Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы шекара арқылы жанар-жағармай тасымалдауға арналған магистраль

Қазақ-қырғыз шекарасынан жерасты каналы табылды: тергеу жүріп жатыр

5642
(Жаңартылды 14:42 03.03.2020)
Пластикалық шлангілердің бірінен бензин исі бар сұйықтық табылды, соған қарағанда бәзбіреулер шекара арқылы жанар-жағармай тасымалдаған

НҰР-СҰЛТАН, 3 наурыз – Sputnik. Жамбыл облысының шекара маңы аумағынан жер астында төселген екі шлангі табылды. Қазір тергеу жүріп жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан ҰҚК шекара қызметінің баспасөз қызметіне жасап.

Қазақстандық шекарашылар қырғыз әріптестерімен бірлесіп Жамбыл облысының шекара маңы аумағынан жер астында төселген екі пластикалық шлангі тапты. Олар қазақ-қырғыз шекарасы бағытында жүргізілген.

Магистраль для перекачки ГСМ через границу между Казахстаном и Кыргызстаном
© Photo : пресс-служба пограничной службы КНБ РК
Қазақ-қырғыз шекарасы арқылы заңсыз жанар-жағармай тасымалдауға арналған магистраль

"Шлангінің бірінен бензин исі бар сұйықтық табылды. Алдын ала болжам бойынша, олар шекара арқылы заңсыз жанар-жағармай тасымалдауға арналған, жақсылап жасырылған жерасты магистралы болуы мүмкін", - делінген хабарламада.

Бұл фактіге қатысты құзырлы органдарға хабар берілді. Қазір тергеу шаралары жүріп жатыр.

5642
Кілт сөздер:
қазақ-қырғыз шекарасы
Тақырып бойынша
Қазақ-қырғыз шекарасында елшілік қызметкерінің ұсталғаны рас па – министрліктің жауабы
Қазақ-қырғыз шекарасында не болып жатыр: министрлік жауап берді
Қазақ-қырғыз шекарасында сарбаз өлім аузынан қалды - видео
Загрузка...