Оқиға

Ақтөбе тұрғыны ерекше тәсілмен ұрлық жасады

© Sputnik / Владислав ВодневМобильный телефон в руке, архивное фото
Мобильный телефон в руке, архивное фото - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Ұсталған адамның бұрын бірнеше рет сотталғаны анықталды. Полицияға оған алданған адамдардан алты арыз түсті

АЛМАТЫ, 20 мамыр – Sputnik. iPhone телефонына қатысты алты алаяқтық іске қатысы бар деген күдікпен 34 жастағы Ақтөбе тұрғыны ұсталды.

Алаяқ жүзін медициналық маскамен жасырып, өте шебер әрекет еткен. Ол iPhone телефонын сатқысы келгендерді алдаған, деп хабарлады Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

5 сәуір күні ер адам бір күнге пәтер жалдаған. Iphone11 ұялы телефонын сатқысы келетіндердің хабарландыруын көріп, телефонды сатып аламын деген сылтаумен пәтерге шақырған. Сатушыны медициналық маска тағып қарсы алған. Телефон иесін ас үйге кіргізіп, телефонды залда отырған әйеліме көрсетемін деп қашып кеткен. Шығын – 705 мың теңге.

Оқи отырыңыз: WhatsApp-тағы чаттарға қосылған 300-ге жуық адам сан соғып қалды

6 сәуірде алаяқ 1999 жылы туған басқа ақтөбелікті сан соқтырады. Алаяқ пәтерді "Батыс-2" шағын ауданында жалдаған. Бұл жолы да  телефон иесін алдап кеткен. Шығын – 365 мың теңге.

"Қазір күдіктіге қатысты алты арыз келіп түсті. Ол тергеу изоляторына қамалды. Күдіктінің бұрын бірнеше рет сотталғаны анықталды. Аталған фактілер бойынша Қазақстан қылмыстық кодексінің 190-бабы 3-бөлімі ("Алаяқтық") бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - делінген ақпаратта.

Сонымен қатар полиция алаяқтан зардап шеккендерді полицияға хабарласуды сұрады.

Жаңалықтар
0