Оқиға

 Өскемен маңында отқа оранған ұшақтың бортында кімдер болғаны анықталды

© Photo : КЧС МВД КазахстанаАН-2 совершил вынужденную посадку близ Усть-Каменогорска
АН-2 совершил вынужденную посадку близ Усть-Каменогорска - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Санитарлық авиация ұшағының бортында бес адам болған: экипаж бен жолаушылар денесін ауыртып алған, қаза болғандар жоқ

НҰР-СҰЛТАН, 26 ақпан – Sputnik. Шығыс Қазақстанда шұғыл қонуға мәжбүр болған Ан-2 санитарлық авиация ұшағының бортында болғандардың аты-жөні жарияланды.

"Бортта бес адам болды. Экипаж бен жолаушылар дін аман. Олар – дәрігерлер Асаубаев пен Халитов, экипаж Шкулов, Шалыгин, Иванов", - деп хабарлады Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі.

"Орлан-2000 әуе компаниясы" ЖШС-на тиесілі Ан-2 ұшағының экипажы 26 ақпанда сағат 12:26-да Прапорщиково ауылының маңында апатты жағдайда қонды.

Ұшақ санитарлық тапсырмамен Өскемен-Ақсуат бағытында ұшып шыққан. Прапорщиково ауылының маңында (Өскемен әуежайынан 1,5 шақырым жерде) қозғалтқыш өртеніп, борт төтенше жағдайда қонған.

Өскеменде шұғыл қонуға мәжбүр болған ұшақ отқа оранды – видео 

"Бір ұшқышқа медициналық көмек көрсетілді. Оқиғаның жай-жапсары тексеріліп жатыр", - деп хабарлады төтенше жағдайлар комитеті.

Қазіргі кезде индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің авиациялық оқиғаларды тексеру басқармасы тергеу жұмыстарын бастады.

Зардап шеккендердің жағдайы туралы не білеміз

Оқиға орнына екі жедел жәрдем бригадасы, сонымен қатар өрт сөндіру машинасы жіберілді.

Жедел жәрдем келгенге дейін апаттар медицинасы бригадасы барлық бес зардап шегушіге көмек көрсетті.

Қазіргі уақытта зардап шеккендер Өскемен қаласының №1 қалалық ауруханасында жатыр. Науқастардың жағдайы тұрақты, орташа ауыр дәрежеде деп бағаланып отыр.

Жаңалықтар
0