Оқиға

Қару ұрланған әскери бөлімде не болып жатыр?

© Sputnik / Тимур БатыршинТоржественное мероприятии в честь Дня защитника отечества, 7 мая, в парке имени 28 гвардейцев-панфиловцев
Торжественное мероприятии в честь Дня защитника  отечества, 7 мая, в парке имени 28 гвардейцев-панфиловцев  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қорғаныс министрлігі тергеу жұмыстарының аяқталуын күтуге шақырды. Оның нәтижесінде оқиғаға қатысы бар барлық адам анықталмақ

НҰР-СҰЛТАН, 27 ақпан — Sputnik. Қаруланған сарбаз қашып кеткен Түркістан облысындағы әскери бөлімде дивизион командирі ұсталды. Бұл туралы Қазақстан қорғаныс министрінің орынбасары Тимур Дәндібаев айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Оның мәліметінше, қазір әскери офицерлердің іске қатысы бар-жоқтығы туралы айтуға әлі ерте. Дегенмен ішкі істер министрлігі дерегіне сай, бүгінгі күні құрықтау бойынша іс-қимыл жүргізіліп жатыр.

"Ішкі істер министрлігіне жақын дереккөздерден белгілі болғандай, дивизион командирі ұсталған. Біз басқа ақпарат таратпаймыз, себебі бұл қызметтік ақпарға жатады", - деді Тимур Дәндібаев. 

Қазақстан қорғаныс министрінің орынбасары оқиға туралы болжам жасамай, қатысы барлардың бәрін анықтайтын құқық қорғау органдары тергеуінің аяқталуын күтуге кеңес берді.

Бұған қоса, Дәндібаев ведомство бұл оқиғадан нәтиже шығарып, өз жұмысының осал тұстарын анықтауға мүдделі екенін атап өтті.

Әскери бөлімнен қару ұрлау ісі

20 ақпанға қараған түні келісімшарт бойынша жұмыс істейтін сержант Абылай Балғымбай әскери салаға қатысы жоқ 1995 және 1996 жылы туған екі досымен бірге 29 автомат, 28 тапанша мен екі қару пышағын ұрлап кетті.

Ішкі істер министрлігі тергеу департаментінің бастығы Санжар Әділов қару-жарақ әскери бөлімнен бір уақытта шығарылмағанын айтты. Ұрлық қаңтардың соңынан ақпанның ортасына дейін жасалған.

Ұлттық қауіпсіздік комитеті мен ішкі істер министрлігінің бірлескен жедел-тергеу тобы ұрлық жасағандарды ұстап, қаруды тәркіледі.

Жаңалықтар
0