбаздардың денсаулығын үнемі бақылайтын медициналық қызметкерлер бар. Олар алгоритмге сай жұмыс істейді

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Көктемгі мерзімді әскери қызметке шақырылғандар он төрт күн карантинге алынып, коронавирусқа тест тапсырады. Бұл туралы Алматы қаласы қорғаныс істері департаментінің басшысы Амантай Өсербаев мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Ол төтенше жағдай аяқталуына байланысты мерзімді әскери қызметке шақыру және мерзімді әскери қызметті өткерген азаматтарды запасқа шығару жұмысы басталып кеткенін айтты. 

"Биылғы мерзімді әскери қызметке шақырудың негізгі мақсаты – Қарулы күштер әскери бөлімдерінің қатарына коронавирус инфекциясы бар азаматтарды жібермеу. Себебі ондай жағдай болса, әскери бөлімдердің жауынгерлік жағдайына тікелей қауіп төнеді", - деді Өсербаев онлайн брифингте. 

Айтуынша, қала әкімінің шешімімен медициналық комиссияның құрамына инфекционист дәрігер қосылды. Барлық әскерге шақыру пунктінде медициналық бекет қойылды. Ол жерде әрбір азаматтың дене қызуы өлшеніп, әрі қарай онымен инфекционист сөйлеседі. Егер адамның бойында ауру белгілері байқалмаса, ол әскери комиссиядан өткізуге жіберіледі. 

"Әскерге шақырылғандар әскери бөлімге келгеннен кейін он төрт күнге карантинге алынады. Сол жерде олар коронавирусқа ПТР тест тапсырады. Он күн бойы олар әскери дайындықтан өтіп, жауынгерлік өмірге бейімделеді", - деп түсіндірді ол. 

Әскери бөлімдерде сарбаздардың денсаулығын үнемі бақылайтын медициналық қызметкерлер бар. Олар алгоритмге сай жұмыс істейді. 

Әскерге шақыру пунктерінде күніне екі рет дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп тұрады.

5
Кілт сөздер:
карантин, әскери
Тақырып бойынша
Президент әскерилер мен полицейлерді марапаттады
Назарбаев тәуелсіздік алған кезде әскер басқаратын жалғыз генерал тапқанын еске алды
Жаңа бағдарлама: мамырдан бастап әскерилерге баспана алу жеңілдеді
Әскерилер коронавирус індетімен күресуге қауқарлы ма?
2019 жылғы Қазақстанның ең үздік спортшысы әскер қатарына алынды