Полиция көлігі, иллюстративті фото

Солтүстік Қазақстанда әйел жаңа туған баласын өлтірді деген күдікпен ұсталды

90
(Жаңартылды 16:19 26.02.2020)
Облыстың полицейлері ауладағы үй-жайға жасырылған қыздың мәйітін тапты, нәрестенің анасына қылмыстық іс қозғалды

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша ауданы полиция бөлімінің қызметкерлері өзінің жаңа туған сәбиін өлтірді деген күдікпен Обуховка ауылының 27 жастағы тұрғынын ұстады.

Пакетке оралып, ауладағы үй-жайға жасырылған қыздың мәйіті табылғаны туралы хабарлама полицияға 25 ақпанда түскен, деп хабарлады Polisia.kz.

Атырауда табылған тастанды сәбидің анасы ұсталды 

Оқиға орнына жеткен тергеу-жедел тобы жергілікті тұрғындар берген ақпаратты растады.

"Оқиға болған жерді тексеру барысында тергеу-жедел тобы үй-жайдан зорлықпен өлтіріліп, пакетке салынған қыздың мәйітін тапты", - деп хабарлады Солтүстік Қазақстан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Іс сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне Қылмыстық кодекстің 100-бабы "Жаңа туған баланы анасының өлтіруі" бойынша тіркелген.

Күдікті Обуховка ауылының 1992 жылы туған тұрғыны екені анықталды. Ол аудандық ауруханаға жатқызылды. Жаңа туған баланың мәйіті сот-медициналық сараптамаға жіберілді.

90
Кілт сөздер:
тастанды, нәресте
Тақырып бойынша
Атырауда аязды күні даладан нәресте табылды
Үш күн жатып аман қалған: қызын тірідей көміп кеткен ата-анаға іздеу жарияланды
Нәрестенің аузын пластырьмен жапқан: полиция тексеріс жүргізіп жатыр
Оралда әйел жаңа туған баласын өлтірді: жантүршігерлік оқиғаның мән-жайы
Атырауда нәрестені қасақана өлтірді деген күдікпен тағы бір дәрігер ұсталды
Загрузка...