Бетперде киген ер адам

40 минут ішінде 3 дүкенді тонаған: Қарағандыда әккі ұрылар іздестіріліп жатыр видео

773
(Жаңартылды 10:45 28.04.2020)
Қос қылмыскердің кім екендігі әлі анықталмады. Бірақ олардың ұрлық істеген сәті дүкенде орнатылған бейнекамераға жазылып қалған

НҰР-СҰЛТАН, 28 сәуір – Sputnik. Бет-жүзін тұмшалаған қос қылмыскер Қарағандыда 40 минут ішінде 3 дүкенді тонап кетті, деп хабарлайды КТК арнасы.

Қарақшылардың ұрлыққа түскен сәті дүкендерде орнатылған бейнебақылау камераларына түсіп қалған. Бетперде мен қолғап кигендіктен ұрылардың жеке басы әлі анықталған жоқ. Ал бейнекөріністен олардың бірі әйел адамға ұқсайтыны байқалады.

Қылмыскерлер алғашқы супермаркетке түнгі он екі жарымда кірген. Дабыл қосылғанымен, олар өз әрекеттерін тоқтатпаған. Касса бос болғандықтан ақша ала алмаған екеу іргелес орналасқан тағы екі дүкенді тонайды.

Оқи отырыңыз: Павлодар облысында банкоматты жарып жіберген ұры ұсталды - видео

Қазіргі кезде құқық қорғау органының өкілдері қарақшыларды іздеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлімдеді. Сонымен қатар, келтірілген көлемі де есептелуде.

773
Кілт сөздер:
Қарағанды, ұры, тонаушылар
Тақырып бойынша
Алматыда ұры пәтерді үй иесінің көз алдында тонап кетті
Алматыдағы банкті тонау: кассирдің ондаған миллион теңгесі қолды болды
Көзін байлап, далаға тастаған: жүк көлігін тоқтатқан жігіттер ұры болып шықты
Талдықорғанда ұры жүргізушілерге үндеу жасады – видео  
Жедел жәрдем, архивтегі фото

Ақтөбеде хром қосылыстары зауытында 4 адам көз жұмды

437
(Жаңартылды 19:24 28.05.2020)
Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған техника қауіпсіздігі ережелерін бұзу бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Техника қауіпсіздігі ережесін бұзу салдарынан Ақтөбе хром қосылыстары зауытының төрт қызметкері қаза болды.

Оқиға 28 мамыр күні "АХҚЗ" АҚ-ның №4 цехында 50 текше метрлік бактың ішін тазарту жұмыстары кезінде болған. Бұл туралы облыстық полиция департаменті хабарлады.

Тағы екі адам ауыр жағдайда жатыр, олар жедел жәрдем ауруханасына жатқызылды.

Аталған факті бойынша Ақтөбе облысының полиция департаменті Қылмыстық кодекстің 156-бабы 4-бөлігі "Абайсызда екі немесе одан да көп адамның өліміне әкеп соқтырған техника қауіпсіздігі ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.

Оқи отырыңыз: Түркістан облысында көз жұмған екі бала туралы ақпарат жарияланды 

Бұл бап жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу немесе дәл сол мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны қарастырады.    

Трагедияның мән-жайы анықталып жатыр. Оқиға орнында полиция мен құтқарушылар жүр.  

437
Кілт сөздер:
төтенше жағдай, зауыт
Тақырып бойынша
Нұр-Сұлтандағы трагедия: жүргізуші жас жігітті құтқару үшін өз өмірін қиған
Трагедия видеоға түсіп қалған: көпір құлап, адамдар қаза болды
Төрт жұмысшы кәріз құдығында қаза болды: жауаптылар 7 жылға сотталуы мүмкін
Үш адам қаза болды – Қарағандыдағы қайғылы оқиғаның мән-жайы
Қырғызстанда төтенше жағдай: екі адам көз жұмып, біреуі кепілге алынды
Зауыт қызметкері жұмыс істеп тұрған еттартқышқа құлап кетті
Сынықтар, архивтегі сурет

Түркістан облысында жантүршігерлік жол апаты төрт адамның өмірін қиды

68
"Жетісай – Шардара" автожолында екі жеңіл автокөлік бетпе-бет соқтығысқан, сотқа дейінгі тергеу басталды

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Түркістан облысында жол апатынан төрт адам көз жұмды.

Жол апаты 28 мамыр сағат 14:30 шамасында Кетебай ауылының бойында, "Жетісай – Шардара" автожолында болды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Екі жеңіл көлік – "Нексия" мен "Лада-Vesta" бетпе-бет соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан "Нексия" жүргізушісі мен екі жолаушы, "Лада-Vesta" көлігінің бір жолаушысы көз жұмды.

