Терминал, архивтегі фото

Талдықорғанда ер адам төлем терминалын ұрлап кетті видео

133
(Жаңартылды 15:02 22.05.2020)
Күдіктіден ұрланған терминал мен сол аппараттан шыққан ақшаның бір бөлігі – 200 жүз мың теңге тәркіленді

НҰР-СҰЛТАН, 22 мамыр – Sputnik. Талдықорғанда ер адам ойын-сауық орталықтарының бірінде тұрған төлем терминалын ұрлап кеткен. Қаскөй ішіндегі ақшаның бір бөлігін пайдасына жаратып үлгеріпті.

Талдықорған қаласының Шығыс қалалық полиция бөлімшесінің кезекші бөліміне төлем терминалының ұрланғаны туралы хабар 20 мамыр күні түскен, деп хабарлады Polisia.kz.

"Қылмыстың ізін суытпай Сарқан ауданының 31 жастағы тұрғынын ұстадық. Күдіктіден ұрланған терминал мен сол аппараттан шыққан ақшаның бір бөлігі – 200 жүз мың теңге тәркіленді. Күдікті ұрлық жасағанын толық мойындады. Терминалды жалғыз өзі далаға шығарып, таксиге тиеп алып, жалдамалы пәтеріне алып барған", – дейді қалалық полиция басқармасының басшысы Асқар Нұрсапа.

Қылмыскер такси жүргізушісіне терминалдың өз меншігі екенін және оны басқа жерге жеткізу керек болғанын айтқан.

Оқи отырыңыз: Алматы облысында қылмыстық топ құрықталды

"Жалдамалы пәтерде қолда бар құралдарын пайдаланып, терминалдың ақша салынған бөлігін сындырған. Ішінен шыққан ақшаның көп бөлігін қажетіне жұмсап үлгеріпті. Қалғанын біз тәркіледік", – деп жалғастырды басқарма басшысы.

Қолға түскен тұрғын 2012 жылы да қарақшылық жасағаны үшін сотты болған екен. ҚР ҚІЖК 128-бабына сәйкес уақытша ұстау изолияторына қамауға алынды. Енді ол бүлінген терминалды және одан ұрланған ақшаны өтеуі қажет.

133
Кілт сөздер:
видео, ұрлық, Талдықорған
Тақырып бойынша
40 минут ішінде 3 дүкенді тонаған: Қарағандыда әккі ұрылар іздестіріліп жатыр – видео
Ордабасы тұрғыны көшеде келе жатып, ұрланған көлігін танып қойды  
Белгісіз біреулер 13 миллион теңгені ұрлау үшін Нұр-Сұлтан тұрғынын аңдыған
Талдықорғанда екі жігіт аса қауіпті қылмыскерді ұстады
Ақтөбе тұрғыны ерекше тәсілмен ұрлық жасады
Рельстен шығып кеткен вагон, архивтегі сурет

Қостанай облысында 23 вагон рельстен шығып кетті: оқиғаның мән-жайы

6
(Жаңартылды 13:15 25.05.2020)
Қазіргі кезде апаттың себеп-салдарын анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылып, оқиға орнында қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр

АЛМАТЫ, 25 мамыр – Sputnik. Қостанай облысындағы Құсмұрын – Тобыл теміржол учаскесінің Қазанбасы – Апановка өткелінде жүк пойызы рельстен шығып кетті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұл учаскеде жылжымалы құрамның жылдамдығы сағатына 70 шақырымнан аспауы тиіс деп белгіленген. Машинист осы талапты сақтаған.

"Локомотив манометрі мәліметтері бойынша вагондар арасында ауа қысымының төмендеуіне байланысты Қазанбасы – Апановка теміржол өткелінде жүк пойызының машинисі шұғыл тежегішті пайдаланған. Соның салдарынан бірнеше вагон рельстен шығып кетті", – делінген "Қазақстан теміржолы" ұлттық компаниясының баспасөз хабарламасында.

