Әскерилер, архивтегі сурет

Оқ басына тиген - Ақмола облысында сарбаздың денесі табылды

3589
(Жаңартылды 13:43 22.04.2020)
Сарбаз түзету мекемесінде қарауыл болып тұрған жерінде басына оқ тиіп, қайтыс болды. Істі тергеу үшін өңірге арнайы топ жіберілді

АЛМАТЫ, 22 сәуір – Sputnik. Ақмола облысы Степногорск қаласында колонияда күзетте тұрған  сарбаз қаза болды.

"Сағат 07:30 шамасында 3517 (Степногорск) әскери бөлімінің қатардағы жауынгері Б.А.Рашев қарауылда тұрып, қарудан өз-өзіне оқ атқан. Оқ басына тиіп, сарбаз қайтыс болды", - делінген Ұлттық ұлан баспасөз қызметінің ресми хабарламасында.

Әскери қызметкердің өлімі туралы Ақмола гарнизонындағы әскери прокуратураға хабарланды.

Оқиғаның мән-жайы мен себебі Ұлттық ұланның бас қолбасшысы тағайындаған қызметтік тергеу барысында анықталатын болады. Ол үшін әскери бөлімге "Орталық" өңірлік қолбасшысының басшылығымен арнайы топ жіберілді.

Тағы оқыңыз: Маңғыстауда қолы мен көзінен айырылған сарбаз миллиондаған айыппұл төлеуі мүмкін

Қызметтік тергеудің қорытындысы қосымша хабарланады.

 

3589
Кілт сөздер:
Ақмола облысы, сарбаз, оқ
Тақырып бойынша
Қарағандыда жас сарбаз өлі күйінде табылды
Атыраудағы әскери бөлімге 10 күн бұрын барған сарбаз көз жұмды
Сыбайластары болуы мүмкін: ІІМ қару ұрлаған сарбаз ісіне қатысты ақпарат берді
Әскери бөлімнен қарумен қашып кеткен сарбаз ұсталды
Шығыс Қазақстанда атыс алаңынан қашып кеткен сарбаз ұсталды
Сынықтар, архивтегі сурет

Түркістан облысында жантүршігерлік жол апаты төрт адамның өмірін қиды

2
"Жетісай – Шардара" автожолында екі жеңіл автокөлік бетпе-бет соқтығысқан, сотқа дейінгі тергеу басталды

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Түркістан облысында жол апатынан төрт адам көз жұмды.

Жол апаты 28 мамыр сағат 14:30 шамасында Кетебай ауылының бойында, "Жетісай – Шардара" автожолында болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Екі жеңіл көлік – "Нексия" мен "Лада-Vesta" бетпе-бет соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан "Нексия" жүргізушісі мен екі жолаушы, "Лада-Vesta" көлігінің бір жолаушысы көз жұмды.

Тағы оқыңыз: Блок бекеттегі трагедия: күдіктінің әкесі полиция мәлімдемесін жоққа шығарды - видео

Оқиға орнында Жетісай аудандық полиция бөлімінің жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы "Жол жүру немесе көлік пайдалану ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

2
Кілт сөздер:
Түркістан облысы, жол апаты, автокөлік
Сотталушы, архивтегі сурет

Тоңазытқыштағы бала өлімі: перзентхананың бұрынғы басшысы сотталып жатыр

512
(Жаңартылды 08:53 28.05.2020)
Сот алдында облыстық перинаталдық орталықтың бұрынғы бес қызметкері жауап беріп жатыр. Орталықтың экс-басшысы қоластындағыларға нәрестені тоңазытқышта қалдыруға тапсырма берген

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр - Sputnik. Атырауда қоғамдық резонанс тудырған, нәрестені тоңазытқышта қалдыруға тапсырма берген перзентхананың бұрынғы басшысына қатысты сот басталды.

Сот алдында облыстық перинаталдық орталықтың бұрынғы бес қызметкері жауап беруде, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Тергеудің мәліметіне сәйкес, перзентхананың бұрынғы басшысының тапсырмасы бойынша нәресте тоңазытышқа жатқызылған. Кейін шетінеп кетті.

Карантинге байланысты процесс онлайн-режимде өтіп жатыр. Сотталушылар байланысқа тергеу изоляторынан қосылды. 

Процеске қатысушылар саны көп болғандықтан, байланыс нашарлай түсті. Тараптар техникалық ақауға байланысты процесті кейінге шегеруді сұрады. Сот өтінішті қанағаттандырмады.

Перинаталдық орталықтың бұрынғы басшысы 8 бап бойынша сотталып жатыр. Олардың ішінде дәрсменсіз халдегі адамды өлтіру бар (бұл бап бойынша 20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған). Сондай-ақ, экс-басшының ісі біреудің мүлкін иемдену, алаяқтық, пара беру және алу баптары бойынша қарастырылып жатыр.

Тоңазытқыштағы бала өлімі

2019 жылдың 4 қазанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облыстық перинаталдық орталығының жетекшісіне жаңа туған нәрестенің өліміне қатысы бар деген айып тағылғанын хабарлады. 

Перзентханада сәби тірі туған. Алайда дәрігерлердің салғырттығынан құжатта өлі деп жазылады. Олар қатені түзетпеу үшін шақалақты тоңазытқыш камерасында қалдырып кеткен.

Бұл жағдай орталық жетекшісіне қатысты басқа істі тексеру кезінде анықталған. Бұған дейін медициналық мекеменің басшысы жемқорлыққа байланысты ұсталғаны хабарланған еді.

Баланың өліміне қатысты әйелді босандырған акушер-гинеколог та қамауға алынды.

Атырау облысында шыққан шудан кейін денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетіп, әкімнің орынбасарына қатаң сөгіс берілді.

 

512
Кілт сөздер:
сот, перзентхана, Атырау, бала, тоңазытқыш
Тақырып бойынша
Нәресте тоңазытқыштан табылды: атыраулық дәрігерлердің ауыр қылмысы ашылды
Қазақстанда дәрігерлердің жалақысы 550 мың теңге болады
Дәрігерлердің жаппай вирус жұқтыруына кінәлі басшылар жауапкершілікке тартылады
Перзентханадағы сұмдық: Ноғаев ауруханада қазір не болып жатқанын айтты
Тоңазытқыштағы бала өлімі: облыстық басқарма басшысы қызметінен кетті