Қарабұтақ – Қостанай тасжолында болған апаттан төрт адам қаза тапты

Ақтөбе облысында жолда төрт Тәжікстан азаматы қаза болды

489
Армян нөмірін таққан Honda жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, жүк көлігімен соқтығысқан. Жеңіл көліктегі адамдардың бәрі көз жұмды

НҰР-СҰЛТАН, 25 ақпан – Sputnik. Ақтөбе облысында Қарабұтақ – Қостанай тасжолында шетел азаматтары қаза болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қайғылы оқиға 25 ақпан күні сағат 13.00-де болған.

"Қарабұтақ – Қостанай тасжолында болған апаттан төрт адам қаза тапты. Алдын ала мәлімет бойынша, Арменияда тіркеуде тұрған Honda автокөлігі жолдың қарсы бетіне шығып кетіп, Алматы облысының 52 жастағы тұрғыны жүргізіп келе жатқан Volvo жүк көлігімен соқтығысқан", - деп хабарлады облыстық департамент.

Оқи отырыңыз: Көкшетау түбінде жол апатынан үш адам көз жұмды

Апат салдарынан Honda көлігінің жүргізушісі мен үш жолаушысы – Тәжікстан азаматтары оқиға орнында қаза болды. Қатты соққыдан жүк көлігі жол жиегіне шығып кеткен.

Полиция департаменті жол қозғалысы ережесін сақтап, жол-метеорологиялық жағдайларды ескеру керектігін ескертеді.  

489
Кілт сөздер:
Тәжікстан азаматтары, жол апаты
Тақырып бойынша
Батыр – Қызылтөбе жолында екі көлік соқтығысып, біреуі жарылды - видео
 Сау-тамтығы қалмаған: Қалбатау-Көкпекті жолында жантүршігерлік жол апаты болды
Ата-анасы кешірген жоқ: Кореяда баланы қағып кеткен қазақстандыққа үкім шықты
"Жаны сұлу еді": қаза болған қазақстандық студент Канадада жерленді
Жол апатына ұшыраған адамға алғашқы көмекті қалай көрсету керек?
Алматы облысында мұғалімдер мінген көлік апатқа ұшырады: қаза болғандар бар
Загрузка...