Оқиға жексенбі, 24 мамырда сағат 14.40-те болған.

"Локомотив бригадасы жүргізген тексеріс нәтижесінде 23 вагонның рельстен шығып кеткені анықталды. Байланыс бағаналары мен теміржол төсемдері де зақымданған. Қазіргі кезде апат зардаптарын жою жұмыстары жүргізіліп жатыр", – деп мәлімдеді компанияның баспасөз қызметі.

Оқи отырыңыз: Пойыз апаты: сақтандыру өтемақысын қалай алуға болады?

Апаттың себеп-салдарын анықтау мақсатында "Қазақстан теміржолы" АҚ мен "Жүк тасымалы" АҚ жетекші мамандарының қатысуымен арнайы комиссия құрылды.

6
Кілт сөздер:
вагон, теміржол, Қостанай облысы
Тақырып бойынша
Анкарадағы ірі апат: жүрдек пойыз рельстен шығып кетті
Қарағанды ​​облысында боран кезінде жолаушылар пойызы рельстен шығып кетті
Шығыс Қазақстанда он екі вагон рельстен шығып кетті
Пойыз апаты: сақтандыру өтемақысын қалай алуға болады?
Пойыз апаты: министр автобуста қалып қойған әйелдің аты-жөнін жариялады  
 Архивтегі фото

Ақтөбе облысында ер адам өртеніп жатқан үйден жеті адамды құтқарды

8
(Жаңартылды 12:45 25.05.2020)
Өрт тұрғындар ұйықтап жатқанда, таңертең ерте шыққан. Көршілердің бір үйдегі адамдарды, оның ішінде жүкті әйел мен үш баланы өрттен аман алып қалды

НҰР-СҰЛТАН, 25 мамыр – Sputnik. Ақтөбе облысының Темір ауданындағы Шұбарқұдық ауылында ер адам өрттен жеті адамды алып шықты, деп хабарлады төтенше жағдайлар комитетінің баспасөз қызметі.

Оқиға 23 мамыр күні таңғы бесте болған.  

Көрші тұратын Медет Қалмұханов өртті байқап қалып, өрт сөндірушілер келгенге дейін терезені сындырып, үйге кірген. Ер адам жеті тұрғынға сыртқа шығуға көмектескен, олардың үшеуі бала, біреуі жүкті әйел.

Оқи отырыңыз: Үй отқа оранды - балаларды құтқарған астаналықтың аты-жөні айтылды 

"Қажет кезде қажет жерден табылғаныма өте қуаныштымын!", - дейді Медет.

Алғашқы өрт сөндіру бөлімдері оқиға орнына төрт минут ішінде жеткен. 100 шаршы метрден астам үйдің шатыры мен дәліз отқа оранды. Өрт сағат 05.04-те ошауланып, 05.56-да сөндірілді.  

8
Кілт сөздер:
Ақтөбе облысы, өрт
Тақырып бойынша
Алматыда ірі тұрғын үй кешені өртенді – видео
"Көршілер айқайлады": Алматылық әйелін құтқару үшін отқа оранған үйге кіріп кеткен
Елордада өрт сөндірушілер коронавируспен күресуге көшеге шықты – видео
Кореяда адамдарды өрттен құтқарған қазақстандыққа күтпеген ұсыныс жасалды
Нұр-Сұлтанда балаларды жанып жатқан көліктен құтқарған ер адам марапатталды

Дональд Трамп АҚШ Ашық аспан келісімінен шығатынын жариялады - видео

0
АҚШ Ашық аспан келісімінен шықпақ. Бұл туралы президент Дональд Трамп жариялады, оның айтуынша, Ресей келісімнің шарттарын сақтап отырған жоқ

Бірақ Мәскеу Вашингтонның таққан айыбын жоққа шығарды және Ресейдің келісімнен бас тартпайтынын мәлімдеді. 

0