Оқиға

Көкшетауда тергеу басқармасының басшысы көз жұмды

© Sputnik / Владислав ВодневПолиция автокөлігі
Полиция автокөлігі  - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алдын ала мәлімет бойынша автокөлік айдаған 30 жастағы полицей рөлге ие бола алмай, жыраға аударылған

НҰР-СҰЛТАН, 2 маусым – Sputnik. Көкшетауда полицияның тергеу басқармасының басшысын жерлеу рәсімі өтті. Полицей жол апатынан көз жұмған, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.

Жол апаты 31 мамыр таңғы сағат бесте Көкшетау-Рузаевка автожолында болды.

Автокөлікте үш адам: жүргізуші мен екі жолаушы болған.

"Алдын ала мәлімет бойынша, Toyota Camry тізгіндеген 30 жастағы жүргізуші рөлге ие бола алмай, жыраға аударылған. Жол апаты салдарынан көлік жүргізушісі оқиға орнында қаза болды, екі жолаушы ауруханада жатыр", - деп мәлімдеді Ақмола облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінен.

Тағы оқыңыз: Атырау облысында жедел жәрдем бригадасы көз жұмды

Марқұмның отбасы болғаны белгілі. Жерлеу рәсімі 2 мамыр таңертең өтті.

Бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы 3-тармағы "Көлiк басқаратын адамдардың жол қозғалысы немесе көлiкті пайдалану қағидаларын бұзуы" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.

Жаңалықтар
0