Оқиға

Ақтөбеде автобус аударылды: 26 адам ауруханаға түсті

© Photo : Polisia.kzДТП с автобусом в Актообе
ДТП с автобусом в Актообе - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Автобус жол қиылысында таксимен соқтығысты, жедел жәрдем бригадасы мен патрульдік полиция жасағы зардап шеккендерді ауруханаға жеткізді

НҰР-СҰЛТАН, 15 ақпан – Sputnik. Ақтөбеде жол апаты салдарынан автобус аударылып, 26 адам ауруханаға жатқызылды.

Апат сенбіде шамамен сағат 9.40-та болған. Жұбанов-Сейітов көшелерінің қиылысында бағдардағы автобус пен такси соқтығысқан. Салдарынан автобус аударылып кетті.

"Автобустың жиырма алты жолаушысы – 19 әйел және жеті ер адам Ақтөбе қаласының жедел жәрдем ауруханасына жеткізілді", - деп жазды Polisia.kz.

© Photo : Polisia.kzАқтөбеде автобус пен такси көлігі соқтығысты
Ақтөбеде автобус аударылды: 26 адам ауруханаға түсті - Sputnik Қазақстан
Ақтөбеде автобус пен такси көлігі соқтығысты

Жол апаты фактісі бойынша тергеу басталды.

Ақтөбе облысының полиция департаменті автокөлік жүргізушілерін көктайғақ кезінде жолдарда ұқыпты болуға шақырды. Жүргізушілер жылдамдық режимін қатаң сақтап, арақашықтықты ұстауы қажет.  

Жаңалықтар
0