Тағы оқыңыз: Блок бекеттегі трагедия: күдіктінің әкесі полиция мәлімдемесін жоққа шығарды - видео

Оқиға орнында Жетісай аудандық полиция бөлімінің жедел тергеу тобы жұмыс істеп жатыр.

Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы "Жол жүру немесе көлік пайдалану ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Полиция оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр.

68
Кілт сөздер:
Түркістан облысы, жол апаты, автокөлік
Бойжеткен, иллюстративті фото

Америкалық отбасы асырап алған қыз Қазақстандағы ата-анасын іздеп жатыр видео

0
(Жаңартылды 20:10 28.05.2020)
Азия Бергер Флорида штатында Диснейлендтен бес минуттық жерде тұрады. Лекси, Ари деген бір әпке, бір сіңлісі бар. Колледжде өнер саласында оқиды

АЛМАТЫ, 28 мамыр – Sputnik. Азия Бергерді 2001 жылы америкалық отбасы асырап алған. Қазақстанның Семей қаласында туған бойжеткен биологиялық ата-анасын тапқысы келеді. Бұл жайында ол Facebook қолданушысына берген сұхбатында айтты.

Азияның айтуынша, биологиялық ата-анасы Құралай және Қуат Ашқановтар есімді жұп. Бойжеткен 2000 жылы дүниеге келген, 2001 жылы америкалық отбасы асырап алған.

Оқи отырыңыз: Америкалық отбасы асырап алған Айсұлудың қалай Дэвинге айналғаны белгілі болды 

"Аты-жөнім – Asia Berger. Бұл есімді Америкадағы ата-анам қойған. Шын есімім – Салтанат Ашқанова. Мені Қазақстанның Семей қаласынан 16 ай кезімде асырап алған. Өзімнің биологиялық ата-анамды табамын деп шешім қабылдадым. Тегім – Бергер, бірақ біз неміс емеспіз. Әкемнің ата-бабасы, туыстарының неміске қатысы болуы мүмкін", - дейді бойжеткен сұхбатында.

Азия Флоридада тұрады, отбасында екі бауыры бар. Колледжеде өнер саласында оқиды.  

"Мен Флоридада Диснейлендтен бес минуттық жерде тұрамын. Ол жерге бала кезімде баратынмын. Лекси, Ари деген бір әпкем, бір сіңлім бар. Үйде ортаншы баламын. Колледжде өнер саласында оқимын. Біз бір-бірімізбен өте жақын араласамыз, бірге қыдырамыз", - деді ол отбасы жайлы.

Айтуынша, америкалық ата-анасы асырап алғанын жасырмаған.

"Мені асырап алғанын сұрастырып білген жоқпын. Оны бұрыннан білетінмін. Әкем Нью-Йоркте Бруклинде туып өскен. Анам Орталық-батыста туған. Анамның шашы сары, көздері көк. Сырт келбетімізде айырмашылықтар байқалатын. Ата-анам асырап алғаны жайлы жасырған емес", - дейді ол.

Азия сұхбат барысында үйінде Қазақстан жайлы кітаптың көп екенін айтты.

"Барлық жағынан ашық сөйлесе білеміз. Әкем туған жерін білуді маңызды деп санайды. Әсіресе, үйімізде Қазақстан жайлы кітап көп. Қай жерден екенімді біле бермеймін, алайда ата-анамның маған көмек көрсетіп жатқаны үшін ризамын", - дейді бойжеткен.

"Қазақстан жайлы ешқашан жаман пікірде болған емеспін. Себебі туған ата-анамның өз қиындығы болған шығар. Одан бөлек асырап алынған барлық баланың атынан да сөйлей алмаймын, әр адамның өз қиындығы, өмір тәжірибесі бар. Сол туралы ойлаған кезде туған ата-анама деген өкпе-реніш те, сағыныш та жоқ, - дейді ол.

Бойжеткен биологиялық ата-анасының өткен өмірін білмей тұрып, оларды талқылай алмайтынын айтты.

"Менің америкалық ата-анам көп саяхаттайды. Әртүрлі елді, мәдениетті көрген кезде бірден үйренісе алмайды. Мен де Қазақстанға барсам, дәл солай мәдени шок алуым мүмкін", - дейді Азия Бергер.

0
Кілт сөздер:
видео, Америка, бала асырап алу
Тақырып бойынша
Қостанай облысының тумасы ағасын 23 жылдан кейін тапты 
Аружан Сайын шетелдіктерге бала сатты деп айыптағандарға жауап берді
"Көкшетауда тұратынын сеземін": Бішкек тұрғыны туған анасын іздеп жүр
Америкалық отбасы асырап алған Айсұлудың неден көз жұмғаны айтылды