Бала мен ойыншық, архивтегі сурет

Талдықорғанда өгей әке 8 жасар баланы комаға түсірді оқиғаның мән-жайы

532
Ауруханаға ауыр хәлде түскен сегіз жасар бала бірнеше тәулік бойы комада жатты, жағдайы әлі де ауыр

НҰР-СҰЛТАН, 23 сәуір – Sputnik. Талдықорған дәрігерлері 33 жастағы ер адам айуандықпен ұрып-соққан баланы комадан шығарды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

19 сәуірде полицияға облыстық балалар ауруханасына соққыға жығылған бала жеткізілгені туралы ақпарат түсті. Ауруханаға түскен кезде, бала комада болған. Дәрігерлер оны бірден жансақтау бөліміне жатқызды.

"Бала жексенбі күні комамен түсіп, екі тәулік бойы жасанды тыныс алдырту аппаратымен жатты. Сейсенбі күні ғана есін жиды. Таңертең миына компьютерлік томография жасалды. Денесінде жарақаты көп, миына зақым келген, қан құйылған, травматикалық шок. Оған интенсивті терапия жасалды", - деді облыстық балалар ауруханасының директоры Марат Досқалиев.

Қазіргі таңда баланың жағдайы ауыр, деп жалғастырды ол. Бірақ дәрігерлер оң өзгеріс байқап отыр: бала өзі демалады, есін жиды.

Тағы оқыңыз: Алматыда баланы өлтірген өгей әкенің сотына бет-аузын тұмшалаған біреу кіріп келді

"Қазір сөйлейді, тамақ ішеді, қимылдайды. Өте ауыр жарақат алды, сондықтан әзірге жансақтау бөлімінде жатыр. Дүйсенбіге дейін бақылаймыз, егер беті бері қараса, хирургия бөлімшесіне ауыстырамыз", - деп нақтылады Досқалиев.

Баланы анасының 33 жастағы сүйіктісі ұрған. Қазір ол ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды.

Ер адам баланы соққыға жыққан кезде қатты мас болған. Күдікті өгей ұлына тәрбиелеу мақсатында қол көтергенін айтып ақталды.

"Бұл дерек Қылмыстық кодекстің 106-бабы 1-тармағы "Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеудің бірыңғай реестріне тіркелді. 1987 жылғы күдікті ұсталып, кінәсін мойындады. Қазір ер адам уақытша ұстау изоляторында. Сот-медициналық сараптама белгіленді", - деп мәлімдеді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Тағы оқыңыз: Алматыда өгей әке ұрып тастаған 2 жасар бала көз жұмды

Бұл бап бойынша үш жылдан сегіз жылға дейін бас бостандығын шектеу немесе бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

Жаға ұстатарлық оқиға әлеуметтік желілерде кеңінен тарап, қала тұрғындары арасында үлкен резонанс туғызды. Желі қолданушылары құқық қорғаушылардан істі жіті тергеп, ұлын өгей әкесінен қорғай алмаған ананы да жауапқа тартуды талап етіп отыр.

532
Кілт сөздер:
өгей әке, бала, Талдықорған
Тақырып бойынша
Алматыда екі баланы зорлаған адамға химиялық кастрация жасалады
Сабақта баланы ұрған: қостанайлық мұғалім қалай жазаланды
Қарағандыда 3 жасар баланы өлтірген қаскөй ұсталды – фото
Ақтөбедегі балалар шипажайында баланы ұрып-соққан: видео жарияланды
Жедел жәрдем, архивтегі фото

Ақтөбеде хром қосылыстары зауытында 4 адам көз жұмды

1078
(Жаңартылды 19:24 28.05.2020)
Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған техника қауіпсіздігі ережелерін бұзу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Техника қауіпсіздігі ережесін бұзу салдарынан Ақтөбе хром қосылыстары зауытының төрт қызметкері қаза болды.

Оқиға 28 мамыр күні "АХҚЗ" АҚ-ның №4 цехында 50 текше метрлік бактың ішін тазарту жұмыстары кезінде болған. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Тағы екі адам ауыр жағдайда жатыр, олар жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды.

Аталған факті бойынша Ақтөбе облысының полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 156-бабы 4-бөлігі "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған техника қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында көз жұмған екі бала туралы ақпарат жарияланды 

Бұл бап жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.    

Трагедияның мән-жайы анықталып жатыр. Оқиға орнында полиция мен құтқарушылар жүр.  

