Блок бекеттегі полицей

Батыс Қазақстанда блок бекетте "Газель" жүргізушісі полицияны қағып кетті видео

933
Медициналық куәландыруға сәйкес жүргізуші мас болмаған, оған қатысты әкімшілік хаттама толтырылды

АЛМАТЫ, 7 мамыр – Sputnik. Батыс Қазақстан облысында "Газель" жүргізушісі блок бекетті айналып өту кезінде соңынан қуған полицияны қағып кетті, деп хабарлайды жергілікті "Мой город" басылымы.

Оқиға 6 мамырда сағат 14.00-де Желаево кенті маңындағы блок бекетте болды.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің ақпаратынша, Бәйтерек ауданының тұрғыны блок бекеттің шлагбаумын айналып өтер кезде полиция қызметкерінің талабына бағынбай, салдарынан тәртіп сақшысы зардап шекті.

"Газель" жүргізушісі полицейдің сол жақ табанын басып кеткен. Полиция қызметкері облыстық клиникалық ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер тексергеннен кейін үйіне жіберілді", - деп мәлімдеді полицияның баспасөз қызметінен.

Тағы оқыңыз: "Тамақ ішуге ұяласың": астаналық жігіт әскери жиынға неге барғанын айтты - видео

"Газель" жүргізушісіне қатысты Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 610-бабы (көлік жүргiзушiнiң адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне әкеп соққан жол жүру ережелерін бұзуы) бойынша хаттама толтырылды.

Медициналық куәландыруға сәйкес жүргізуші мас болмаған.

933
Кілт сөздер:
полиция, жүргізуші, ГАЗель
Тақырып бойынша
Алматыда блок-бекетте екі адамның дене қызуы көтерілгені анықталды
Блок бекет арқылы кіріп-шығуға рұқсат етілген азаматтардың тізімі кеңейтілді
Сотталушы, архивтегі сурет

Тоңазытқыштағы бала өлімі: перзентхананың бұрынғы басшысы сотталып жатыр

401
(Жаңартылды 08:53 28.05.2020)
Сот алдында облыстық перинаталдық орталықтың бұрынғы бес қызметкері жауап беріп жатыр. Орталықтың экс-басшысы қоластындағыларға нәрестені тоңазытқышта қалдыруға тапсырма берген

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр - Sputnik. Атырауда қоғамдық резонанс тудырған, нәрестені тоңазытқышта қалдыруға тапсырма берген перзентхананың бұрынғы басшысына қатысты сот басталды.

Сот алдында облыстық перинаталдық орталықтың бұрынғы бес қызметкері жауап беруде, деп хабарлайды КТК телеарнасы.

Тергеудің мәліметіне сәйкес, перзентхананың бұрынғы басшысының тапсырмасы бойынша нәресте тоңазытышқа жатқызылған. Кейін шетінеп кетті.

Карантинге байланысты процесс онлайн-режимде өтіп жатыр. Сотталушылар байланысқа тергеу изоляторынан қосылды. 

Процеске қатысушылар саны көп болғандықтан, байланыс нашарлай түсті. Тараптар техникалық ақауға байланысты процесті кейінге шегеруді сұрады. Сот өтінішті қанағаттандырмады.

Перинаталдық орталықтың бұрынғы басшысы 8 бап бойынша сотталып жатыр. Олардың ішінде дәрсменсіз халдегі адамды өлтіру бар (бұл бап бойынша 20 жылға немесе өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған). Сондай-ақ, экс-басшының ісі біреудің мүлкін иемдену, алаяқтық, пара беру және алу баптары бойынша қарастырылып жатыр.

Тоңазытқыштағы бала өлімі

2019 жылдың 4 қазанында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Атырау облыстық перинаталдық орталығының жетекшісіне жаңа туған нәрестенің өліміне қатысы бар деген айып тағылғанын хабарлады. 

Перзентханада сәби тірі туған. Алайда дәрігерлердің салғырттығынан құжатта өлі деп жазылады. Олар қатені түзетпеу үшін шақалақты тоңазытқыш камерасында қалдырып кеткен.

Бұл жағдай орталық жетекшісіне қатысты басқа істі тексеру кезінде анықталған. Бұған дейін медициналық мекеменің басшысы жемқорлыққа байланысты ұсталғаны хабарланған еді.

Баланың өліміне қатысты әйелді босандырған акушер-гинеколог та қамауға алынды.

Атырау облысында шыққан шудан кейін денсаулық сақтау басқармасының басшысы қызметінен кетіп, әкімнің орынбасарына қатаң сөгіс берілді.

 

401
Кілт сөздер:
сот, перзентхана, Атырау, бала, тоңазытқыш
Тақырып бойынша
Нәресте тоңазытқыштан табылды: атыраулық дәрігерлердің ауыр қылмысы ашылды
Қазақстанда дәрігерлердің жалақысы 550 мың теңге болады
Дәрігерлердің жаппай вирус жұқтыруына кінәлі басшылар жауапкершілікке тартылады
Перзентханадағы сұмдық: Ноғаев ауруханада қазір не болып жатқанын айтты
Тоңазытқыштағы бала өлімі: облыстық басқарма басшысы қызметінен кетті
Аурухана, архивтегі сурет

Блок бекеттегі апат: үшінші полицейдің жағдайы туралы ақпарат жарияланды

506
Жол апатына кінәлі азамат бұрын полицияда 6 жыл қызмет еткен. Бұл жайында қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов мәлімдеген болатын

АЛМАТЫ, 26 мамыр – Sputnik. Алматы қоғамдық денсаулық басқармасы блок бекеттегі жол апатында зардап шеккен үшінші полицейдің жағдайы туралы айтты.

