Кептерлер

Алматы саябағында көгершіндердің неден қырылып қалғаны белгілі болды

6991
Құстардың неден қырылғанын анықтау үшін Алматы облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясы комиссия құрды

НҰР-СҰЛТАН, 26 наурыз – Sputnik. Алдын ала болжам бойынша Алматы саябағында өлген көгершіндер уланып қалған. Бұл туралы орман шаруашылығы және жануарлар әлемі комитеті хабарлады.

Алматы қаласындағы 28 панфиловшы саябағының аумағында отыз көгершін қырылып қалған. Құстардың неден өлгенін анықтау үшін Алматы облыстық аумақтық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі инспекциясы комиссия құрды.

"Комиссия бұған дейін мұз айдыны болған 100 шаршы метр аумақта 30 көгершіннің өлгенін анықтады. Алдын ала болжам бойынша олар уланып қалған", - деп жазды комитеттің баспасөз хатшысы Сәкен Ділдахмет әлеуметтік желідегі парақшасында.

Айтуынша, ветеринарлық қызмет зертханалық зерттеулер үшін тиісті сынама алған.

Құстардың қырылуының нақты себебі сараптама нәтижесінен кейін белгілі болады.

Тағы оқыңыз: Қытай иероглифі бар көгершіндер қазақстандықтарды дүрліктірді - фото

25 наурызда әлеуметтік желілерде Алматы саябағында әлсіреп құлаған көгершіндердің суреті тарады. Желі қолданушылары құстар дезинфекция жұмыстарынан кейін уланып қалған болуы мүмкін деп топшылады.

Айта кетсек, карантинге жабылған қала көшелерінде коронавирусқа қарсы залалсыздандыру жұмысы жүргізіліп жатыр.

6991
Кілт сөздер:
Алматы, саябақ, көгершін
Тақырып бойынша
Робот көгершіндер қытайларды аңдуға көшті
Загрузка...