Полиция мен жедел жәрдем көлігі

Қылмыстық іс қозғалды алматылықтың "біртүрлі" әрекеті видеоға түсіп қалды

2312
(Жаңартылды 19:34 08.04.2020)
Полиция департаментінің өкілі мұндай оқиғаның елдегі төтенше жағдай кезінде болғаны үшін әлдеқайда қатал жаза қолданылатыны туралы ескертті

НҰР-СҰЛТАН, 8 сәуір — Sputnik. Алматының Әуезов ауданында полицейдің аяғын басып өткен жүргізуші ұсталды. Оның көлігінде тапанша мен пышақ табылды. 

Ер адам оқиға орнынан қашып кетпек болған. Полицейлер Абай және Алтынсарин көшелерінің қиылысында оның жолын бөгеп, қолға түсірді, деп хабарлайды Алматы қаласы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"1983 жылы туған ер адам ұсталды. Ол жұрт оны "есінен адасқан" деп айтатынын қайталай берді. Оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр", - деді полиция департаментінің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Тергеу қылмыстық кодекстің 379-бабына сәйкес ("билік өкіліне бағынбау") жүргізіліп жатыр. Оның кінәсі дәлелденсе, екі мың айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл (5,5 млн теңгеге жуық) салынуы мүмкін. Бұдан бөлек, 600 сағат қоғамдық жұмыс немесе екі жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы да қарастырылған. 

Департамент өкілі мұндай оқиғалардың елдегі төтенше жағдай кезінде болғаны үшін әлдеқайда қатал  жаза қолданылатыны туралы ескертті. 

2312
Тақырып бойынша
Министр көшеде полицей тоқтатса, не істеу керектігін айтты
Бөтен үйге кіріп, ұйықтап қалған: Алматы облысында полиция қызық оқиғаға тап болды
Куәлігі жоқ жүргізуші полицейді көлігінің капотында сүйреді – видео
Қостанайда коронавирус туралы әзілдеген полицей жұмыстан қуылды
Полицейді капотында тасыған: шымкенттік жүргізушінің қылмысы видеоға түсіп қалды
Алматы қаласында өртенген автобус

Алматыда жолаушылар автобусы өртенді видео

53
(Жаңартылды 16:26 04.06.2020)
Өрттен зардап шеккендер мен жарақат алғандар жоқ. Тілсіз жау тез сөндірілді

АЛМАТЫ, 4 маусым – Sputnik. Алматыда "Нұрлы Тау" бизнес орталығы маңында жолаушылар автобусы өртенді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Алматы қаласы төтенше жағдай департаменті өрттен зардап шеккендер жоқ екенін хабарлады.

"Алдын ала мәліметтер бойынша, Медеу ауданындағы Назарбаев даңғылы мен әл-Фараби даңғылы қиылысының төменгі тұсында автобус өртенді", – делінген департамент ақпаратында.

Департаменттің ресми өкілі сағат 15.06-да өрттің сөндірілгенін мәлімдеді. 

Сгорел пассажирский автобус
© Sputnik / Стрингер.
"Нұрлы-Тау" бизнес орталығының жанында отқа оранған автобус

Айта кетейік, 3 мамырда Медеу ауданында салынып жатқан нысанда жұмыс жүргізу кезінде өрт шыққан еді.

Оқи отырыңыз: Шығыс Қазақстанда ірі өрт болды - видео

Қаланың төтенше жағдай департаменті зардап шеккендер мен құрбандардың жоқ екенін хабарлады. Өрт аумағы 700 шаршы метрді қамтыды.

53
Тақырып бойынша
Елордада өрт сөндірушілер коронавируспен күресуге көшеге шықты – видео
Карантинге алынған аумақта өрт шықса не істеу керек?
"Астана опера" театрында қойылым кезінде өрт шықты
Мәскеу түбіндегі хоспистен өрт шығып, 10 адамның өмірін қиды
Адамның қолы

Ақтөбедегі төтенше оқиға: бесінші адам қайтыс болды

97
(Жаңартылды 10:54 04.06.2020)
Алты жұмысшының төртеуі оқиға орнында қаза болды. Бұған дейін екеуі ауруханаға жеткізілгені хабарланған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым — Sputnik. Сәрсенбі күні Ақтөбедегі хром қосылыстары зауытында зардап шеккен тағы бір адам көз жұмды.

Қаланың денсаулық сақтау басқармасының ақпаратына сәйкес, 1988 жылы туған жұмысшы қайтыс болды. 

