Қолына кісен тағылған адам, архивтегі сурет

Бес адам ауруханаға түсті: Ақтөбе облысында оқ атқандар ұсталды

2225
(Жаңартылды 16:04 22.02.2020)
Ақтөбе облысының полициясы бес адамның жаралануына әкеп соққан қақтығыстың себептерін жария етуден бас тартты

НҰР-СҰЛТАН, 22 ақпан – Sputnik. Ақтөбе облысының Хромтау қаласында атыс кезінде бес адам жараланды. Оқ атқандар ұсталды, оларға адам өлтіруге оқталды деген айып тағылып отыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Ішкі істер министрлігі баспасөз қызметінің ақпаратынша, атыс 20 ақпан, бейсенбіде болған.

"22:10-да Хромтау ауруханасына оқ жарақатын алған бес адам түсті. Тез арада жедел тергеу тобы құрылды. Бір тәулік ішінде үш күдікті ұсталды, олар кінәсін мойындады", - деп мәлімдеді ІІМ-нен.

Қылмыс жасағаннан кейін күдіктілер 16 калибрлі екі аңшы мылтығын Бөгетсай ауылының маңындағы Ор өзенінің көпірінің астына жасырған.  

Қазір үшеуі де уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Тағы оқыңыз: Сыбайластары болуы мүмкін: ІІМ қару ұрлаған сарбаз ісіне қатысты ақпарат берді

Қылмыстық кодекстің "Адам өлтіруге оқталу" бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Екі мылтық пен ресейлік нөмірлі "ВАЗ-2114" автокөлігі тәркіленді. Қажетті сараптамалар жүргізіліп жатыр.

Sputnik Қазақстан тілшісі атыс себебін білу үшін Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіне хабарласты. Алайда істің мән-жайы тергеу мүддесіне байланысты жария етілмей отыр.

2225
Кілт сөздер:
полиция, атыс, Ақтөбе облысы
Тақырып бойынша
Қордайдағы оқиға: ақсақалдың екі ұлын соққыға жыққандар ұсталды
Әскери бөлімнен қарумен қашып кеткен сарбаз ұсталды
Алматыда зорлық-зомбылыққа арандатты деген күдікпен екі адам ұсталды
Түркістан облысында әкім орынбасары ұсталды
Атырауда нәрестені қасақана өлтірді деген күдікпен тағы бір дәрігер ұсталды
Елорданың 69 жастағы тұрғыны әйел зорлағаны үшін ұсталды: оқиғаның мән-жайы
Загрузка...