МиГ-31 ұшағы

Әскери ұшақ құлады: ұшқыштардың аты-жөні белгілі болды

2373
(Жаңартылды 13:07 17.04.2020)
Қазіргі кезде екі ұшқыш Қарағанды облыстық ауруханасында ем алуда. Біреуінің жағдайы қанағаттанарлық болса, ал екіншісі орташа ауыр жағдайда жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 17 сәуір – Sputnik. Қорғаныс министрлігі "МиГ-31" ұшағының құлауына себеп болған барлық мәселені қарастыратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі. 

Әуе қорғанысы күштерінің бас қолбасшысы Нұрлан Орманбетовтың айтуынша, қазіргі кезде бұқаралық ақпарат құралдарында апаттың себебіне қатысты сан алуан болжам айтылып жатыр. Алайда арнайы комиссияның қорытындысы әлі шыққан жоқ.  

"Комиссия әуе техникадан ақаулық шықты ма, әлде ол істемей қалды ма, осының бәрін жан-жақты зерделеп, тергеудің қорытындысын шығаратын болады. Қазіргі кезде апаттың бірнеше нұсқасы қаралып жатыр. Соның ішінде әуеде ұшақтың істемей қалуы және сыртқы факторлардың әсері бар. Әрине, адам факторы да қаралады", - деді Орманбетов бүгінгі онлайн брифингте.

Оның сөзіне қарағанда, ұшақ экипажы бәрін сауатты жасады. Ұшқыштар әуе техникасын барынша сақтап қалуға тырысты. Соған бар күш-жігерін салды. Ұшақты қауіпсіз жерге бағыттап, өздері қатапульттың арқасында аман қалды.

"Әуе кемесін тәжірибелі мамандар басқарды. Біреуі – подполковник Арман Құрманғалиев. Оның 900 сағатқа жуық ұшу тәжірибесі бар. Ал подполковник Иван Гаврилко осы үлгідегі ұшақты 1000 сағаттан артық басқарған", - деп атап көрсетті Орманбетов.

Қазіргі кезде екі ұшқыш Қарағанды облыстық ауруханасында ем алуда. Біреуінің жағдайы қанағаттанарлық болса, ал екіншісі орташа ауыр жағдайда жатыр.

2373
Тақырып бойынша
157 адам мінген ұшақ апаты: бір жолаушының аман қалғаны белгілі болды
Қарағандыдағы ұшақ апаты: көз жұмғандардың аты-жөні жарияланды
Қорғаныс министрлігі МиГ-31 ұшағы апатына байланысты мәлімдеме жасады
Қарағанды маңындағы апатта зардап шеккен ұшқыштардың жағдайы белгілі болды
Құрылыс салынбағанда, бәрі аман қалушы еді –" Бек Эйр" ұшақ апаты туралы
Ан-2 ұшағы

Қазақстанның шығысында ұшақ өртенді

830
Семей – Үржар бағыты бойынша санитарлық рейс орындаған ұшақ әуежайға қонғаннан кейін жана бастаған

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Қазақстанның шығысында Үржар әуежайында Ан-2 ұшағы өртенді, деп хабарлайды азаматтық авиация комитеті.

Оқиға сағат 15:31-де, әуе кемесі қонғаннан кейін алты минуттан соң болды. Санитарлық рейс орындаған ұшақ Үржарға Семейден ұшып келген.

Өрт шыққан кезде ұшақ бортында адамдар болмаған. Сағат 15:50-де өрт сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ.

Ұшақ "Тараз Жаңа Әлем" жекеменшік әуе компаниясына тиесілі.

Тағы оқыңыз: Қарағанды түбінде апат: әскери ұшақтың құлаған сәтінің видеосы жарияланды

Бұл факті бойынша индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі авиациялық оқиғалар мен оқыс оқиғаларды тексеру басқармасы тергеу жүргізіп жатыр.