"Оның денесінің 60%-ін күйік шалған. Ал 1984 жылы туған жұмысшының жағдайы тұрақты деп айтуға болады. Ол жансақтау бөлімінен палатаға көшіріледі", - деді денсаулық сақтау басқармасы.

Зауыттағы трагедия

Оқиға 28 мамыр күні "АХҚЗ" АҚ-ның №4 цехында 50 текше метрлік бактың ішін тазарту жұмыстары кезінде болған.

Техника қауіпсіздігі ережесін бұзу салдарынан Ақтөбе хром қосылыстары зауытының төрт қызметкері қаза болды. Екеуі ауруханаға жеткізілді.

Аталған факті бойынша Ақтөбе облысының полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 156-бабы 4-бөлігі ("Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған техника қауіпсіздігі ережелерін бұзу") бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Бұл бап жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.

97
Кілт сөздер:
зауыт, адам, Ақтөбе
Тақырып бойынша
Ақтөбе зауытындағы төрт жұмысшының өлімі: үш адам ұсталды
Ақтөбе облысында ер адам өртеніп жатқан үйден жеті адамды құтқарды
Алматы тұрғыны екі адамды құтқарды - оқиға орнында түсірілген видео
Қапшағайда жарылыс болып, бір адам қаза болды
Теңіз кен орнындағы жанжал - жұмысшылар қандай талап қойып отыр
Архивтегі фото

Біртанов карантинді қатаңдату туралы: "Коронавирус ешқайда кетпеген"

0
Қайтадан қатаң карантинге кіруге себеп бар. Алайда онымен мәселенің бәрі шешілмейді, деп мәлімдеді Біртанов  

НҰР-СҰЛТАН, 4 маусым – Sputnik. Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов қатаң карантиндік шараларды енгізуге болатынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Министрдің айтуынша, карантин тәртібін жеңілдеткеннен кейін бірқатар өңірде науқастардың саны артқан. Мәселен, 15-24 мамыр аралығында республикада 2 800 адам коронавирус инфекциясын жұқтырса, 25 мамыр мен 3 маусым аралығында 3 500 науқас анықталған. Осылайша инфекция жұқтырғандардың саны 25 процентке көбейген.

"Қайтадан қатаң карантинге кіруге себеп бар, сөйтіп науқастардың санын азайта аламыз. Алайда тәжірибе көрсетіп тұрғандай, қатаң карантин бәрін шеше алмайды. Әрине, оны қиын жағдайда қолдануға болады. Коронавирустың алғашқы толқыны кезінде ондай шара өз тиімділігін көрсетті", - деді Біртанов онлайн брифингте.

Осы орайда министр карантин шараларын жеңілдету шешімін дұрыс түсіну қажеттігін жеткізді. Себебі қазір санитарлық нормаларды бәрібір сақтау қажет.

"Бізге тұрақты карантин жағдайында өмір сүруге үйрену керек. Карантин бар ма, жоқ па, коронавирус ешқайда кетпеген. Оған қарсы вакцина әлі шыққан жоқ. Сондықтан сақтық шараларын барынша сақтау қажет", - деп атап көрсетті Біртанов.

Оқи отырыңыз: Коронавирустың екінші толқыны басталып кетті – Біртанов 

Министр науқастардың саны қай өңірде күрт артқанын да айтты. Бірінші орында Маңғыстау облысы тұр. Одан кейін Батыс Қазақстан мен Қызылорда облыстары келеді. Ал Шығыс Қазақстан облысы мен Нұр-Сұлтанда науқастардың саны біртіндеп азайып жатыр.

"Біз осындай жағдайды күнделікті байқап отырғаннан кейін әр өңірде ерекше шектеу шараларын енгіземіз. Оған жергілікті деңгейдегі бас санитар дәрігерлердің құзіреті бар. Мысалы, Теңізшевройлда коронавирус жұқтырғандар көбейгеннен кейін Жылой ауданында шектеу шаралары енгізіледі. Тек сол ауданға, тек сол жерге шектеу енгізіледі. Бірақ ондай шешімдер жергілікті штабтарда қабылданады", - деп түсіндірді Біртанов.

0
Кілт сөздер:
Біртанов, карантин, коронавирус
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин
Тақырып бойынша
Денсаулық сақтау министрі коронавирустан өздігінен жазылатындар туралы айтты
Тоқаев карантинге байланысты қазақстандықтарға үндеу жасады
Күн сәулесі коронавирусты өлтіре ме – Бекшин жауап берді
"Халық емханаға бармайды": денсаулық сақтау министрлігі жаңа қызметті іске қоспақшы  
Министр Біртанов митинг өткізуге үзілді-кесілді қарсылық білдірді