1078
Кілт сөздер:
төтенше жағдай, зауыт
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтандағы трагедия: жүргізуші жас жігітті құтқару үшін өз өмірін қиған
Трагедия видеоға түсіп қалған: көпір құлап, адамдар қаза болды
Төрт жұмысшы кәріз құдығында қаза болды: жауаптылар 7 жылға сотталуы мүмкін
Үш адам қаза болды – Қарағандыдағы қайғылы оқиғаның мән-жайы
Қырғызстанда төтенше жағдай: екі адам көз жұмып, біреуі кепілге алынды
Зауыт қызметкері жұмыс істеп тұрған еттартқышқа құлап кетті
Сынықтар, архивтегі сурет

Түркістан облысында жантүршігерлік жол апаты төрт адамның өмірін қиды

188
"Жетісай – Шардара" автожолында екі жеңіл автокөлік бетпе-бет соқтығысқан, сотқа дейінгі тергеу басталды

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Түркістан облысында жол апатынан төрт адам көз жұмды.

Жол апаты 28 мамыр сағат 14:30 шамасында Кетебай ауылының бойында, "Жетісай – Шардара" автожолында болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Екі жеңіл көлік – "Нексия" мен "Лада-Vesta" бетпе-бет соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан "Нексия" жүргізушісі мен екі жолаушы, "Лада-Vesta" көлігінің бір жолаушысы көз жұмды.

Тағы оқыңыз: Блок бекеттегі трагедия: күдіктінің әкесі полиция мәлімдемесін жоққа шығарды - видео

Оқиға орнында Жетісай аудандық полиция бөлімінің жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы "Жол жүру немесе көлік пайдалану ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

188
Кілт сөздер:
Түркістан облысы, жол апаты, автокөлік
Нұр-Сұлтан, архивтегі фото

Аптап ыстық, найзағай және бұршақ: жұмада ауа райы қандай болады

0
Қазақстанның үш өңірінде аптап ыстық болады, найзағай ойнап, қатты жел соғады деп болжануына байланысты дабылды ескерту жарияланды  

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Қазгидромет метеорологтары 29 мамырда ауа-райы қандай болатынын болжады.

Ел аумағының басым бөлігі бұрынғыдай жоғары қысым аясында болады, осыған байланысты жауын-шашын болмайды. Синоптиктер тек солтүстікте, солтүстік-батыста өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнап, дауыл тұрады, сондай-ақ бұршақ жаууы мүмкін деп болжап отыр.

Оқи отырыңыз: Биылғы жаз қандай болады - ауа райы болжамы жарияланды 

Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, оңтүстігінде шаңды дауыл, оңтүстік-батыста тұман түседі.

Дабылды ескерту

29 мамырда таңертең және түстен кейін Қостанай облысының кей жерлерінде күн күркірейді, жел 15-20 м/с күшейеді.

Алдағы екі күнде, 29-30 мамырда Түркістан облысында кей жерлерде 15-20 м/с жылдамдықпен жел соғады.

29 мамырда күндіз Атырау облысында қатты ыстық болады – 35-38 градус.

Өңірлердегі ауа райы

Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде дауыл соғады, бұршақ жауып, жел күшейеді – екпіні 25 м/с дейін.

Жамбыл, Ақмола, Шығыс Қазақстан, түнде Алматы, күндіз Қызылорда, Батыс Қазақстан, Павлодар, Қарағанды ​​облыстарында жел 15-20 м/с күшейеді, Жамбыл облысында шаңды дауыл тұрады.

Атырау, Ақтөбе облыстарында, Маңғыстау облысының оңтүстігінде, Қостанай облысында, Батыс Қазақстан облысының оңтүстік-шығысында қатты ыстық болады.

Павлодар, Шығыс Қазақстан, Қызылорда, Ақмола облыстарының кей жерлерінде төтенше өрт қаупі сақталады.

Мегаполистердегі ауа райы

Нұр-Сұлтанда түнде 11-13 градус жылы, күндіз 27-29 градус ыстық болады.

Алматыда түнде 12-14 градус жылы, күндіз – 26-28 градус.

Шымкентте түнде ауа температурасы 19-21 градус жылы, күндіз 33-35 градус ыстық болады.

0
Кілт сөздер:
аптап ыстық, бұршақ, жаңбыр, ауа райы
Тақырып бойынша
"Қазгидромет" мамыр айына болжам жасады