Жеңіл моторлы Ан-2 ұшақтары ауыл шаруашылығында, әдетте алқаптарға  тыңайтқыштар мен пестицидтер шашу үшін пайдаланылады.

830
Кілт сөздер:
өрт, ұшақ
Астанадағы жедел жәрдем автокөлігі

Атырау облысында жедел жәрдем бригадасы көз жұмды

4309
Исатай ауданы дәрігерлік амбулаториясының екі медицина қызметкері мен жедел жәрдем көлігінің жүргізушісі мерт болды

НҰР-СҰЛТАН, 30 мамыр – Sputnik. Атырау облысында жол апатынан жедел жәрдем бригадасы қаза болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Оқиға Исатай ауданы Зинедин ауылының маңында болған.

Құрылысы былтыр басталған Астраханға баратын тас жолда жедел жәрдем әскери "КамАЗ"-бен соқтығысқан.

"Исатай ауданының дәрігерлік амбулаториясына тиесілі жедел жәрдем көлігінде жүргізуші мен екі медицина қызметкері болған. Олардың барлығы да ажал құшты", - мәлімдеді өңірдің полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Тағы оқыңыз: Түркістан облысында жантүршігерлік жол апаты төрт адамның өмірін қиды

ІІМ Батыс өңірлік әскери-тергеу басқармасы "КамАЗ" рөлінде мерзімді әскери борышын өтеп жүрген 20 жастағы сарбаз болғанын нақтылады.

Тергеу амалдары жүргізілуде.

4309
Кілт сөздер:
жедел жәрдем, Атырау облысы, жол апаты
Тақырып бойынша
Көкшетау түбінде жол апатынан үш адам көз жұмды
Батыс Қазақстанда жантүршігерлік жол апатынан 12 адам зардап шекті
Тоқтап үлгермеген: 18 көлік соқтығысқан жол апатынан 29 адам зардап шекті – фото
Ақмола облысында жол апатынан екі адам қаза тапты, біреуі – сәби
Алматыдағы блокбекеттер

Алматыда бүгін түнде блокбекеттер алынады: әкім мәлімдеме жасады

3
Әкім қала тұрғындары мен қонақтарын тазалық пен әлеуметтік ара қашықтықты сақтап, маска киіп жүруге шақырды

НҰР-СҰЛТАН, 31 мамыр – Sputnik. Алматыда 31 мамырдан 1 маусымға қараған түні блокбекеттер алынады.

Бұл туралы қала әкімі Бақытжан Сағынтаев әлеуметтік желіде хабарлады.

"1 маусымға қараған түні қаланың периметрі бойынша орналасқан блокбекеттерді аламыз. Төтенше жағдай режимі кезінде бұл бекеттер қаладан шығу және қалаға кіруді шектеді. Бұл коронавирустың таралуын тоқтату үшін қажет болды", - деп жазды ол Instagram-да.

Сағынтаев полиция, санитарлық қызмет, фито және ветбақылау қызметкерлеріне, аудандық әкімдіктер мен ұлттық гвардия, қорғаныс министрлігінің әскери қызметшілеріне 2,5 ай ішінде атқарған жұмыстарына алғыс айтты.

Қала әкімі кәсіпорындар мен ұйымдарда санитарлық қауіпсіздік күшейтілгенін атап өтті. Үйлерге, аула алаңдары мен көшелерді залалсыздандыру жүргізілуде.

Тағы оқыңыз: Қазақстанда пойыз билеттері сатыла бастады

Ол азаматтарды тәртіпке бағынып, тазалық пен әлеуметтік ара қашықтықты сақтап, маска киіп жүруге шақырды.

"Бұл қазіргі өмірдің қалыпты нормасына айналуы тиіс", - деді Сағынтаев.

Айта кетсек, 1 маусымнан бастап ел ішінде жолаушылар пойыздары қатынайды. Ал 5 маусымнан қалааралық автобустар жолға шыға бастайды.

3
Кілт сөздер:
Бақытжан Сағынтаев, Алматы
Тақырып:
Төтенше жағдай және карантин