Науқасс, аурухана

Қарағанды маңындағы апатта зардап шеккен ұшқыштардың жағдайы белгілі болды

1564
(Жаңартылды 09:59 17.04.2020)
Зардап шеккен әскери ұшқыштар санавиция бортымен Қарағандыға жеткізілді. Дәрігерлер олардың жағдайы орташа деңгейді екенін айтты

НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір - Sputnik. Қарағанды маңында апатқа ұшыраған МиГ-31 ұшағындағы әскери ұшқыштардың жағдайы белгілі болды. 

"Тірек-қимыл аппараты жарақаты, бассүйек-ми шайқалуы бар, жеңіл деңгейдегі күйік шалған. Тексеріс жасалды. Қазіргі уақытта емделіп жатыр. Жағдайлары тұрақты", - деді Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Ержан Нұрлыбаев "Хабар 24" телеарнасына.

Кеше, 16 сәуір күні кешке қорғаныс министрлігі Қарағанды маңында әскери ұшақ апатқа ұшырағанын хабарлаған болатын. Қозғалтқыштан өрт шығып, ұшқыштар ұшақты елді мекеннен алыс алып кеткен. Экипаж катапультация жасап үлгерді, алайда әскерилер жарақат алған.

Қорғаныс министрлігінің комиссиясы апатты тергеуге кіріседі.

Әскери  ұшқыштар тәжірибелі екені айтылып отыр. Жалпы ұшу уақыты 1161 және 888 сағат.

Қорғаныс министрлігінің ақпаратына сәйкес, ұшақ 1991 жылы шығарылған. Бұл Қазақстандағы МиГ-31-мен болған төртінші апат. Бұған дейін мұндай ұшақтар 2007, 2008 және  2013 жылдары апатқа ұшыраған.

 

 

1564
Кілт сөздер:
әскерилер, ұшақ апаты, Қарағанды
Тақырып бойынша
Қарағанды ​​маңында әскери ұшақ құлады
Ұшақ апаты: тірі қалғандардың тізімі жарияланды
Ирандағы трагедия: желіде ұшақ апаты болған жерден жаңа видео жарияланды  
Денесімен қорғаған: Ұшақ апаты кезінде жігіт аяғы ауыр әйелді құтқарып қалған
Құрылыс салынбағанда, бәрі аман қалушы еді –" Бек Эйр" ұшақ апаты туралы
Архивтегі фото

Ақтау Жаңаөзен тасжолында бірнеше адам көз жұмды видео

321
Полицияның мәліметінше, Toyota Alphard минивэнінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аударылып кеткен

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз – Sputnik. Ақтау – Жаңаөзен тасжолында Toyota Alphard минивэні аударылып кетті.

Трагедия 5 тамыз күні таңертең болды. Оқиғаның қалай болғанын Маңғыстау облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазды Lada.kz.  

Полицияның мәліметінше, Toyota Alphard минивэнінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, аударылып кеткен.

"Бұл факт Қарақия аудандық полиция бөлімінің сотқа дейінгі тергеулердің бірыңғай тізілімінде Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 345-бабы 4-бөлігі бойынша тіркелді), - деп хабарлады ведомство.

Бұл баптың жазасы бес жылдан 10 жылға дейінгі мерзімге соттауды, сондай-ақ жеті жылға дейін белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан айыруды көздейді.

"Суық хабар жетті": үш қазақстандық балуан жол апатынан қаза болды

Алдын ала мәлімет бойынша, апаттан 4 адам адам көз жұмған, тағы төртеуі ауруханада жатыр.

321
Кілт сөздер:
видео, жол апаты, Ақтау
Тақырып бойынша
"Астана Опера" театрының жетекші солисі жол апатынан қаза болды
Нұр-Сұлтанда автокөлік бағанды құлатып, аялдамаға соғылды
Атырау облысында жедел жәрдем бригадасы көз жұмды
Блок бекеттегі апат: марқұм полицейдің әйелі алғаш рет қайғылы оқиға жайлы айтты
Атырау облысында болашағынан үміт күттірген үш боксшы қаза болды  
Жедел жәрдем көлігі

Ақмола облысында әйелі мен туысын құтқармақ болған ер адам ажал құшты

1296
(Жаңартылды 14:57 05.08.2020)
Қайғылы жағдай Шортанды ауданында болған. Төтенше жағдайлар қызметіне ақпарат кеше, 4 тамыз күні түсті

НҰР-СҰЛТАН, 5 тамыз - Sputnik. Ақмола облысында көлдің ортасына кетіп қалған әйелі мен жиенін құтқармақ болған ер адам суға батып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі облыстық төтенше жағдайлар департаменті сілтеме жасап.

Ресми мәліметке сәйкес, ерлі-зайыптылар жиенін алып, Шортанды ауданындағы Бозайғыр көліне барған. Сол жерде арнайы жабдықталмаған жағажайда суға түскен. Ал кешке қарай құтқарушыларға шұғыл хабар түсті.

"4 тамызда кешқұрым әйел мен баланың Бозайғыр көлінің ортасына кетіп қалғаны туралы хабар түсті. Біз бірден оқиға орнына аттандық", - дейді құтқарушылар.

Сөйтсе, жас отбасы жиенін алып, көлдің жағасына демалуға келген. Ер адам жағада кәуап қуырамын деп қалған. Ал оның жұбайы 8 жасар жиенімен үрленетін матрасқа мінген. Қатты жел оларды көлдің ортасына алып кетті. 

"Сол кезде келіншек көмек іздеп, айқайлай бастады. Оны көрген күйеуі суға секіріп, құтқармақ болды. Бірақ жете алмады, жарты жолда батып кетті", - деді мамандар.

Құтқарушылар жабдықталмаған жағажайда суға түсу қауіпті екенін ескертті. Қауіпсіздік шараларын барынша сақтау қажет. 

"Мысалы, қайғылы оқиға болған көлдің түбінде балдыр көп. Осының өзі өте қауіпті. Суда жүзу қабілеті – қауіпсіз демалыстың кепілі. Дегенмен, жақсы жүзетін адам да сақтық шараларын барынша сақтауы тиіс ", - дейді құтқарушылар.

 

1296
Кілт сөздер:
су, ажал, туысқан, әйел, Ақмола облысы
Тақырып бойынша
Қарағанды облысында шомылып жүрген үш қыз суға батып кетті
Карантин кезінде суға шомылатындар нені ескеруі тиіс
"Бауырлары пышақтап кетті": Таразда жаппай төбелестен 8 сынып оқушысы ажал құшты
Қазақстанда екі ай ішінде 174 адам суға кетіп көз жұмды
Демалыстағы трагедия: қызды құтқарған астаналық ажал құшты