Оқиға

Көліктің быт-шыты шыққан: Ақтөбе облысында төрт адам көз жұмды

© Sputnik / Евгений Епанчинцев / Медиабанкке өтуТрассадағы автокөлік
Трассадағы автокөлік - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Жантүршігерлік жол апаты "Самара – Шымкент" тас жолында 23 ақпан, жексенбі күні болды, КамАЗ қарсы бетке шығып кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 23 ақпан – Sputnik. Ақтөбе облысында жол апатынан төрт адам ажал құшты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Жол апаты 23 ақпан күні "Самара – Шымкент" тас жолының 915 шақырымында болды.

© Photo : Polisia.kz сайтынан алынды"Самара – Шымкент" тас жолындағы апат
Көліктің быт-шыты шыққан: Ақтөбе облысында төрт адам көз жұмды - Sputnik Қазақстан
"Самара – Шымкент" тас жолындағы апат

39 жастағы "КамАЗ" жүргізушісі қарсы бетке шығып кетіп, Volkswagen Sharan көлігімен соқтығысты.

© Photo : Polisia.kz. "КамАЗ" жүргізушісі қарсы бетке шығып кеткен
Көліктің быт-шыты шыққан: Ақтөбе облысында төрт адам көз жұмды - Sputnik Қазақстан
"КамАЗ" жүргізушісі қарсы бетке шығып кеткен

Салдарынан жеңіл көліктің бір жолаушысы жарақат алып, ауруханаға түсті.

Төрт адам оқиға орнында көз жұмды.

Ақтөбе облысының полиция департаменті жүргізушілерден жол ережесін сақтауды өтінеді.

Жаңалықтар
0