Полиция департаментінің есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Ербұлан Сейдазым жарақат алғаннан кейін №7 қалалық клиникалық аурухананың жансақтау бөліміне жеткізілді.

"Науқас аралас жарақат алған, бас сүйек-мидың жабық жарақаты, ауыр дәрежедегі бас миының соғылуы, желкеге пластиналы эпидуральды қан құйылуы, желке сүйегінің сынуы, сол жақ бет қаңқасының сынуы, бастың, беттің, белдің жұмсақ тіндерінің соғылуы диагнозы қойылды", - деді Алматы денсаулық басқармасында.

Хирургтардың консилиумынан кейін зардап шеккен азаматқа бас сүйегінің резекциялы трепанациясы жасалды, сондай-ақ бас сүйегінің жіті гематомасын алып тастады.

"Жағдайы ауыр. Бүгін миына томография жүргізілді. Науқас жасанды тыныс алу аппаратына қосылған", - деп атап өтті Алматы қоғамдық денсаулық басқармасы.

Реанимация бөлімінде қарқынды терапия жалғасып жатыр.

Алматыдағы блок бекетте болған трагедия

25 мамырда Көксай шағын ауданындағы Жаңа ғасыр мен Қожабеков көшелерінің қиылысындағы №4 блок бекетте BMW автокөлігінің жүргізушісі алдымен блок бекет қоршауына, содан кейін екі полицей отырған патрульдік көлікке соқтығысқан.

42 жастағы полицей Жарас Жанғазиев оқиға орнында қаза болды. Ал 26 жастағы екінші полицей Дастан Әбдіқанов ауруханада есін жимастан көз жұмды.

Ережеге бағынбаған азаматтың ішімдік ішкені расталды. Ол Алатау ауданының тұрғыны болып шықты. Оқиға салдарынан зардап шеккен тағы бір полиция қызметкері ауруханада ауыр халде жатыр.

Бұрын полицияда жұмыс істеген

Жол апатына кінәлі азамат бұрын полицияда 6 жыл қызмет еткен. Бұл жайында қалалық полиция департаментінің басшысы Қанат Таймерденов мәлімдеді. Айтуынша, кінәлінің ішкі істер органдарында қызметінен босатылуына өз міндетін дұрыс атқармағаны үшін төрт рет сөгіс алғаны себеп болған.

1994 жылы туған кінәлінің үстінен екі және одан да көп адамды өлтіру фактісі бойынша қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (бұл бап бойынша 15 жылдан 20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру не өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалады).

Күдікті қамауға алынды.

506
Кілт сөздер:
денсаулық, полицей, бекет, Алматы
Тақырып бойынша
Марқұм полицейдің әйелі мас жүргізуші туралы: ол күйеуіммен бірге істеді  
Алматыда екі полицейдің өмірін қиған апаттың куәгері: жедел жәрдем кеш келді
Алматы тұрғыны блок бекетті бұзып өтпек болды: полицей көз жұмды
Алматы блок бекетіндегі апат: екінші полицей көз жұмды
Блок бекеттегі апат: үшінші полицей жансақтау бөлімінде жатыр
Сыбайлас жемқорлық

Сөмкесінен екі бума ақша шықты әкімдіктің лауазымды тұлғасы ұсталды

0
(Жаңартылды 13:49 28.05.2020)
Әкім аппаратының жетекші қызметкері мердігерлік ұйымдардан 1,9 миллион теңгені алу кезінде ұсталған

НҰР-СҰЛТАН, 28 мамыр – Sputnik. Ақтөбе қаласы әкім аппаратының лауазмды тұлғасы парамен ұсталды. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі шенеунікті ұстау видеосын жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Видеода құқық қорғаушылардың сөмкеден екі бума ақшаны алып шыққанын көруге болады. 10 000 теңгелік купюраларды үш үстелге жайып тастады. 

Агенттіктің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Биғайдаровтың айтуынша, ұсталған шенеунік – "Ақтөбе қаласы әкімінің аппараты" мемлекеттік мекемесінде істейтін жетекшілердің бірі. Ол мекеме қызметкерлері мен жеке кәсіпкерлермен алдын ала сөз байласу арқылы 9,9 миллион теңгенің бюджет қаражатын жымқырғаны үшін айыпталып отыр.

"Лауазымды тұлға 2019 жылдың қазан айы мен 2020 жылғы наурыз айы аралығында мемлекеттік сатып алулар бойынша жалған келісімшарттар жасап, бюджет қаражатын ұрлаған. 6 наурыз күні ол мердігерлік ұйымдардан 1,9 миллион теңгені алу кезінде ұсталды", – дейді Биғайдаров.

Оның айтуынша, шенеунікті екі айға қамауға алды. Тергеу шаралары жалғасуда. Соңғы шешімді сот шығарады.

Оқи отырыңыз: Серік Сәпиевтің орынбасары ұсталды – видео

0
Кілт сөздер:
пара, сыбайлас жемқорлық, Ақтөбе
Тақырып бойынша
Қазақстан сыбайлас жемқорлық деңгейі жоғары елдердің қатарынан шықты
Ата-аналардан жиналған ақша қандай жағдайда жемқорлық болып есептеледі?
Шпекбаев: күн сайын жемқорлық туралы 50-100 хат келеді
Жемқорлық үшін бірінші басшы жазаланады - Тоқаевтың тапсырмасы қалай орындалып жатыр?
Жемқорлық үшін бірінші басшы жазаланады – мәжіліс заң жобасын мақұлдады