Орбита-3 шағын ауданы

Оқиға орнында көз жұмды - Алматыда 3 жасар баланы көлік қағып кетті

1766
Аулалардың бірінде самокат мінген баланы көлік қағып кетті. Баланың оқиға орнында көз жұмғаны хабарланып отыр

АЛМАТЫ, 28 сәуір– Sputnik. Алматыда аулалардың бірінде кішкентай баланы көлік қағып кетті. Бала оқиға орнында көз жұмды, деп хабарлады құқық қорғау органдары Sputnik Қазақстан ақпарат агенттігіне.

Оқиға Бостандық ауданында Орбита-3 ықшам ауданында болды.

Subaru автокөлігі аула ішінде жүріп бара жатқан, жүргізуші солға бұрылмақ болған. Сол сәтте көліктің алдынан самокат тепкен бала шығып қалған. Көлік жүргізушісі тежегішті басып үлгермей, баланы қағып кетті.

2017 жылы туған бала жедел жәрдем келгенше оқиға орнында көз жұмды.

Тағы оқыңыз: Алматыда самокат мінген қызды көлік қағып кетті: бала ауыр хәлде жатыр

Полиция оқиғасының мән-жайын анықтап жатыр.

1766
Кілт сөздер:
оқиға, бала, көлік, Алматы
Тақырып бойынша
Шымкентте жүргізуші жасөспірімді қағып өлтіріп, қашып кетті
Toyota жүргізушісі жол бойында отырған сатушы әйелдерді қағып кетті - видео
Газ бен тежегішті шатастырған: Алматыда бойжеткен полицейді қағып кетті
Екі аяғынан айырылды - Алматыда аялдамада тұрған әйелді көлік қағып кетті
Алматыда самокат мінген қызды көлік қағып кетті: бала ауыр хәлде жатыр
Терминал, архивтегі фото

Талдықорғанда ер адам төлем терминалын ұрлап кетті видео

129
(Жаңартылды 15:02 22.05.2020)
Күдіктіден ұрланған терминал мен сол аппараттан шыққан ақшаның бір бөлігі – 200 жүз мың теңге тәркіленді

НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. Талдықорғанда ер адам ойын-сауық орталықтарының бірінде тұрған төлем терминалын ұрлап кеткен. Қаскөй ішіндегі ақшаның бір бөлігін пайдасына жаратып үлгеріпті.

Талдықорған қаласының Шығыс қалалық полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне төлем терминалының ұрланғаны туралы хабар 20 мамыр күні түскен, деп хабарлады Polisia.kz.

"Қылмыстың ізін суытпай Сарқан ауданының 31 жастағы тұрғынын ұстадық. Күдіктіден ұрланған терминал мен сол аппараттан шыққан ақшаның бір бөлігі – 200 жүз мың теңге тәркіленді. Күдікті ұрлық жасағанын толық мойындады. Терминалды жалғыз өзі далаға шығарып, таксиге тиеп алып, жалдамалы пәтеріне алып барған", – дейді қалалық полиция басқармасының басшысы Асқар Нұрсапа.

Қылмыскер такси жүргізушісіне терминалдың өз меншігі екенін және оны басқа жерге жеткізу керек болғанын айтқан.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында қылмыстық топ құрықталды

"Жалдамалы пәтерде қолда бар құралдарын пайдаланып, терминалдың ақша салынған бөлігін сындырған. Ішінен шыққан ақшаның көп бөлігін қажетіне жұмсап үлгеріпті. Қалғанын біз тәркіледік", – деп жалғастырды басқарма басшысы.

Қолға түскен тұрғын 2012 жылы да қарақшылық жасағаны үшін сотты болған екен. ҚР ҚІЖК 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изолияторына қамауға алынды. Енді ол бүлінген терминалды және одан ұрланған ақшаны өтеуі қажет.

129
Кілт сөздер:
видео, ұрлық, Талдықорған
Тақырып бойынша
40 минут ішінде 3 дүкенді тонаған: Қарағандыда әккі ұрылар іздестіріліп жатыр – видео
Ордабасы тұрғыны көшеде келе жатып, ұрланған көлігін танып қойды  
Белгісіз біреулер 13 миллион теңгені ұрлау үшін Нұр-Сұлтан тұрғынын аңдыған
Талдықорғанда екі жігіт аса қауіпті қылмыскерді ұстады
Ақтөбе тұрғыны ерекше тәсілмен ұрлық жасады
Архивтегі фото

Жамбыл облысында екі әйелді өлтірді деген күдікке ілінген малшы табылмай жатыр

181
(Жаңартылды 08:20 22.05.2020)
Жұрттың жағасын ұстатқан қанды оқиға Тұрар Рысқұлов ауданының Мамай ауылындағы шаруа қожалығында болған

НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. Жамбыл облысында малшы екі әйелді айуандықпен өлтіріп, өзі ізім-ғайым жоғалды.

Бұл жағдайдан шошып қалған ел-жұрттың сөзінше, қаскөй екі әйелді азаптап, артынан бауыздап тастаған. Ал күдіктінің Өзбекстан азаматы екені айтылуда. Тәртіп сақшылары оны бірнеше күннен бері таба алмай жатыр, деп хабарлады КТК.

Жұрттың жағасын ұстатқан оқиға Тұрар Рысқұлов ауданы Мамай ауылындағы шаруа қожалығында болған. Екі бөлмелі баспананың ішінде Өзбекстан азаматы екі әйелді бауыздап өлтіріп, мәйітті тапшанның астына жасырған. Ал қазір есіктің аузында қара құлып бар. Қожалыққа тиесілі қора-жай қаңырап бос тұр. Қазір бұл маңда мал да, жан да жоқ. Кәсіпкер қайғылы жағдайдан кейін бәрін көшіріп әкетсе керек.

Ақтөбеде Өзбекстаннан көшіп келген кәсіпкер әйелді пышақтап кетті

Ауыл тұрғындары қолы қанға боялған малшы бұл жерде жалғыз тұрған дейді. Ол екі айдан бері мал бағып жүрген. Ал қайтыс болған әйелдің бірі келесі қожалықта аспаз болып істеген көрінеді. Екінші әйел қонаққа келген құрбысы екен. Бірақ бұлардың бір шақырым жерден күдікті тұратын үйге неге барғаны түсініксіз.

Кісі өлтірген азамат қылмыс жасағаннан кейін атқа мініп, ауылға қарай бет алған. Бірақ елді мекенге тоқтамай, ары өткен. Сөйтіп темір жолдың жағасына келіп, жылқысын сол жерге байлап кеткен. Өзі ұшты-күйлі жоғалған. Содан бері одан еш хабар жоқ. Ал полиция қызметкерлері қаскөйді бірнеше күннен бері іздестіріп таба алмай жатыр.  

"Қазір аталған дерекке қатысты Қазақстан Қылмыстық кодексінің 99-бабы 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Сондай-ақ бірқатар сараптам тағайындалды", - дейді Жамбыл облысы ПД тергеу басқармасының аға тергеушісі Әнуар Карипсейтов.

Тәртіп сақшылары тергеу құпиялығына байланысты толық ақпарат бермеді. Белгілісі, қазір күдіктіні жан-жақты іздеу жұмысы жүріп жатыр. Ал қашқынның 54 жастағы Өзбекстан азаматы екені расталды. Сондай-ақ, қайтыс болған келіншектің бірі– 50 жаста, екіншісі – 38-де. Бірақ бұлардың отбасы жайында дерек жоқ. Қылмыс Мамай ауылында болғанымен, қаза тапқандар Сарысу ауданының тұрғындары екен.

181
Кілт сөздер:
малшы, Жамбыл облысы
Тақырып бойынша
Қарағандыда сырттан үйіне келген ер адам жантүршігерлік қылмыстың үстінен түскен
Ақтөбеде сатушы әйелді аяусыз өлтірген екеудің соты басталды
Кәсіпкерді отбасымен қырып салды: БҚО-дағы қылмыстың мән-жайы белгілі болды
Алматы тұрғыны болмашы нәрсе үшін бейтаныс жігітті пышақтап өлтірді
Архивтегі фото

Ресейлік танымал актриса коронавирус жұқтырды

0
Алена Бабенко әлеуметтік желіде COVID-19 індетін жұқтырғанын және денсаулығының нашарлағанын хабарлады

НҰР-СҰЛТАН, 24 мамыр – Sputnik. Ресейдің еңбек сіңірген әртісі Алена Бабенко коронавирус диагнозымен  ауруханаға жатқызылды. Бұл туралы актриса өзінің Instagram парақшасында хабарлады.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Алена Бабенко (@alena_babenko_official)

Алена Бабенко сырқат екенін сезген бойда "Танцы со звездами" шоуынан кетіп, өзін оқшаулағанын атап өтті.

"Мен өз денсаулығыма ғана емес, достарым мен әріптестерімнің денсаулығына да жауаптымын. Өкінішке қарай, бұл әлгі коронавирус болып шықты", - деді актриса.   

Бабенко аурудың дене қызуының көтерілуі, әлсіздік секілді белгілерін байқаған. Қазір ол ауруханада емделіп жатыр, жағдайы біршама жақсарған.

Ресейлік актриса Алена Бабенко кинода, театрда және телехикаяларда ойнайды. Актриса ондаған рөлді сомдаған. 2013 жылы ол режиссер Ермек Аманшаев пен Георгий Шенгелияның "Параллель әлемдер" Қазақстан-Ресей мелодрамасында ойнады.

24 мамырдағы мәлімет бойынша Ресейде COVID-19 індетін жұқтырған 344 481 адам тіркелді.

0
Кілт сөздер:
актриса, коронавирус
Тақырып бойынша
"Басқаша түсініп қалды": Нұрлан Еспанов коронавирус туралы айтқан сөзін түсіндірді
Әйгілі Голливуд актері әйелі екеуі коронавирус жұқтырғанын мәлімдеді
Коронавирус індеті: COVID-19 жұқтырған танымал адамдар - фото
Танымал қазақстандық әнші төтенше жағдайға байланысты әскерге шақырылды – видео